Қазақ тілі бойынша 4 «А» класс оқушыларына арналған Мұғалімі: Мусаев Азамат Айбекұлы 2016-2017 оқу жылы



бет12/12
Дата26.08.2017
өлшемі3,18 Mb.
#29024
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Сабақтың түрі: ізденген сабақ 
Сабақтың әдістері: топпен жұмыс 
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту 

Психологиялық дайындық 


Үлкенге де «Сіз» 
Кішіге де «Сіз» 
Сәлем бердік сіздерге, 
Құрметпенен «Біз» 

Балалар көңіл-күйлерің қалай? 


Сабаққа дайынсыңдар ма? 
Ендеше сабақ басталды. 

Ребус шешу. Ребус арқылы жаңа сабақты ашу. 


`````` ```` ````К 
``` `` ``` Ң 
Ребустың шешуі: Өтірік өлең 

Мұғалім: Сонымен балалар, бүгін жаңа сабағымыздың тақырыбы:«Өтірік өлең» 



IV. Жаңа сабақ. 
Өтірік сөзін қалай түсінесіңдер? 
Өтірік туралы қандай мақал білесің? 
Өтiрiк өлең – қазақ халық поэзиясындағы ерекше қызғылықты, балалар құмарта тыңдап, қызыға жаттап алатын фольклорлық жанр. Өтiрiк өлеңдi бүлдiршiндер ғана емес, үлкендер де сүйсiне тыңдайды, тiптi бүгiнгi айтыста да бұл жанр тiрiле, жаңа қырынан танылып жүр. Тiптi, теледидар бағдарламаларына да арқау болып жүр. Сол сияқты халық «Тазша баланың қырық өтiрiгi» жөнiндегi ертегiнi де ұрпақтан-ұрпаққа қастерлей жеткiзiп келедi. Бұл өтiрiк өлеңнiң қазақ фольклорындағы көне де, дәстүрлi жанр екендiгiн көрсетедi. Қазақ өтiрiк өлең нұсқаларының хатқа түсе бастауы ХIХ ғасырдың екiншi жартысынан басталады. Оның алғашқы нұсқасын В.В.Радловтың қазақ фольклорына арналған жинағынан кезiктiремiз. Өтiрiк өлең үлгiлерiн жинап бастыруға Ә.Диваев, С. Сейфуллин, I.Жансүгiров сияқты белгiлi адамдар да ат салысқан. Бұл орайда, әсiресе, I.Жансүгiров құрастырып, алғысөз жазған «Ел өтiрiгi» атты жинақты ерекше атаған жөн.Соның ішінде «Тазша баланың қырық өтірігі»деп аталатын күлдіргі ертегісіндегі басты кейіпкер Тазша бала мен хан. 
Соның ішінде Тазша Бала - қазақтың күлдіргі тұрмыс-салт ертегілеріндегі басты кейіпкер. Бұған ұқсас нұсқалар өзбек, татар, қарақалпақ, түрікмен, хақас, бурят, моңғол халықтарының ауыз әдебиетінде де кездеседі. Қазақта тағыда басқа туралы ауыз әдебиетінде "Қу тазша", "Ақылды тазша", "Айлалы тазша", "Тазшаның қырық ауыз өтірігі", "Хан қызы мен Тазша", тағы да басқа ертегілер бар. Бұлар тағы да басқа халық арасынан шыққан ақылды, алғыр, айлалы, тапқыр, өжет жігіт ретінде суреттеледі.Осы ертегіде Тазша бала қырық өтірікті мүдірмей айтып шығып, ханның тосыннан қойған тосқауыл сұрақтарына да тапқырлықпен жауап береді. Баланы сүріндірмек болған хан қырық ауыз өтірік айт, –дейді.Тазша бала бұған да мүдірмей жауап беріп, мақсат мұратына жетеді.. Бізге беріліп отырған өтірік өлең сол Тазша баланың қырық өтірік ертегісінен аланған. Толық нұсқасы 24 шумақ, сендердің жас ерекшеліктеріне қарай 3 шумағы берілген.Толық нұсқасымен 5 сыныпта танысасыңдар. 

V.Оқулықпен жұмыс 
Оқушыларға мәнерлеп, шумақтап, тізбектеп, жалғастыра оқыту. 
Сөздік жұмыс. 
Сырық-ұзын таяқ. 
Өтірік өлең түсініктемесін оқыту. 
Сергіту сәті 
Бір, екі, үш, 
Бойға жинап күш, 
Қолға қалам аламыз, 
Әдемі етіп жазамыз. 
Кілең «Бестік» аламыз. 

IV. Дәптермен жұмыс. 
Өтірік өлеңдер 
Өтірік өлеңді оқыту, мазмұнын түсіндіру, оқушылармен талдау. 
Мектеп құралдары, мектеп, мектеп өмірінен қызықты өтірік өлең құрастырту. 
Менің өтірігім 
Қандай?_____ағаш басында мектебім бар, 
Көлікпенен кім?______ не істедім?_____ жолы тап-таза. 
Бұтақ алып, неге? _______ жазу жазып, 
Ұясына қанша?____ненің?______ отырып ап. 

Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сұрақ қою арқылы 
Сонымен балалар, қандай тақырыппен таныстық? 
Өтірік өлең қай кезде айтылады? 
Қай ертегіден үзінді оқыдық? 
Өтірік өлең не үшін жазылады? 
Оқушыларды бағалау: жауап беруіне қарай 

Күні: 15.04.2017ж Пәні: Сөзжасам Класы: 4 А Мұғалімі: Мусаев А.А

Тақырыбы: Сурет сөйлей жөнелді. Сурет бойынша мәтін құрастыру.

Мақсаты: Сурет бойынша әңгіме құрастуру арқылы сұрақтарға жауап беруге үйрету; сурет бойынша тиянақты жеткізе білуге баулу. Балаға өз ойын жүйелі түрде айта білуге үйрету арқылы зейінін дамыту. Мектепте достарымен, үлкендермен қарым-қатынаста кішіпейіл болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, ароматерапия.

Сөздік жұмыс: байтағым, баулып.

Көрнекліктер: суреттер, слайдтар.

Сабақ барысы:

Іс әрекет кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Іздену-ұйымдастырушы кезеңі

«Шаттық шеңбері»

-Менің мектебімнің шаңырағы биік болсын!

-Менің балабақшамның іші ойыншықтарға толы болсын!

-Менің мектебімнің іші күлкіге, сәбиге толы болсын!

Дидактикалық ойын: «Кім болам?»

Ойын шарты: балалардың ішінен «тілші» сайланады. Тілші болып сайланған бала басқа балаларға «Болашақта кім боласың?» деген сұрақты қойып, олардан сұхбат алады. Балалардың қалауы бойынша «тілші» рөлі ауысып отырады.

Тыныштық сәті:

Көздерін жұмып, өз алдарына балабақшаны, ойын алаңын елестетеді. Аулада өсіп тұрған гүлдердің «иісін иіскейді»

Дәптердің 4-5 беттердегі суреттер бойынша әңгіме құрастыру. Тірек сөздер: ойын бөлмесі, тәрбиеші, ойыншықтар, ойын алаңы, құм, сырғанау, әткеншек, шелек.

Н.Әлімқұловтың

«Балабақшам-байлығым» атты өлеңін оқыту. Өлеңнің мазмұнына сәйкес суреттер, слайд көрсету

Сергіту сәті:

Бала-бала баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа батамыз да қаламыз.

Үйренеміз өнер біз,

Шетімізден шеберміз.

Тақпақ айтып, ән де айтып, би де билеп береміз.

Дәптермен жұмыс.

Тәрбиеші үзік сызықтарды қалай қосып сызу керектігін және штрихтауды тақтада көрсетеді.

-Балалар сендермен сабақта немен шұғылдандыңдар, нені үйрендіңдер?

Сабақты қорытындылау.

Күні: 22.04.2017ж Пәні: Сөзжасам Класы: 4 А Мұғалімі: Мусаев А.А

Сабақтың тақырыбы: Қызық оқиғалы әңгіме.



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тілін әрі қарай дамыту үшін жаңа сөздерді пайдалана отырып,сөздік қорын молайту.

Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу әрекетін,есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдістері:Сұрақ-жауап, аударма, түсіндіру, жаттығу, тыңдап түсіну, диалог

Пәнаралық байланыс:Орыс тілі

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бағалау парақтары

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру.

  1. Тренинг (3 минут)

  2. 2 топопқа бөліну (2 минут)

  3. ыстық орындық (3 минут)

  • Сәлелеметсіндер ме, балалар!

  • Бүгін ауа райы қандай?

  • Қазір қандай жыл мезгілі?

  • Көктем айларын кім айтады?

  • Апта күндерін кім біледі?

  • Бүгін аптаның қай күні?

  • Сенің атың кім?

  • Сен неше жастасың?

  • Сен нешінші сыныпта оқисың?

  • Қазір қандай сабақ?

  • Қазақ тілі нешінші сабақ?

  • Сен қайда тұрасың?

  • Бүгін сыныпта кім кезекші?

  • Бүгін сыныпта кім жоқ?

  • Бүгін нешесі?

  • Дәптерлерге бүгінгі күнін жазып алыңдар.

  1. Үй жұмысын тексеру. (4-5 минут)

Жаңылтпашты айту

Шалғы сап,

Шөп шап.

Шөп шапсаң, көп шап.

Көп шапсаң, шапшаң шап,

Шапшаң шапсаң,

Шаршап жат.


  1. Сабақтың мақсатын, барысын айту

Алдымен, балалар, біз екі топқа бөлінеміз.

  1. Сөздік жұмысы (3-4 минут)

  • Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталады

  • Оқушылар сөздерді тізбектеп айтып шығады

  • Ойын арқылы сөздікті пысықтау

  1. Тапсырмалармен жұмыс

Оқушылар екі топқа бөлініп отырады. 1-тапсырмадағы мәтінді алдымен мұғалім дауыстап оқиды. Содан кейін оқушылар іштен оқып шығады да, бірнеше оқушы дауыстап оқиды. Мәтінді аудару жұмысын топтар арасында өткізу . Ол үшін оқушыларға қазақ тілінде жазылған мәтін және орыс тіліне аударылған сөйлемдер беріледі. Оқушылар мәтінге қарап, дұрыс аудармасын тауып, кесілген сөйлемдерді ретімен параққа желіммен жабыстырады. Осы тапсырмаға 5-7 минут беріледі.

Тапсырманы орындағаннан кейін екі топ кезекпен сөйлемдерді (алдымен қазақша, содан кейін оның аудармасын) оқиды. Дәл сол уақытта дұрыс-бұрыстығын анықтау. (5 минут)



Сергіту сәтті

Тербеледі ағаштар

Жел бетіме еседі

Кіп кішкентай ағаштар

Үп үлкен боп өседі

2-тапсырма. Осы мәтіннен септік жалғауы бар сөздерді теріп жазу. (жалғауды белгілейді және қай септікке жататынын анықтайды. (Балқштың-і.с., бойында –ж.с., көлдің, жағасында, қасында, Егордың, үйіне, тамақтан, далаға, көлді, қораға, құйрығымен, аяғымен, бастырманың, астына, астында, соналарға, сонадан, тауықтарды). (10 минут)



  • Ал балалар біз мәтінді оқыдық па? (оқыдық!)

  • Мәтін бойынша аудару жұмысы болды ма? (иә!)

  • Септік жалғаулырды еске түсірдік пе? (иә!)

  • Не қалды? (Қаратпа сөз қайталау )

  • Тақтаға қарандар (қайталау).

3-тапсырма. Қарапта сөздерді пайдалана отырып, мәтіннен үш сөйлем жаз. (әр сызба бойынша) (5 минут)

  1. Қорытынды

  2. Рефлексия


Күні: 29.04.2017ж Пәні: Сөзжасам Класы: 4 А Мұғалімі: Мусаев А.А

Сабақтың тақырыбы: Табиғат сұлулығы қандай? Абайдың табиғат лирикасымен танысу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға Абай өлеңдерінің ерекшеліктерін түсіндіру, табиғат лиркасы жайлы білімін кеңейту.

Дамытушылық: Тілін  дамыту, өлеңді  мәнерлеп  оқуға  баули  отырып, жүйелі баяндай  білуге  үйрету

Тәрбиелік: Табиғатты  сүюге  оны  қорғау  білуге тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: тарих, ән-күй

Көрнекіліктер: ақынның портреті, жыл мезгілдеріне байланысты суреттер, сұрақтар жасырылған киіз үйдің суреті

Қолданатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, ой қозғау

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастырушылық кезең. (3 мин)

Оқушыларды түгендеу

ІІ. Жаңа сабақ. Абайдың табиғат лиркасы (15 мин)



Оқушылардың білімін жаңғырту мақсатында «лирика дегеніміз не? Лирканың қандай түрлерін білесіңдер?» деген сұрақтар қойылады. Абайдың өлеңдері көбінесе қандай тақырыптарда жазылған? Еңбек, білім, адамгершілік, жастарды тәрбиелеу, махаббат, табиғат.

Абайдың табиғат лирикасы



Абайдың қандай табиғат лирикасына қатысты қандай өлеңдері бар екенін оқушылардың есіне түсіріп аламын да, 4 топқа 4 өлеңді тақырыбы мен идеясы жағынан және өлең құрылысына талдауға ұсынамын. «Жаз», «Жазғытұры», «Күз», «Қыс».

Тақырыбы:__________________

Идеясы:_____________________

Өлең құрылысы:

Тармақ:________

Бунақ:_________

Буын саны:_____

Шумақ:________

Ұйқас:_____________________

Көріктеуіш құралдар:

Сергіту сәті ретінде «Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдатқызу.



Түсініксіз сөздермен жұмыс жасау. Берілген 4 өлеңдегі түсініксіз сөздермен жұмыс жасап, оны дәптерге жазу.

Ұшпа

Шашыранды бұлт



Домбығу

үсік шалу



Малма

тері илейтін ашытқы, иге салатын теріні асты-үстіне шығарып, араластыруды малма сапсу деген.



Шуда

түйенің шудасынан иірілген жіпті айтады. Оны әжелер ұршықпен иірген.



Шом, шомшы

Түйенің беліне жүк батпас үшін салынатын жұмсақ нәрсе, шомшы-түйемен жүк тасушы адам.



Күзеу

малшылардың күзде отыратын қонысы.жайылымы. Қысқы қоныс-қыстау, жазгықоныс жайлау делінген.



Шидем

Қойдың жабағысынан тігіп, сыртын маталап қаптаған киім, оны күпі деп те атаған.



Ене

Келіндер күйеуінің шешесін ене деп атаған.



Құда

Қыз алысып,қыз беріскен адамдар құдалар деп аталады. "Құда мың жылдық, күйеу – жүз жылдық" , "Құдаңды құдайыңдай сыйла"


Сабақты қорытындылау: (5 мин)

Бекіту: Абайдың табиғат лирикасына жазылған өлеңдерінің астарында не жатыр? Табиғат құбылыстарына жан бітіре суреттеудегі мақсаты не? Сендерге қандай әсер қалдырды?



Күні: 06\13.05.2017ж Пәні: Сөзжасам Класы: 4 А Мұғалімі: Мусаев А.А

Сабақтың тақырыбы: Мен өз шығармашылығымды дайындадым

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың сөздік қорын молайту, ойындағысын жеткізе білуге үйрету

Дамытушылық: Оқушылардың ойын жетілдіру, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды сауаттылыққа, мәдениеттілікке, ұқыптылыққа баулу.



Сабақтың түрі: аралас

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу

Көрнекілік: кестелер

Сабақтың типі: бекіту

Сабақтың жоспары

І Ұйымдастыру

а) Психологиялық дайындық

Сабаққа біз даярмыз,

Жалқаулықты қоямыз.

Үздік оқып әрқашан,

Кілең бестік аламыз.

Бізде 16 бала бар,

Қандай баға аламыз

ІІ Қызығушылығын ояту

Келер шақта тұрған етістікті табады.



Құстың жүні үрписе,

Күннің райы бұзылар

ІІІ Мағынаны тану

Қыс қысыларсың, жаз жазыларсың

  1. Қыс пен жаздың ерекшеліктері

  2. Қыста неге қысыласың?

  3. Жазда жазыларсың деген сөзге қалай түсінесің?

  4. Қыста қысылмау үшін не істеу керек?

  5. Қыс, жаз туралы мақал жазу


Шығармашылық жұмыс уақыты. Еркін тақырыпта:
IV Сергіту сәті

Қарлығашқа ұқсайық,

Кәне, қанат жасайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып, ұшып алайық

V Ой толғаныс:

Өткенді пысықтау

Күні: 20.05.2017ж Пәні: Сөзжасам Класы: 4 А Мұғалімі: Мусаев А.А

Сабақтың тақырыбы: «Біз не үйрендік»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жыл бойы өткен білімдерін түсініктерін бекіту.

Дамытушылық: Сөйлемді толық құрауға, сөздік қорын және дыбыстарды анық айтуға дамыту.

Тәрбиелік: Тиянақтылыққа,ұқыптылыққа,табиғатты сүюге сүйіспеншілігін арттыру.



Көрнекілік: Түймедақ гүлі,ертегілердің суреттері теледидар.

Сөздік жұмыс: түймедақ, білім ханшайымы.

Билингвальді компонент:

гүл – цветок- flower,

бір –один - one,

екі -два – two,

үш – три - three ,

төрт –четыре –four,

бес- пять- five.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық

-қозғаушылық

Қанеки, келіңдер шаттық шеңберіне тұрайық.



Ш.ш: «Арайлап таң атты!»

- Балалар, кім айтады, бір жылда неше мезгіл бар?

Онда мен сендерге жұмбақ жасырамын. Ал сендер қай мезгіл екенін шешіндер.

Күндер ысып, Маса шағып, Балалар суға шомылады. (Жаз)

Күн бұлттанып, Жауын жауып, Шөп, жапырақ сарғаяды. (Күз)

Суда мұз бар, Жерде қар бар, Боран, борап соғады. (Қыс)

Күн жылынып, Қар еріп, Сай салаға ағады. (Көктем)
Ал қазір қай мезгіл, кім айтады? Көктемде қандай өзгерістер болады? Көктем туралы кім тақпақтар біледі?

Ғажайып сәт:

Тыныш балалар бір дыбыс естіледі. Кім болды екен?

-Сәлеметсізбе?

Сәлеметсің бе, білім ханшайымы?

Төрлет жоғары шық отыр.

Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен білім ханшайымымын. Мен сендерге сиқырлы кітап әкелдім, оның іші тапсырмаларға толы. Сол тапсырмаларды сендер орындандар.

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды қаламыз

Жайнай түссін даламыз

Қайырлы таң балалар!

Бір жылда төрт мезгіл бар. Қыс, көктем, жаз, күз.

Балалар тынышталып кім келді деп, есікке қарайды.

Балалар білім ханшайымын қуана қарсы алады.



Ұйымдастыру-іздестіру

Балалар білім ханшайымның тапсырмаларын орындайық.



1- тапсырма

Балаларға гүлдің суретін көрсетемін.

Мынау не?

Гүлдің күлтешелерін үш тілде санатамын,түстерін сұраймын, керсінше санатамын.



2 -тапсырма

Тамаша, балалар.Бәріміз теледидарға қарайықшы, ертегілердің аттарын айтыңдар.



Сергіту сәті.

3- тапсырма

Балалар көктем мезгілінен кейін жылдың қай мезгілі?

Тамаша балалар білім ханшайымы әкелген түймедақ гүлін құрастырып әдемі қылып жапсырайық.

Балаларға түймедақ гүлінің қиылған үлгісін қалташаға салып, ақ парақ желім таратылып беріледі.Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.



Қозғалмалы ойын: «Кірпі мен түлкі»

Шарты: Алаңда жүрген кірпілерді, қу түлкі көріп жеуге келеді,ал кірпілер жауынан қорғанып домалып отыра қалады.

Дидактикалық ойын: «Кім немен қоректенеді»

Шарты: «Кім немен қоректенед»

Өз білімдерін көрсетуге дайын екендерін айтады.

Бұл гүл – түймедақ гүлі цветок - flower, ол үйде және далада өседі.

Күлтешелері сопақша пішінді,

ортасы дөңгелек пішінді.

1,2,3,4,5 – один,два,три,четыре,пять – one,two,three, four, five.

Ортасы сары,күлтешелері қызыл,жасыл,көк,ақ.Yellow, red, green blue, white.

Алдар көсе ертегісі, Қошқар мен теке ертегісі,Үйшік ертегісі, Шалқан ертегісі, Жет лақ ертегісі, Бауырсақ ертегісі.

Әдемі әтеш, Таң атпай тұрыпты. Ойқастап жүріпті, Айдарын тарапты, Жан-жағына қарапты.

Ко-ко-ко-депті

Жаз мезгілі, күн ыстық болады.

Күн көп түседі.

Жаз мезгілі ұнайды.
Ақ параққа күнді құрастырып, әдемі қылып жапсырады.

Берілген тапсырманы мұқият орындайды.

Балалар ойынға белсене қатысады.

Аңдардың қоректенін тамақтарын тауып белгілейді.



Рефлексивті

түзетушілік

Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

Бізге кім қонаққа келді?

Біз не жайында айттық?

Балалар сендердің білімдеріне білім ханшайымы риза болды.
Білім ханшайымы: сендер көп нәрсе үйреніпсіңдер,мен сендермен қалайыншы.

Бір жылда 4 мезгіл бар.

Бізге білім ханшайымы келді.

Біз түймедақ гүлінің күлтешелерін үш тілде санадық.Ертегілердің аттарын айттық, түймедақ гүлін жапсырдық.



Әрине, білім ханшайымы қалыңыз.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Өткен тақырыптар туралы білді.

Нені игереді: Өз бетернінше ойларын қорытындылай білді.

Нені біледі: Жыл мезгілдерінің аттарын айта білді. Жұмысты тиянақты істей білді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет