Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан тарихы кафедрасы



бет3/9
Дата29.01.2018
өлшемі1,67 Mb.
#35733
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1.Тенденцияларға сипаттама.


2.Мұражайдың жаңа тұжырымдамасын теориялық жағынан негіздеу. Мұражай ісін дамытудың әдістемелік базасы ретіндегі мұражай коммуникациясының теориясы.

Әдебиет: Н - 13,14,15
Тақырып № 14.Мұражайлық іс әрекеттің қорлық сақтаушылық және ғылыми ақпараттық дамуы.

Мақсаты:Қорлардың сақталуын көрсету және ақпараттық дамуын анықтау.

Жоспары:

1.Мұражайлық іс әрекеттің қорлық сақтаушылық және ғылыми ақпараттық дамуы. Мұражай қорлық кешендеу тұжырымдамасын сараптаулар, “өзін-өзі тану”,

олардың рөлін және орнын түсінудің жаңа жолдарын табуға есептелген жоба. Мұражай қоры . Қарым-қатынастық қызмет.

2.Экспозициялар жүйесінің дамуы.Экспозициялармен жұмыс. Мұражай кешенінің келешектегі дамуы мен мәртебесі.

Әдебиет: Н - 13,14,15,16
Тақырып № 15. Қазіргі кезеңдегі мұрағат ісі.

Мақсаты: Қазіргі таңда мұрағат ісінің негізгі мәселесіне анықтама мен сипат беру. Шешу жолдарын ұсыну.



Жоспары:

1. Қазіргі кездегі мұрағат ісінің басқа салалармен байланысы. Мемлекет Басшысының «1998 жылды Халық бірлігі және ұлттық тарих жылы деп жариялау » Жарлығы,«Қазақстан‑2030» стратегиялық даму Бағдарламасы. Мұрағат ісінің басқа салалармен байланысы

2. Мұрағат құжаттары - мемлекет байлығы. Мұрағат құжаттарына сипаттама беру. Олардың түрлері. Маңызы. Тарихты зерттеудегі рөлін көрсету.

Әдебиет: Н – 15,16,Қ-12.

Семинар сабақтарының жоспары және әдістемелік нұсқаулар.
1 . Тақырыбы: Қазақстан мұрағатының құрылуы және

қалыптасуы.

Мақсаты: Қазақстанның алғашқы мұрағаттарына сипаттама беру.

Жоспары:

1.1794 жылғы Бөкей мұрағаты.

2.Революцияға дейінгі Қазақстанның мұрағат ісі.
Әдістемелік нұсқаулар: Семинардың бірінші сұрағында, Қазақстанның батысында, Жәңгір хан тұсында ашылған, алғашқы мұрағаттың жалпы ашылу тарихы мен негізгі жинақталған құжаттарына сипаттама беру қажет.

Екінші сұрақта, патша билігі кезіндегі Қазақстанның өткен тарихы бойынша негізгі құжаттардың Орынбор және Сібір генерал-губернаторлығында шоғырланғанын және оған тек қана патша чиновниктерінің қатысы бар екенін мәлімдеу қажет. Қазан төңкерісіне дейін патшалық Ресейдің отарындағы Қазақстанда жергілікті халықтың көрнекті өкілдерінің құжаттарын жинауға көп көңіл бөлінбейді.Құжаттарды коллекционерлер, өлкетанушылар, негізінен қазақ халқының салт-дәстүрлері, фольклорлары мен этнографиясымен айналысқан патша шенеуніктері жинайды.Осы жөніндегі мәліметтерді талқылау.
Әдебиеттер:

1. Архивоведение, археография. М. 1984.

2. М.Дакенов, Б.И.Нурпеисова и др. Архивоведение. Алматы,2003.

3. Р.Сариева . Мұрағат және тарих. «Арыс», 2004.

4. Алданазарова А. Да, архивы сохранились. //Казахстанская правда. 1992,25 июля.

5. Сандыбаева М.Т. Центральный государственный архив РК. // Известия архивов.1993 №5.

2 . Тақырыбы: Қазақстан мұрағатын ұйымдастырудағы



РСФСР- ның мұрағат ісі жөніндегі декреттің мәні мен маңыздылығы.
Мақсаты: Кеңес дәуіріндегі құрылған мұрағаттардың негізгі жұмыстарына сипаттама беру.

Жоспары:

  1. Қазақстандағы ең алғашқы кеңестік мұрағаттық ұйымдар.

  2. Қазақстандағы алғашқы кеңестік дәуіріндегі өлкелік мұрағаттық қорлар.


Әдістемелік нұсқаулар: Қазақ революциясынан кейін қабылданған декретті қарастыру.

Қазан революциясынан кейін Кеңес үкіметі бүкіл мұрағат қорының бір жерге шоғырлануын қарастыру. 1918 ж шілде айында Ленин «РКФСР де мұрағатты қайта ұйымдастыру және орталықтандыру » туралы декретке қол қойғаны жөнінде айту.Ал бұған дейін Қазақстан халқына тиісті жүргізілген іс құжаттар әр түрлі губернаторлардың ведомстваларында шоғырланғанын және оларды орталық қорға жинақтау жұмысын сипаттау қажет.


Әдебиеттер:

1. Архивоведение, археография. М. 1984. №2

2. Архивоведение, археография. М. 1989. №2

3. М.Дакенов, Б.И.Нурпеисова и др. Архивоведение. Алматы,2003.

4. Архивное строительство в Казахской ССР (1918-1980). А.1980.
3 . Тақырыбы: Мұрағат қызметкерлерінің бірінші жалпы

Ресейлік конференциясы және оның Қазақстанға

тигізген әсері.
Мақсаты: Қазақстанда құрылған мұрағаттардың алғашқы ережелеріне сипаттама беру.

Жоспары:


  1. Қазақстан АҚСР -і мен КСФР арасындағы мұрағат органдарының қарым-қатынасын ұыймдастыру.

  2. 1918-20жж. Нормативті құжаттар мен заңдарды мұрағат өміріне енгізу.


Әдістемелік нұсқаулар: Орталық өлкелік мұрағаттың Орынбордан Қызыл Ордаға көшірілуі жөнінде. Уездік мұрағаттарды ұйымдастыру мәселесі. Қазақстанның мұрағат қызметкерлерінің 1927 жылы Қызыл Ордада өткен алғашқы конференциясы. Республикада мұрағат ісін жария етуді күшейту шаралары.

Мұрағат мекемелерінің жұмысының негізгі бағыттары. Тарихи-революциялық маңызға ие түрлі құжаттарды жүйеге келтіру және оларды Орталық өлкелік мұрағатқа өткізу мәселелерін реттеу. Шекаралас облыстар мен республикалардың мұрағаттарында Қазақстан тарихына қатысты сақтаулы құжаттық материалдарды жинақтау.

Орталық мұрағаттың Қызыл Ордадан Алматыға көшірілуі.
Әдебиеттер:


  1. Архивоведение, археография. М. 1984. №2

  2. Материал республиканской научно-практической конференции-А-А.,1978.

3. Р.Сариева. Мұрағат және тарих. «Арыс», 2004.

4. Мухсинова З.Г. Архивному делу в Казахстане-200 лет. // Костанайские новости. 1995, 10 января.


4 . Тақырыбы: Қазақстанның 1920-1930 жж мұрағат және мұражай ісінің дамуы.



Мақсаты: Қазақстан мұрағаттарының қабылдаған бүкілресейлік мұрағат ережелеріне сәйкестігі.30 жылдардағы мұрағат ісінің дамуына тоқталу.
Жоспары:

1.1920-30жж мұрағат және мұражай ісінің дамуы.

2. 30-40жж Нормативті актілердің сипаты.

3.Құжат, қорлар жиналуы және сақталу талаптары.


Әдістемелік нұсқаулар: Бірінше сұрақ бойынша: мұрағат және мұражай ісінің дамуын талдау. Қандай ерекшеліктері болды, талдап, тоқталу.

Екінші сұрақта білікті мұрағатшыларды даярлау ережесі. Мұрағаттану институтын (Мәскеу тарихи мұрағат институты) ұйымдастыру бойынша қабылданған құжаттарға сипаттама беру. 1936 жылғы Конституция бойынша мемлекеттік аппараттағы өзгерістерді сипаттау. Мұрағат мекемелерінің Ішкі істер халық комиссариатының қарамағына берілуі. Қазақ КСР БМБ-ның Ішкі істер халық комиссариатының мемлекеттік мұрағаттар бөлімі болып өзгеруі. Мұрағаттар тоталитарлық режим аясында.

Екінші сұрақта келесі мәселені қозғау қажет: орталықтандыру принципі мен мұрағаттық қорлардың біртұтастығы принципінің бұзылуы. Арнайы мемлекеттік мұрағаттардың және партия мұрағаттары жүйесінің құрылуы.
Әдебиеттер:

1. Р.Сариева. Мұрағат және тарих. «Арыс», 2004.

2. Мухсинова З.Г. Архивному делу в Казахстане-200 лет. // Костанайские новости. 1995, 10 января.

3. Теория и практика архивного дела в СССР. Учебник.Под редакцией Ф.И.Долгих и К.И. Рудольсона.М.Высшая школа.1980.

4. Муканова А.А. Государственные архивы Казахской СС.Р//Советские архивы.1983 №3.

5 . Тақырыбы: Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қазақстан



мұрағаты. (1941-1945жж.)

Мақсаты: Соғыс жылдарындағы эвакуацияланған мұрағаттардың ұйымдастыру мәселесі.

Жоспары:

1.Мұрағаттағы өзгерістер. Қазақ кеңестік республикасы мұрағаты ісінің бағыттары.

2.Украина және Ресей жерінен эвакуациаланған қорларды қабылдау және сақтау.

Әдістемелік нұсқаулар: Мұрағат мекемелері соғыс жылдарында. Ресейдің батыс аудандарынан мұрағаттарды Қазақстанға көшіруі жөнінде. Қазақ КСР Орталық фоно,фотокино құжаттарының мемлекеттік мұрағатын ұйымдастыру.

Мұрағаттардың ғылыми басылымдық жұмысы. Мұрағаттық құжаттарды түрлі мақсаттарда пайдалану. Құжаттарды халық шаруашылығының мақсатына пайдалану үшін іздестіру.Қазақ КСР мұрағаттық басқару органдарына басшылық жасаудың жақсартылуы.


Әдебиеттер:

1. М.Дакенов, Б.И.Нурпеисова и др. Архивоведение. Алматы,2003.

2. Закон Республики Казахстан «О национальном архивном фонде и архивах». А. 1998 г. 22 декабря.

3. Материал республиканской научно-практической конференции.Алматы, 1978.

4. Р.Сариева .Мұрағат және тарих. «Арыс», 2004.

6 . Тақырыбы: Соғыс кезіндегі мұрағат жұмыстарының ерекше



бағыты.

Мақсаты: Мұрағат қорларының экономикалық және соғыстың шикізат мәселесін шешудегі атқарған жұмыстарына сипаттама беру.

Жоспары:

1. Геологтарға көмек ретінде Қаз КСР мұрағатының қорларын зерттеу.

2.1943ж Бірінші ғылыми конференцияның ұйымдастырылуы және өтілуі.
Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші сұрақта соғыстан кейінгі кезеңдегі мұрағат мекемелеріндегі жұмыстардың ғылыми бағытта болуын анықтау қажет. Республиканың министрліктер мен ведомстволарындағы мұрағаттық материалдардың сақталуын жақсарту шаралары жөнінде. Ведомстволарға қарасты мекемелерде құжаттармен жұмыс жасауды бақылау. Екінші сұрақта 1943 жылы өткен Бірінші ғылыми конференцияның ұйымдастырылуы және өтілуін талдау. Конференцияда талданған мәселелерге тоқталу және оның маңызын көрсету.

Әдебиеттер:

1. М.Дакенов, Б.И.Нурпеисова и др. Архивоведение. Алматы, 2003.

2. Р.Сариева .Мұрағат және тарих. «Арыс», 2004.

7 . Тақырыбы: 1950-60 жж Қазақстан мұрағатының дамуы.



Мақсаты: 50-60 жылдары қабылданған ережелерді талдай отырып , негізгі талаптарды анықтау.

Жоспары:


1. 1955 ж «Мұрағат құжаттарының басылу ережесі».

2. 50-60ж Мұрағат құжаттары мен материалдарын жақсарту шаралары.



Әдістемелік нұсқаулар: 1955ж шыққан мұрағат құжаттарына сипаттама беру. Ережелерді талдау. Мұрағатттық материалдары тұрақты құрамдағы мұрағаттарды ірілендіру мәселесін анықтау. Екінші сұрақ бойынша: Облыстық мемлекеттік мұрағаттардың филиалдарын құру. Құжаттардың құндылығын сараптау және олармен ММҚ-ды толықтыруды жетілдіру шараларының бағдарламасын жасау. Ведомстволық мұрағаттарды ретке келтіру және министрліктерде іс жүргізудің жағдайын жақсарту.

Мұрағаттану және құжаттану салаларында ғылыми зертттеу мәселелерінің қойылуы



Әдебиеттер:

1. Архивоведение, археография. М. 1989. №2

2. М.Дакенов, Б.И.Нурпеисова и др. Архивоведение. Алматы,2003.

3. Архивное строительство в Казахской ССР (1918-1980). А.1980.

4. Р.Сариева. Мұрағат және тарих. «Арыс», 2004.
8. Тақырыбы: 1980-90 жж Қазақстанның мұрағат ісі.
Мақсаты: Мұрағат жұмыстарын жаңарту барысында қойылған мәселені қарастыру.

Жоспары:

1. 1985 жж «Республикадағы мұрағат ісін жандандыру» мақсаты мен міндеттері.

2.1990 жж Мұрағаттық мекемелердегі материалдық техникалық жағынан камтамасыз ету мәселелері.

Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші сұрақ бойынша мұрағаттарды басқару органының қайта құрылуын қарастыру. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы БМБ-ның ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттардың стандартын іс жүзіне енгізуді бақылауға алуы.

Орталық ғылыми-техникалық құжаттаманың мемлекеттік мұрағатының құрылуы.

Мұрағат мекемелеріне ұйымдық-әдістемелік басшылық жасауды жақсарту талаптарының күшейтілуі. Іс жүргізу мен мұрағаттардың жұмысының жолға қойылуының республикалық байқауын өткізу.

Екінші сұрақта Қазақ КСР-ның 1978 жылғы 11 тамыздағы «Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану туралы» заңы. 1990 жж Мұрағаттық мекемелердегі материалдық техникалық жағынан камтамасыз ету мәселелерін талдау.



Әдебиеттер:

1. Архивоведение, археография. М. 1989. №2

2. М.Дакенов, Б.И.Нурпеисова и др. Архивоведение. Алматы,2003.

3. Р.Сариева. Мұрағат және тарих. «Арыс»,2004.

4. Мухсинова З.Г. Архивному делу в Казахстане-200 лет. // Костанайские новости. 1995, 10 января.
9. Тақырыбы: Мұрағат тізімдемесінің қағидалары.

Мақсаты: Мұрағат қорларының толықтыру барысында мұрағатшының атқаратын жұмысына сипат беру.

Жоспары:

1.Тізімдеме жүргізуге арналған термин сөздердің анықтамаларына талдау беру.

2.Тізімдеме жүргізудің ұйымдастырылуы және құрылымы. Мәліметтер жинау жұмысын түсіндіру.
Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші сұрақта мұрағат қорларын толықтыру мен басқаруда жасалатын жұмыстарға сипаттама беру. Құжаттарды-каталоктандыру, жүйелендіру, тізімге алу, тіркеу түрлері мен бағыттарын көрсету. Тақырыптық жүйе, хронологиялық жүйе т.б Басқарма жанындағы сараптамалық тексеру-әдістемелік комиссиясы мекемелер мен кәсіпорындар дайындаған әр жылғы істердің атау тізімдерінің нұсқаулықтарының, ғылыми-техникалық өңдеуден өткен құжаттар тізімдемелерінің, мекемелер мен кәсіпорындардағы ведомстволық мұрағат төлқұжаттарының нормативтік-құқықтық актілерін талдау.Екінші сұрақта Тізімдеме жүргізудің ұйымдастырылуы және құрылымына тоқталу. Мәліметтер жинау жұмысын түсіндіру және оның жолдарын талдау.

Әдебиеттер:

1. Мухсинова З.Г. Архивному делу в Казахстане-200 лет. Костанайские новости. 1995, 10 января.

2. Теория и практика архивного дела в СССР. Учебник.Под редакцией Ф.И.Долгих и К.И. Рудольсона.М.Высшая школа.1980.

н Муканова А.А. Государственные архивы Казахской ССР//Советские архивы.1983 №3.

3. Методы описания документальной информации.Методические рекомендации.М.1986.

4. Основные правила работы госархивов СССР. М.ю 1980


10. Тақырыбы: Мұрағат мекемелерінің қызметін ғылыми-

әдістемемен қамтамасыз ету.

Мақсаты: Мұрағаттың атқаратын жұмысының негізгі бағыттары мен қағидаларының меңгеруін талдау.

Жоспары:

1. Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету. Құжаттарды сақтау үшін жағдай жасау. Құжаттарды қоймаларға орналастыру. Аса бағалы құжаттар үшін қорлар жасау.

2. Құжаттарды тіркеуге алу. Тіркеуге алған құжаттардын түрі.Құжаттардын сақталу мерзімі.

Әдістемелік нұсқаулар: 1-ші сұрақта құжаттардың жалпы талапқа сай сақталуы арнайы жабдықталған ғимараттарды салумен, оларға қойылатын талаптарды көрсету.

Мемлекеттік мұрағаттарға Мемлекеттік мұрағаттарға арнайы ғимараттар салынады, олардын құрамы. Мұрағаттағы құжаттарды сақтау құрамы.

2-ші сұрақта құжаттарды тіркеуге алу заңдылығын және тіркеуге алған құжаттардың түрін анықтау керек.Құжаттардың сақталу мерзімін көрсету, олардың сақталу жағдайларын анықтау.
Әдебиеттер:

1. М.Дакенов, Б.И.Нурпеисова и др. Архивоведение. Алматы,2003.

2. Закон Республики Казахстан «О национальном архивном фонде и архивах». А. 1998 г. 22 декабря.

3. Р.Сариева Архив и история. «Арыс»,2004.

4. Мухсинова З.Г. Архивному делу в Казахстане-200 лет. Костанайские новости. 1995,

11.Тақырыбы: Құжаттармен жұмыс жасау түрлері.



Мақсаты:Құжаттармен жұмыс жасау түрлерін анықтау.

Жоспары:

1. 14.07.1999 ж әдістемелік Кеңес шешімі. Деректерді жүйелеу.

2.Құжаттардын бағалылығын анықтау. Сараптау, тексеру комиссиясы.

Әдістемелік нұсқаулар: Мұрағат мекемелерінің құрылымы, штат кестесі. Мұрағат ісінде міндеттерді атқарудың құқықтық негізін жасау. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық мұрағаттық қор және мұрағаттар туралы» заңы. «Мұрағат» түсінігі. Мұрағаттардың қазіргі жүйесі. Мемлекеттік мұрағаттар, олардың атқаратын негізгі қызметтері мен міндеттері. Мұрағаттағы қорларды сараптауда жасалатын жұмыстардын негізін көрсету.

Әдебиеттер:

1. М.Дакенов, Б.И.Нурпеисова и др. Архивоведение. Алматы,2003.

2. Архивное строительство в Казахской ССР (1918-1980). А.1980.

3. Закон Республики Казахстан «О национальном архивном фонде и архивах». А. 1998 г. 22 декабря.

4. Материал республиканской научно-практической конференции-А-А.,1978.

5. Р.Сариева Архив и история. «Арыс»,2004.


12. Тақырыбы: Ұлттық мұрағат қорындағы құжаттарды

пайдалану.

Мақсаты: Мұрағат мекемелерінің жұмысын ақпараттандыру барысындағы атқарылатын жұмыстардын негізін көрсету.

Жоспары:

1. Мұрағат құжаттарын пайдаланудағы мақсаттары.

2.Мұрағат мекемелерінде құрастырылытын анықтамалар түрлері.

Әдістемесі: 1-ші сұрақта мұрағат құжаттарын пайдаланудағы мақсаттарын анықтау,олардың маңызын көрсету. Мысалға тарихқа байланысты мұрағат материалдарымен жұмыс жасап, талдау қажет.

2-ші сұрақта мұрағат мекемелерінде құрастырылатын анықтамалар түрлерімен танысу және олардың мазмұнын ашу.



Әдебиеттер:

1. М.Дакенов, Б.И.Нурпеисова и др. Архивоведение. Алматы,2003.

2. Архивное строительство в Казахской ССР (1918-1980). А.1980.

3. Закон Республики Казахстан «О национальном архивном фонде и архивах». А. 1998 г. 22 декабря.

4. Материал республиканской научно-практической конференции-А-А.,1978.

5. Р.Сариева. Мұрағат және тарих. «Арыс»,2004.

6. Мухсинова З.Г. Архивному делу в Казахстане-200 лет. Костанайские новости. 1995, 10 января.
13 . Тақырыбы: Мұрағаттық ғылыми-ізденіс жұмыстары.

Мақсаты: Құжаттармен жасайтын ғылыми-зерттеу жұмыстарының маңыздылығын көрсету.

Жоспары:

1. Құжаттарды анықтау. Құжаттарды жинақтау, маңызы.

2.Құжатты деректерді және ғылыми мақалаларды баспаға шығару үшін дайындық жұмыстарын жүргізу.

Әдістеме: 1-ші сұрақта құжаттармен жасайтын ғылыми-зерттеу жұмыстарының маңыздылығын көрсету.Құжаттарды анықтау. Құжаттарды жинақтау және оның маңызын ашып көрсету. 2-ші сұрақта құжатты деректерді және ғылыми мақалаларды баспаға шығару үшін дайындық жұмыстарын талдау, ғылыми мақалаларды жазу әдістемесімен танысу, олардың маңызын көрсету.

Әдебиеттер:

1. Архивоведение, археография. М. 1984. №2

2. М.Дакенов, Б.И.Нурпеисова и др. Архивоведение. Алматы,2003.

3. Материал республиканской научно-практической конференции-А-А.,1978.

4. Теория и практика архивного дела в СССР. Учебник.Под редакцией Ф.И.Долгих и К.И. Рудольсона.М.Высшая школа.1980.

5. Программа развития архивного дела на 2001-2005 гг. От 11.06.2001.


14. Тақырыбы: Қазақстан Республикасының мұрағат

мекемелерінің ісіндегі мұрағаттық зерттеулердің рөлі.
Мақсаты: Ғылыми- ізденістік жұмыстарға қойылатын талаптардың мұрағаттағы орны.

Жоспары:


1.Ғылыми- техникалық ақпарат жүйесіндегі мұрағаттық ролі мен алатын орны.

2.Мұрағаттардың атқаратын ғылыми-ізденістік жұмыстарының сипаты.


Әдістемелік нұсқаулар: 1-ші сұрақта ақпаратты маркетинге анықтама беру. Құжаттық ақпаратты рыногын жасау. Мемлекеттік мұрағаттарда көрсететін ақылы қызметтер түрлерін көрсету. Ақылы қызмет арнайы тізім арқылы көрсетілу қажет. Заңдық тұлғалармен құжаттарды коммерциялық мақсатта пайдалану жөнінде келісімдер жасау. 2-ші сұрақта мұрағат ісін ақпараттандыру жөнінде мәліметтерді келтіру. Мұрағат ісінің ақпараттандыру объектілері және мақсаттарына тоқталу. Ақпараттық технологияларды сипаттау. Ақпараттық технологиялар арқылы мұрағаттардын жұмысын жүйелендіру және ізденіс жұмыстарын жеңілдетужағдайларын көрсету. Электрондық қорларды жасау.

Әдебиеттер:

1. Теория и практика архивного дела в СССР. Учебник.Под редакцией Ф.И.Долгих и К.И. Рудольсона.М.Высшая школа.1980.

2. Муканова А.А. Государственные архивы Казахской ССР//Советские архивы.1983 №3.

3. Методы описания документальной информации.Методические рекомендации.М.1986.

4. Основные правила работы госархивов СССР. М.ю 1980.

5. Система единой классификации документальной информации в систематических каталогах. М.1978.

6. Создание и ведение системы каталогов госархивов СССР. Методические рекомендации. М.1988.

7. Программа развития архивного дела на 2001-2005 гг. От 11.06.2001.

8. З.Алдамжар. Тарих: пайым мен тағылым. Алматы 2002 ж.
15. Тақырыбы: Қазіргі кезендегі мұрағат зерттеудің жүйелі-

функционалды әдісі.
Мақсаты: Қазіргі таңда мұрағат ісінің негізгі мәселесіне анықтама мен сипат беру. Шешу жолдарын ұсыну.

Жоспары:

1. Мемлекеттік мұрағат ісінің ережелері.

2. Қазіргі кезендегі мұрағаттын рөлі.

3.Мемлекет алдындағы саяси, әлеуметтік- экономикалық мәселелердін шешілуі. Мұрағат ісінің мемлекеттік тілде жүргізуіне баға беру.



Әдістемесі: 1-ші сұрақта қазіргі таңда мұрағат ісінің негізгі мәселесіне анықтама мен сипаттама беру. Шешу жолдарын ұсыну және мемлекеттік мұрағат ісінің ережелерімен танысу және талдау.

2- ші сұрақта қазіргі кезеңдегі мұрағаттың рөлін көрсету, олардың қызметімен танысу.

3-ші сұрақта мемлекет алдындағы саяси, әлеуметтік - экономикалық мәселелердің шешілуі. Мұрағат ісінің мемлекеттік тілде жүргізуіне баға беру.

Әдебиеттер:

1. Теория и практика архивного дела в СССР. Учебник.Под редакцией Ф.И.Долгих и К.И. Рудольсона.М.Высшая школа.1980.

2. Муканова А.А. Государственные архивы Казахской ССР//Советские архивы.1983 №3.

3. Методы описания документальной информации.Методические рекомендации.М.1986.

4. Основные правила работы госархивов СССР. М.ю 1980.

5. Система единой классификации документальной информации в систематических каталогах. М.1978.

6. Создание и ведение системы каталогов госархивов СССР. Методические рекомендации. М.1988.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті

Қазақстан тарихы кафедрасы



Лекция материалдары

Мамандығы: 050114, Тарих;

Қостанай , 2009 .

Дәріс тезистері.
І тақырып. Кіріспе дәрісі.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының мұрағат ісінің пайда болуы мен дамуының негізгі кезеңдерімен танысу. Пәнің мақсаттары мен міндеттерін анықтау.

Жоспар:

1.«Қазақстан Республикасының мұрағат және мұражай ісі».

2. Пәні,мақсаты мен міндеттері.

Мұрағаттанудың негізгі пәні қосалқы тарихи ғылымдардың бірі ретінде жоғары оқу орындарының тарих факультеттерінде оқытыла бастады.Бұл-өмір талабы. Өйткені,мұрағаттық іс мемлекеттік тұрғыда саяси,ғылыми, құқықтық және практикалық мәселелерді қарастырады.Мұрағаттану-мұрағат ісінің теориялық, методологиялық және практикалық салаларын зерттейді. Мұрағат дегеніміз-тарихи құжаттарды сақтайтын өткен өмірдің деректі ескерткіші.Ол өткен кезеңдердегі өмір құбылыстарын, бастан кешкен тарихты, мәмілегерлік қарым-қатынастарды, саяси-қоғамдық, экономикалық өмірдің алуан тарихын зертеу үшін құжаттарды сақтайды. Қазақстан атырабында бірыңғай мемлекеттік мұрағат жүйесінің пайда болуына, жылдар асқан сайын іргесінің кеңеюіне тек КСРО тұсында кең жол ашылды.



2. Пәні,мақсаты мен міндеттері.

Қазақстан дербес мемлекет болғаннан бері жоғары оқу орындарында Отан тарихы тереңірек оқытыла бастағаны мәлім.Алайда қажетті әдебиеттердің, тәжірибелі мамандардың аздығынан көптеген толғақты мәселелердің жылдам қарқын алмай, кешеуілдей бергені, ал қолға алынғандарының талапқа сай келмегені және рас.Соның бірі-тарих факультеттерінде мұрағат негіздері, мұражай негіздері, құжаттану, деректану сынды қосалқы тарихи пәндердің оқытылу мәселесі. Біздің республикамызда мұрағат материалдарын қолдану аясы шектеулі.Көбіне мұрағат материалдарын тарихшылар мен белгілі тақырыпты зерттеп жүрген зерттеушілер ғана кеңінен қолданады.Сондай-ақ көп жағдайда белгілі бір тақырыпқа тарихи деректемелер қажет болғанда басқа саланың мамандары да қолданып жатады.Мұрағаттану пәнінің мақсаты-болашақ тарихшыларды мұрағат жұмыстары мен құжаттарымен таныстыру, мұрағат құжаттарын қалай іздеу керектігін үйрету, алған деректемелер мен мәліметтерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына пайдалануға баулу.Мұрағаттану пәнінің негізгі объектісі мұрағат құжаттары мен мұрағатта сақталған мәліметтерді орынды пайдалану.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет