Сабақтың тақырыбы:Сандарды қосу кестесі. Есептер шығару.
Сабақтың мақсаты: А)20-ға дейінгі сандарды кестелік қосу және азайтудың кестелік жағдайларының бастапқы деңгейін анықтау, есептеу білігі мен білімдерін жетілдіру. Жауабы 17 және 18 болатын қосудың кестелік жағдайын және азайтудың сәйкес жағдайларын оқып-үйрену. Б)логикалық ойындар арқылы ой-өрісін дамыту. В)өрнекті тез және дұрыс құру арқылы шапшандыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі:кестелер,цифрлар,суреттер,асықтар Түрі:аралас Әдісі:сұрақ - жауап,түсіндіру,ой қозғау Күтілетін болжам: Бүгінгі сабағымыздың мақсаты 20- дейінгі сандарды кестелік қосу және азайтудың кестелік жағдайларының бастапқы деңгейін анықтау, есептеу білігі мен білімдерін жетілдіру.