Ќазахстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Ақпарат, ақпарат көлемін өлшеу және ақпаратпен орындалатын іс-әрекеттер



бет10/21
Дата30.04.2020
өлшемі325 Kb.
#65197
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Байланысты:
kur -aqparat-ugymynyn-qoldanyluy-45

2.2. Ақпарат, ақпарат көлемін өлшеу және ақпаратпен орындалатын іс-әрекеттер.

1. Ақпарат


Мәліметтер әр түрлi тәсiлдер көмегiмен өңделеді, түрлендіріледi, тасымалда­нады және пай­даланылады. Мәліметтер мен оларға сәйкес тәсiлдер арасын­дағы өзара бай­ланыс информация түсінігін құрайды. Мәліметтерді іздеу мен өңдеудің бұрын болмаған жаңа мүмкіндік­терін электрондық есептеу маши­на­лары (ЭЕМ, соңғы кезде олар шет елдердегі тәрізді компьютер деп аталады) берді.

"Ақпарат" термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген үғымдарды білдіретін іnformatіo сөзінен шыққан. Жалпы тұрғыдан алғанда, информация – таңбалар мен сигналдар түрінде берілген әлемнің, заттың бей­не­сі болып саналады. Ақпарат (материалистік филосо­фия бойынша) – нақты дүние бейнесінің мәліметтер, хабарлар арқы­лы айтылуы. Хабарлар – информация­ның тіл, мәтін, цифрлық мәлі­мет­тер, график, кесте түрінде бейнелену түрі.

Ақпарат – қоршаған ортаның объектілері мен құбылыстары, олардың параметрлері, қасиеттері және қалып-күйлері жөніндегі мәліметтер жиыны. Олар біздерді қоршаған объектілер туралы толық хабардар етіп, солар туралы мәлімсіздік, белгісіздік деңгейін азайтады.

Сонымен, ақпарат – белгілі бір объект (адам, жануар, зат, құбы­лыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұ­маттар жиыны.

Ақпараттың негізгі қасиеттерiнпайдалылығы мен өзектілігі, дәлдiгi мен толықтығын, ба­ға­лы­­лы­­ғы мен қажеттiлiгiн, анықтылығы мен түсiнiктiлiгiн атап өтуге болады.

Ақпарат шыққан жерінен (көзінен) оны қабылдаушыға сигналдар арқылы жеткізіледі. Алынған мәліметті қабылдаушыға дәлме-дәл немесе шамамен жеткізу ақпаратты тасымалдау деп аталады.




Ақпараттың шыққан көзі, оны тасушы және қабылдаушы болуы ке­рек. Мыс., оқығанда, біз – ақпарат қабылдаушымыз, кітап – ақпарат көзі, қағаз – тасушы немесе байланыс арнасы рөлін атқарып тұр.

Кез келген ақпарат басқа өнімдер секілді өңделеді. Ақпаратты өңдеу – оны қабылдау, сақтау, түрлендіру және басқаларға беру әре­кет­­терінен тұрады. Адам, компьютер, теледидар – ақпарат өңдей алатын объектілер болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет