Қаулы етеді


-тарау. Өмірлік қиын жағдайдағы адамға (отбасына) әлеуметтік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру



бет4/5
Дата26.08.2020
өлшемі22,82 Kb.
#76923
1   2   3   4   5
Байланысты:
Әлеуметтік қызметтер туралы

4-тарау. Өмірлік қиын жағдайдағы адамға (отбасына) әлеуметтік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру

       12-бап . Өмірлік қиын жағдайдағы адамның (отбасының)
               құқықтары мен міндеттері
      1. Өмірлік қиын жағдайдағы адамның (отбасының):
      1) өзінің құқықтары, міндеттері мен әлеуметтік қызметтерді көрсетудің шарттары туралы ақпарат алуға;
      2) әлеуметтік қызметтерге қажеттілігіне бағалау жүргізу мен айқындауға өтініш беруге;
      3) әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктерін тексеру, бағалау және айқындау процесіне қатысуға;
      4) ақылы негізде жалпы және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді таңдауға;
      5) әлеуметтік қызметтерді алуға немесе олардан бас тартуға;
      6) лауазымды адамдардың немесе жалпы және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін өзге де субъектілердің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған мемлекеттік органдарға және сотқа шағымдануға;
      7) лауазымды адамдарға немесе жалпы және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін өзге де субъектілерге мәлім болған жеке сипаттағы ақпараттың құпиялылығына құқығы бар.
      2. Өмірлік қиын жағдайдағы адам (отбасы):
      1) әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін айқындау және оларды көрсетуге шешім қабылдау үшін толық және дұрыс ақпарат ұсынуға;
      2) әлеуметтік қызметтерге қажеттілікке бағалау жүргізу мен айқындау процесіне кедергі келтірмеуге;
      3) жергілікті атқарушы органдарды немесе жалпы және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін өзге де субъектілерді оларды көрсетуге әсер ететін мән-жайлардың өзгерісі туралы уақтылы хабардар етуге міндетті.

       13-бап . Өмірлік қиын жағдайдағы адамның (отбасының)
               әлеуметтік қызметтерді көрсетуге өтініш беруі
      1. Әлеуметтік қызметтерді көрсетуге өтініш беру осы Заңның 6-бабында көзделген негіздемелер туындаған кезде жүзеге асырылады.
      2. Адам (отбасы) жазбаша өтініш беру арқылы жалпы және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуға жергілікті атқарушы органдарға не жалпы және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектіге өтініш береді.
      3. Адамның (отбасының) мүддесі үшін адамға (отбасына) әлеуметтік қызметтерді тағайындау туралы өтінішті, адам (отбасының ересек мүшелерінің біреуі) немесе оның қамқоршысының, қорғаншысының өздігінен өтініш бере алмау себебін көрсете отырып, өзге де мүдделі адамдар бере алады.

       14-бап . Әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және
               айқындау
      1. Өмірлік қиын жағдайдағы адамның (отбасының) әлеуметтік қызметтерге бағалауын және қажеттілігін әлеуметтік қызметкерлер белгілейді.
      2. Қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүргізу кезіндегі өлшемдер:
      1) тыныс-тіршілігінің шектелуі;
      2) әлеуметтік бейімсіздену;
      3) әлеуметтік депривация;
      4) әлеуметтік орта болып табылады.
      3. Қажеттілікті бағалау мен айқындау негізінде қызметтің түрі, алушының санаты, қызмет көрсетілетін жер, қызметтің көрсетілу ұзақтығы, қызметтің мазмұны, жеке ерекшеліктері, әлеуметтік қызметті көрсететін маман/мекеме айқындалады.
      4. Әлеуметтік қызметкер өмірлік қиын жағдайдағы адамның (отбасының) тұрғылықты жері бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін бағалауды және айқындауды халықты әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдар бірлесіп бекіткен тәртіппен жүргізеді.

       15-бап . Әлеуметтік қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері
      1. Әлеуметтік қызметкер:
      1) әлеуметтік қызметтердің қажеттілігін дұрыс айқындау үшін мемлекеттік органдардан және өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдардан (отбасылардан) қажетті құжаттарды сұратуға;
      2) әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалауды жүргізу үшін қажетті мамандарды тартуға құқылы.
      2. Әлеуметтік қызметкер:
      1) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп бекіткен оларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуге;
      2) еңбек (қызметтік) міндеттемелеріне сәйкес әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалауды жүргізуге және айқындауға немесе әлеуметтік қызметтер көрсетуге;
      3) әлеуметтік қызметтер көрсету жөнінде шаралар қабылдауға;
      4) әлеуметтік қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау нәтижелері бойынша қорытынды (бұдан әрі - қорытынды) дайындауға міндетті.
      3. Әлеуметтік қызметкерлер мамандықтарының тізбесін, оларды даярлау және біліктілігін арттыру стандарттарын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      4. Әлеуметтік қызметкерлердің әлеуметтік қызметтердің қажеттілігін бағалау мен айқындау жөніндегі қызметі халықты әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдар бірлесіп бекітетін тәртіпке сәйкес аттестатталуға тиіс.

       16-бап . Әлеуметтік қызметтер көрсету
      1. Әлеуметтік қызметтер көрсетуді әлеуметтік қызметтерді көрсететін субъектілер жүзеге асырады.
      2. Әлеуметтік қызметкер дайындаған қорытындының негізінде жергілікті атқарушы орган тегін арнаулы әлеуметтік қызметтің кепілді көлемін көрсету туралы немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Шешім қорытынды алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданады және мәлімет үшін әлеуметтік қызметтер көрсетуге өтініш берген адамға (отбасына) жіберіледі.
      Тегін арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін көрсетуден бас тартылған жағдайда қажеттілікті бағалау мен айқындау жүргізу үшін ұсынылған құжаттар қайтарылады.
      3. Әлеуметтік қызметтерді көрсетуден бас тарту үшін:
      1) осы Заңның 6-бабында көрсетілген негіздерге сәйкессіздігі;
      2) ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың жалғандығы негіздеме болып табылады.
      4. Тегін арнаулы әлеуметтік қызметтің кепілді көлемі әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы шешім қабылданған күннен бастап көрсетіледі.
      5. Әлеуметтік қызметтерді көрсететін субъектілердің мемлекеттік емес секторда ақылы әлеуметтік қызметтерді көрсетуінің шарттары мен тәртібін олар өздері белгілейді.

       17-бап . Жалпы және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтер
               көрсететін субъектілердің құқықтары мен міндеттері
      1. Жалпы және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер:
      1) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған конкурстарға Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қатысуға;
      2) ақылы негізде әлеуметтік қызметтер көрсетуге;
      3) қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындауды жүргізу үшін қажетті ақпаратты барлық органдар мен ұйымдардан сұратуға және алуға құқылы.
      2. Жалпы және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер:
      1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік стандарттарды сақтауға;
      2) қызметтер көрсету үшін қажетті жағдай жасауға;
      3) қызметтерді тұтынушылар мен олардың отбасылары мүшелерінің абырой-беделін сыйлауға;
      4) қызметтерді тұтынушылар мен олардың отбасыларына қатысты адамгершілік көрсетуге және кемсітушілік іс-әрекеттерге жол бермеуге;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуметтік қызметтер көрсету кезіндегі құпиялылықты қамтамасыз етуге;
      6) әлеуметтік қызметкерлерді даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге міндетті.

       18-бап . Әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті
               лицензиялау
      Жекелеген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиіс.

       19-бап . Жалпы және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтер
               көрсететін субъектілерді қаржыландыру
      1. Жалпы және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді мемлекеттік секторда қаржылық қамтамасыз ету:
      1) бюджет қаражатының;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік емес секторда жалпы және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді қаржылық қамтамасыз ету:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражатының;
      2) ақылы негізде әлеуметтік қызметтер көрсеткені үшін алынған қаражаттың;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет