Оптикалық талдау



Дата31.03.2023
өлшемі2,44 Mb.
#173430
Байланысты:
оптикалық талдау

Оптикалық талдау

Орындаған: Аманқұл Дархан

Сержан Санжар

Топ: БББ-11

Тақырып өзектілігі:

Қазіргі заманда адамзат алдында тұрған өзекті мәселелерді шешу үшін ғылыми-техникалық прогрессті жылдамдату қажет. Ғылыми-техникалық прогрессті жылдамдатуда зерттелетін ақпараттың нақтылығы өте маңызды рөл атқарады. Ал түрлі зерттеулерде осы нақтылықты қамтамасыз ететін – оптикалық талдау және оның әдістері.

Оптикалық талдау әдістерінің басты ерекшелігі – жоғары нақтылығы мен көрнекілігі болып табылады.

Мақсаты:

  • Оптикалық талдау түсінігін білу
  • Оптикалық талдау әдістерінің маңызын түсіну

Жоспар:

1. Оптика жайлы жалпы түсінік

2. Оптикалық өлшеу дегеніміз не және оның түрлері

3. Жарық және оның оптикадағы рөлі

4. Геометриялық оптика дегеніміз не?

5. Геометриялық оптика 4 заңымен танысу.

Оптика - (гр. optіke – көзбен қабылдау жөніндегі ғылым, optas – көрінетін) – физиканың сәуле (жарық) шығару табиғатын, жарықтың таралуын және оның затпен әсерлесу құбылыстарын зерттейтін физика бөлімі.

Оптика - (гр. optіke – көзбен қабылдау жөніндегі ғылым, optas – көрінетін) – физиканың сәуле (жарық) шығару табиғатын, жарықтың таралуын және оның затпен әсерлесу құбылыстарын зерттейтін физика бөлімі.

Оптикалық өлшеулер

Оптикалық әдістер мен құрылғылар көмегімен физикалық объектілерге өлшеулер жүргізуге негізделген техникалық ғылым.

ОПТИКАЛЫҚ ӨЛШЕУ ТҮРЛЕРІ


фотоколориметриялық өлшеу
диагностикалық өлшеу
спектрлік өлшеу
емдік/ гигиеналық өлшеу

Жарық

Физикалық оптикада жарық дегеніміз – адам көзімен қабылдай алатын электромагниттік толқындар

Жарық электро-магниттік толқын болғандықтан Оптика электромагниттік өріс жөніндегі жалпы ілімнің (электрдинамиканың) бір бөлігі болып табылады. Оптикалық сәулелер толқын ұзындығы (λ) бойынша 1 нм-ден 1 мм-ге дейінгі аралықты қамтиды.

Жарық электро-магниттік толқын болғандықтан Оптика электромагниттік өріс жөніндегі жалпы ілімнің (электрдинамиканың) бір бөлігі болып табылады. Оптикалық сәулелер толқын ұзындығы (λ) бойынша 1 нм-ден 1 мм-ге дейінгі аралықты қамтиды.

ОПТИКА

Геометриялық

Жарықтың табиғатына назар аудармай, тек оның таралуының тәжірибелік заңдарына сүйеніп, өзара тәуелсіз жарық сәулелерінің біртекті ортада түзу сызықтар бойымен таралуын, әртекті орталар шекарасындағы шағылу және сыну заңдылықтарын зерттейді.

Бұл заңдылықтар әр түрлі оптикалық құрылымдарды жобалауға, есептеуге (көзілдірік, микроскоп, телескоп, т.б.) мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ол жарық әртекті орта арқылы өткенде байқалатын құбылыстарды (сағым, кемпірқосақ, т.б.) зерттейді.

Физикалық

Оптиканың жарық және жарықтық құбылыстардың табиғатын зерттейтін бөлімі.

Жарықтың қасиеттері мен оны зерттейтін құрылғылармен әрекеттесуін зерттейтін физика саласы.

Әдетте физикалық оптика көзге көрінетін, ультракүлгін және инфрақызыл толқындарды зерттеумен айналысады.

Геометриялық оптика негізі

1) Жарықтың таралу заңы

2) Жарықтың сәулелерінің тәуелсіздік заңы

3) Жарықтың шағылу заңы

4) Жарықтың сыну заңы

Оптикалық аспаптар:

Оптикалық аспаптар — құрамында оптикалық үлкейткіш линзалар бар аспаптар. Оптикалық аспаптарға оптиметрлер, өлшеуіш микроскоптар, оптикаторлар және т.б. жатады.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет