«Бекітемін» «Келісемін» ӘБ отырысында Мектеп директоры: Мектеп директорының қаралды.ӘБ
............Ә.Ә.Тойланбаев бағдарлы оқу-ісі орынбасары: жетекшісі:
« » .............. 20.... жыл ..................Ш.А.Мәдікенова ........Т.А.Шойынбаев
«Қазақ құқығы» курс бағдарламасы
10- сыныпқа арналған
(Қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
Құрастырған тарих пәні мұғалімі: Т.А.Шойынбаев
Саудакент ауылы
«Қазақ құқығы» курсын оқыту және курсты аяқтау формасы. «Қазақ құқығы» курсын оқыту барысында қолданылатын оқыту формасы алуан түрлі болуы керек. Бірсарынды оқыту әдісі оқушылар- ды жалықтырып жібереді. Сондықтан оқыту әдісі де әртүрлі болуы керек.
Курсы оқыту формалары:
БАҚ мәліметтерін пайдалана отырып , өзіндік ой-пікірлерін айтқызу.
Курс оқылып болған соң оқушылар өздері таңдап алған немесе
мүғалімнің нұсқауымен келіскен формада сынақ тапсырады.Курс бойынша алынатын сынақтардың нәтижелері «Құқықтану негіздері»
пәнінің қорытынды бағасын шығаруда есепке алынады.
Курсты оқытуды аяқтау формалары:
Тақырыптар бойынша рефераттар мен баяндамалар дайындау;
Құқық (ағылш.1. law (наука); 2. right) – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіпережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. Құқық мазмұнының негізгі элементтері: - қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау; - қарым-қатынастарды реттеп, басқару; - қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту; - мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару. Құқықтың екі түрлі түсінігі болады:
А) біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;
Б) екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.
Объективті құқық – бұл мемлекет белгілеген, қамтамасыз ететін, кепіл болатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формалды анықталған құқық нормаларының жүйесі.Объективті құқық - бұл белгілі бір кезеңдегі нақты мемлекеттің заңнама, құқықтық әдет – ғұрыптар, заң преценденттері және нормативті шарттар. Ол объективтілігі жеке адамның сана – сезімне байланысты еместігімен және оған тиесілі еместігімен түсіндіріледі.
Субъективті құқық – бұл тұлғаның өз мүдделерін қанағаттандыруға ар-налған заңды мүмкін болатын мінез – құлықтарының өлшемі. Субъективті құ-қықтарға адамның нақты құқықтары жатады (еңбек етуге құқық, білім алуға құқық және т.с.). Ол субъективтілігі субъектімен тікелей байланыстылығымен және оған тиістілігімен және оның сана – сезіміне, ерік –жігеріне тәуелдігімен түсіндіріледі.
Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Жоғарыда айтылғандай, құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.
1- бөлім. Адам.Қоғам және құқық. Тақырыбы:Адам-қайталанбас тұлға. Сабақтың мақсаты :
Адам мәселесі деген кешенді ұғымның мәнін ашу, адам туралы тұжырымдарды талқылау,оқушылардың санасына адами қасиеттерді дарыту.