Қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы қатысымдық тұрғыдан меңгертуде қазақ тілінің салалары өзара бірлікте қарыстырылады



бет11/24
Дата25.12.2016
өлшемі5,88 Mb.
#5277
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24

20

Ой белгілі бір сөздер мен сөз тіркестерінен жасалады. Оны сөйлем дейміз. Сөйлем синтаксистің қарастыратын объектісі. Сөйлем жай және күрделі болады. Яғни қүрмалас сөйлемнің анықтамасы «екі, я одан да көп сөйлемнен қүралып күрделі ойды білдіреді» деп көрсетеді. Ал бірнеше емес ондаған сөйлемнің беретін мәнін не демекпіз? Лингвистикалық зерттеулерде осы мәселе, әсіресе-, қайырым мәтін деген терминдерге лингвистикалық анықтамалар берілмей жүр. Тек оны көркем шығармаларға байланысты түрліше түсіндіру байқалады. Атап айтқанда, қайырымды белгілі бір үзінді, жаңа ойдың басталуы десе, мәтінді сол шығарманың, іс-қағаздың толық жазбаша формасы деп үғынылады. Яғни, мәтін дегеніміз - шығарманың немесе іс-қағаздың мазмұнды бөлшегі екендігі байқалады.

Көркем мәітннің барлық лементтері өзара тығыз байланыста мағыналық бірлікте келеді. Көркем мәтін - бірбүтін қүрылым. Оның архитектоникасын лингвистикалық тұрғыдан зерттеуде көптеген лингвистикалық әдістерді пайдаланамыз. Мәтіннің барлық деңгейін қамту үшін осы әдістерді өзі азшылық етуі мүмкін. Мәтіннің табиғатын тану үшін оны бөлшектеп шағын лингвистикалық бірліктер деңгейінде қарастыру әдісі тиімді. Мәтін лингвистикасында бұл мәтіннің интерпритациялануы деп аталады. Кез келген мәтін қүрылымына сай, мағыналық және сюжеттік мақсаттарға орай үлкенді-кішілі бөлшектер жиынтығынан қүралады. Бұл қүбылысты мәтін лингвистикасы мәтін сегминтациясы деп түсіндіріледі.

Мәтін бөлшектерінің мәтін түзіміндегі рөлі бірдей дәрежеде болмайды. Осының нәтижесінде осы екі терминнің қиылысынан



21

тағы бір түсінік туындайды. Оны И.В.Арнольд "мәтін иерархиясы" деп атайды.

Мәтін ерекшеліктеріне төмендегідей ерекшеліктер тән болып келеді:


  1. мәтіннің бірбүтіндігі;

  2. мәтіннің байланыстылығы;

  3. мәтіннің бөлектігі;

  4. мәтіннің метареферентілігі.

Осы ерекшеліктердің барлығы мәтіннің семантикалық сипаты ұғымымен тығыз байланысты болып келеді. Қазіргі әлемдік лингвистикада мәтін құрылымдық - мағыналық жағынан бетбұрыс болып келуі, қамтамасыз ететін құралдар бар. Солардың қатарында қайталамалар аталады. Қайталамалрдың мәтін түзу және мәтін дамыту қызметі туралы айтқан кезде, ең алдымен, мәтіннің семантикалық түтастығын ұйымдастыру қызметі ерекше аталады.

Жоғарыдағы белгілерді жеке-жеке талдайық: 1. Мәтіннің біртүтастығы. Мәтіннің семантикалық жағынан бүтіндігі мәтін лингвистикасында жетекші орын алатын мәселенің бірі болып саналады. Мәтіндегі семантикалық түтастық-күрделі категориялардың бірі. Кез-келген мәтін бір бүтін категория болып есептеледі. Олардың бүтіндігі тек қүрылымы жағынан ғана сипатталмайды. Оған мәтін бөлшектерінің, яғни микромәтіндердің бір мағынаға бірігуі де кіреді. Мәтін қүрылымында кейбір микромәтіндер өзіне тән мағыналық дербестікпен дараланады. Бірақ мүны



22

микромәтіннің мағынасы мәтіннің мағына жемісінің бір бөлігін құрайды.



  1. Мәтіннің байланыстылығы. Мәтін бірнеше микромәтіндер
    мен микромәтіндердің жиынтығынан құралса да, осы
    бірліктердің арасында тығыз байланыс болады. Ол байланыс
    түрлі тілдік құралдар арқылы жүзеге асырылады. Сол
    байланыстың үлкен бір бөлігін семантикалық байланыс
    қүрайды. Микромәтіндердің мазмұндас келуі олардың араға
    бірнеше микромәтіндер, тіпті кейде бірнеше микромәтіндер
    тастап мағына сабақтастығын жалғастыруы мәтін
    байланыстылығының белгісі болып саналады.

  2. Мәтіннің бөлектігі. Мәтін - ең алдымен бір-біріне
    үқсамайтын микромәтіндердің жиынтығы. Әрбір микромәтін
    мен микромәтінді бөлек-бөлек қүрылымға жатқызуға болады.
    Себебі, бұл бірліктердің әрқайсысының басы мен аяғы онда
    баяндалатын сюжет жемісі, мәтіндерден басты
    айырмашылығының бірі - оның осы ерекшелігінде. Мәтіннің
    бөлектігінің бір белгісін микромәтіндердің семантикалық
    дербестігі қүрайды. Бір микромәтін - бір мағына, ал бір
    микромәтін - бір сюжет. Сюжет жемісі микромәтіндердегі
    сюжеттердің жиынтығынан қүралса, соңғысын
    микромәтіндердегі мағыналар қүрайды. Алайда олар мәтін
    қүрылымында дербестікке ие болады.

  3. Мәтіннің метареференттілігі. Мәтіннің метареференттілігі
    деп көркем шығармадағы автор мен оқырманның арақатысы,
    оқиғаның болған жері мен уақыты, ол ұғымдардың авторлық
    позициясы, автордың сюжет жемісіне көзқарасы саналады.

23

Бұл категориялардың мәтін де айқындалуы да мәтіннің семантикалық құрылыммен тығыз байланысты.

Қайталамалар экспрессивті синтаксистің көркемдегіш құралына жатады. Олардың қатарына қайталамалрдан басқа парцелляциялық құрылымдар, сегменттенген түзілістер, сұрақ-жауап түріндегі құрылымдар және инверсиялы қолданыстар кіреді. Экспрессивті синтаксистің осы құралдарының кеңінен қолданылып, түрлі стильдік және қүрылымдық-стильдік атқаратын ортасы - мәтін.

Қайталау кезінде сөздің мағынасы өзгермейді, тек оның экспрессиясы күшейді. Мәтін семантикалық жағынан екі бағытта қүрылады: тізбекті (цепное) қүрылым және қапталдас (параллельное) қүрылым.


24

II. тарау Бастауыш мектепте мәтінмен жұмыс істеу II.1. Бастауыш сынытарда мәтінмен жұмыс істеу әдісі

Бастауыш сыныпта ана тілін оқытудың негізгі мақсаттарының бірі-оқушылардың сөздік қорын, ауызша және жазбаша сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетінің қалыптастыру болып табылады.

Сондықтан да қазіргі кезде бастауыш мектеп мұғалімдері оқушылардың сөздік қорын молайтып, сол үйрегне сөздерін қолдана отырып, айтайын деген ойын анық жеткізіп сөйлеуіне зор көңіл бөлуде. Осыған орай, өз сабақтарымызда оқушының дұрыс сөйлеу мәдениетін жоғары деңгейге көтеру, яғни сөйлеу тілін дамытуға ерекше назар аударып отырамыз.

Сабақ барысында бастауыш сынып оқушыларының сөйлеген сөздерінде жиі кездесетін кемшіліктерге көңіл бөлсек, баланың сабақ үстінде айтайын деген ойын анық жеткізе алмауы, яғни мәтінге байланысты мазмұнын айтуда бір деректі айтып бітпей жатып басқасына ауысып кетуі немесе керексіз сөзді орынсыз қолдануы (мысалы: жаңағы, сосын, яғни, сөйтіп, т.б.) сияқты ауызша сөйлеу тіліндегі қатерлерді көптеп кездестіреміз.

Байқалған кемшіліктерді ескере отырып оқушыны ойлауы мен сөйлеу дағдыларын жетілдіру жолдарындағы ізденістерімізді оның тірі тіл неғүрлым түсінікті, жинақты, нақыт болғанын талап етіп, өз ойын дәл айтуын қадағалап отырамыз.

Баланың оқуға деген ынта-ықыласын, қызығушылығын жойып алмау мақсатында кез-келген тапсырманы берер кезде:





25

Біріншіден, оның бала ұғымына сәйкес, түсінікті болуын ескереміз. Себебі, «баланың түсінбей қалған сөзі топтастықтың бастамасы» деген нақыл сөз бар. Мысалы: калькуляторда бір сан қате болса, сол санмен орындалған есептеу нәтижесі де қате болып шығады.

Міне, тап осы сияқты оқушының түсінбеген сөзге қате мағына немесе балама тауып, нәтижесінде сөйлемді қате түсінуі жиі кездеседі. (Мысалы: Ағашты аралау - сөздің кесу деген мағынаын, көшені аралау - жүру деген мағынамен шатастырады).

Екіншіден, берілетін тапсырманың тәрбиелік мәніне көбірек көңіл бөлеміз.

Үшіншіден, қандай да болсын берілген тапсырма бала бір қызығушылығын оятатындай деңгейде бөлу керектігін түсінеміз. Егер бала бір нәрсеге қызықса, онда оның табиғатына тән білсем, білгенімді айтсам деген сөйлеуге деген талпынсты күшейте түседі де, сөйлеуге деген қажеттілік туады.

Логикалық мағынасын бүзбай мәтін қүрастыруды үйрету жолын қарастырамыз. Себебі, мәтінмен жұмыс бір жағынана, сөздің грамматикалық және лексикалық жақтарын талдауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан баланың сөйлеу дағдысын қалыптастырудың негізі болып саналады.

Тіл дамыту сабақтарында (3 сынып) мәтінмен жұмыс кезінде мынадай тапсырмалардың пайдаланамыз.

1 -тапсырма.

Қате қүрылған мәтінді сөйлемдерді орын-орынына қойып, логикалық жүйелікті сақтап қайта қүрастыру.

26

Мысалы: Тышқан не айтарын білмейді де, жылды кім көрсе сол жыл басы болсын деп бір қулық ойлап таабды. Ерте заманда хайуандар жыл басы болуға талсыпты. Өзі түйенің үстіне шығып, өркешіне мініп отырып алыпты. Сонан соң тышқан жжылды бәрінен бұрын көріп, хабар беріп, жыл басы болыпты.

Бұл жерде балаларға әдейі жеті таныс ертегі беріліп отыр.

Мұның себебі, оларға ертегінің қалай басталып, қандай оқиға болатынын, осңы немен аяқталатынын білетіндіктен, сөйлемдерді орын-орнына қойып, жүйелі түрде айтып беру жеңіл.

2-тапсырма.

Аяқталмаған мәтінді, логикалық ойды бүзбайды жалғастырып айту. Мысалы: қоңырау соғылып, балалар үзіліске шықты. Келесі сабақ математика болатын. Мұғалім үйге қиын тапсырма берген еді. Мүраттан басқа ешкім қалған жоқ. Ол Айдостың отырған партасына барып, сөмкесін ақтара бастады.

Оқиғаны әр бала бірін-бірі қайталамауға тырысып, өз ойымен аяқтаған дұрыс.

Өз ойынан ертегі қүрастырып айту. Ертегіне қалайбастап, немен аяқтар едің? -D П □ D.?

Ол биік ағашты таңдайды да, балтасын сермейді. Ағаш қуысынан бір алтын қүс шыға келеді. Қүс адамша тіл қатады: -D D D D П...?

Ертегі қүрастырып айту алғашқыда қиындық келтіретіндей болса, тірек сөздер беруге болады. (шал мен кемпір, үш тілек, бәз-баяғы қалпына түсіру).



27

4-тапсырма.

Негізгі бәлімі жоқ ертегі мәтінін мазмұнына сәйкестендіріп оқиға ойлап жазу.

Бір шалдың ағайынды үш баласы болыпты. Олар ылғи да болмашы нәрсеге керісіп, төбеесіп қала береді екен. Бірде үшеуі ауыл шетіндегі орманға жиде теруге барады. Қайтар кезде басқа жолға түсіп кетеді де, ауылдарынан адасып қалады.



D П D D П...?

D D D D D...?

Осыдан кейін үш үлы бірін-бірі сыйлап, тату-тәтті өмір сүріпті.

5-тапсырма.

Мазмұнын айту. Мәтіннің негізгі идеясын табу. (екі түрлі вариант беріледі қайсысы тақырып, қайсысы негізгі ойды білдіреді?)



  1. Кішкентай қүмырсқалар.

  2. Қүмырсқа илеуін бүзба.

Мысалы: Қүмырсқа -үйымдаса, жабыла жұмыс істейтін жәндік. Қүмырсқалар кішкентай болғанымен өте үйымшыл болып келеді. Орманда жүріп адасып кетсеңіз, қүмырсқаның илеуіне қарап, бағыт-бағдарды анықтап алуға болатын көрінеді. Өйткені қүмырсқалар өз илеуін тек солтүстікке қаратып салады екен. Олар өлген шыбын-шіркейді, басқа да зияндарды жеп, қоршаған ортаны тазартып, табиғатқа көп пайда келтіреді. Сондықтан олардың

28

илеуін бұзбаған, баспағаны дұрыс. Қайта оларды қорғау сауап болады.

7-тапсырма.

Берілген мәтіннің түрін анықтап, оны толықтыру.

Мысалы: Хабарландыру.

Менің өте әдемі, ақылды итім жоғалды. Тапқан адам болса, мына телефонға хабарласыңыз. 97-12-17.

Қалай ойлайсыңдар, иесі жоғалған итті осы хабарландыру арқылы таба ала ма? Бұл хабарландыруда тағы нені айту керек еді?

Тұқымы, иттің түр-түсі, т.с.с сипаттау керек.

3-сыныпта қазақ тілінен өткізген мұғалімнің "Мәтін" тақырыбындағы сабағын үсынамыз.

Тақырыбы: Мәтін.

Мақсаты:


  1. Оқушылардың көргені бойынша әңгімелесу, дұрыс сөз
    тауып, орынды қолдану.

  2. Тапқырлыққа баулу, көргеніні түйіндеп айту.

  3. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, ата-анаға дген
    сүйіспеншілігін арттыру.

1. Жаңа сабақты И.Крыловтан Абай аударған "Шегіртке мен қүмырсқа" тақырыбынан көрініс көрсетуден басталады. Сынып оқушылары күшімен дайындалған. Анық мәнерлеп айтуына назар аударттым. Көріністі көргеннен кейін:

  1. Балалар, бұл кімнің шығармасы?

  2. Қандай шығарма түріне жатады?

29

3. Құмырсқа қандай?

Енді осы көргендері бойынша әңгімелеу. Міне, осы әңгімені мәтін деп айтатынымызды балалардың өздеріне ереже шығару арқылы ой түйіндетеміз.

II Тақтаға. "Еңбекқор құмырсқа" жаз бойы өзіне азық жинады. Жұмсақ, жылы үй тұрғызды. Еңбек етуді құмырсқадан үйрену керек сөйлемдерін жазғызамыз.

Еңбекқор сөзіне сұрақ қойып қай сөз табына жататынын айырып, ажыратамыз.

Мәтіннің 2 түрі болатынын



  1. Сипаттау, теңеу.

  2. Әңгімелеу.

Сөздік жұмыс.

Сөздік жұмыс оқушының тілін байыту жолдарының бірі екені белгілі. Сөздік жұмысы оқушының жаңа сөздер үйренуден бүрын білетін немесе түінбейтін сөздердің мағынасын анықтауда маңызы зор. Сондай-ақ сөздік жұмысы сөйлем қүрауға материал береді, сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі.



Сондықтан да кез-келген сабақта сөзбен жүргізілетін жұмысты әрқалай түрлендіруге болады. Сөзге қатысты түрлі ойындар, сөзжұмбақтар, басқатырмалар беріледі. Бұл жұмыстар баланы, бір жағынан, ойлануға жетелесе, екінші жағынан, қызығушылығын оятып, шығармашылық белсенділікке

30

ынталандырады. Осыған орай, сөзбен жүргізілетін бірнеше тапсырмалар ұсынып отырмыз.

1. Оңнан солга қарай оқылса да, солдан оңга қарай оңылса да өзгермейтін, 5 әріптен туратын 7 сөз ойлап жазу.








2. Мына сөздердің ішінен солдан оңга қарай оңыганда жаңа сөз шыгатын сөздерді теріп жазу. Сөз магынасын ашу.

Қолқанат

Тымақ


Нағашы

ішік есек түс



қыран балық күрек шүлық қысым үршық

Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет