Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Математика күнтізбелік тақырыптық жоспарларының жинағы Шымкент 2021 кбж


-сыныпта «Математика» оқу пәнінің базалық мазмұнына шамалы өзгерістер енгізілген



бет3/48
Дата27.10.2023
өлшемі247,36 Kb.
#188734
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
КТЖ МАТЕМ ТОМЕН
Новый документ-3, Лекция-8-Maple, Арнайы пси практика Ардаққа, ҒТФ., тест (2)
6-сыныпта «Математика» оқу пәнінің базалық мазмұнына шамалы өзгерістер енгізілген. Атап айтқанда, қолданыстағы оқу бағдарламасы бойынша 6-сыныпта қарастырылатын «функция» ұғымына қатысты тарау 7-сыныпқа көшірілген. Осы тараудың орынан 6-сыныпта «Шамалар арасындағы тәуелділіктер» тарауы қарастырылады және келесі тақырыптардан тұрады: «Шамалар арасындағы тәуелділіктерді беру тәсілдері: аналитикалық (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл», «Нақты процестердің графиктерін қолданып шамалар арасындағы тәуелділіктерді зерттеу», «Тура пропорционалдық және оның графигі». Осыған байланысты «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен олардың жүйелері» бөліміне өзгерістер енгізілген. Яғни осы тарауда екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу және оның графигі, екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері, екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу, есептерді сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару материалдары ғана қарастырылады.

5-6-сыныптарда «Математикалық моделдеу және анализ» бөліміне баса назар аударылған. Әр бөлімді игерген кезде мәтінді есептерді шығару ұсынылады. Статистикалық мәліметтерді ұсынуға арналған тапсырмаларды орындауға көңіл бөлінген. Бұл практикаға бағытталған есептерді қарастыруға байланысты.
«Математика» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
5 сынып математикасы бойынша
Оқу жүктемесінің көлемі: аптасына – 5 сағат, жылына – 170 сағат
БЖБ саны – 10; ТЖБ саны – 4.
6 сынып математикасы бойынша
Оқу жүктемесінің көлемі: аптасына – 5 сағат, жылына – 170 сағат
БЖБ саны – 10; ТЖБ саны – 4.
Оқулық: Т.Алдамұратова, Қ. Байшоланова. Е.Байшоланов «Атамұра» 2018 ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет