ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
Тәжірибелік сабақ 1. Жүктемелерді жинау
Жұмыс мақсаты: СНиП 2.01.07-85* бойынша жүктемені жинау.
Теориялық мәліметтерді, мысалдарды және кейбір көмекші құралдарды, өзіндік тапсырмаларды және нұсқау бойынша тапсырмаларды [1]-де табасыңдар.
Тәжірибелік сабақ 2. Иілетін тік бұрышты профильді элементтерді нормальді қима бойынша есептеу
Жұмыс мақсаты: Қиманы таңдау, армирлеуді есептеу (жұмысшы, монтажды, көлденең арматураны және қадамын табу).
Теориялық мәліметтерді, мысалдарды және кейбір көмекші құралдарды, өзіндік тапсырмаларды және нұсқау бойынша тапсырмаларды [1]-де табасыңдар.
Тәжірибелік сабақ 3. Иілетін таврлы профильді бір арматурасы бар элементтерді нормальді қима бойынша есептеу.
Жұмыс мақсаты: Қиманы таңдау, армирлеуді есептеу (жұмысшы, монтажды, көлденең арматураны және қадамын табу).
Теориялық мәліметтерді, мысалдарды және кейбір көмекші құралдарды, өзіндік тапсырмаларды және нұсқау бойынша тапсырмаларды [1]-де табасыңдар.
Тәжірибелік сабақ 4. Ортасынан созылған болатты элементтерді беріктікке есептеу
Жұмыс мақсаты: созылған элементтің қимасын таңдау, таңдалған және бар элементті беріктікке тексеру.
Теориялық мәліметтерді, мысалдарды және кейбір көмекші құралдарды, өзіндік тапсырмаларды және нұсқау бойынша тапсырмаларды [1]-де табасыңдар.
Тәжірибелік сабақ 5. Ортасынан қысылған болатты элементтерді беріктікке есептеу
Жұмыс мақсаты: созылған элементтің қимасын таңдау, таңдалған және бар элементті беріктікке тексеру.
Теориялық мәліметтерді, мысалдарды және кейбір көмекші құралдарды, өзіндік тапсырмаларды және нұсқау бойынш а тапсырмаларды [1]-де табасыңдар.
Тәжірибелік сабақ 6. Пісірілген қосылысты есептеу
Жұмыс мақсаты: Пісіру тігісінің ұзындығын анықтау
Мысал: С345 болаттан жасалған созылған сырықтың бекітілген жерін есептеу. Сырық екі тең бүйірлі бұрыштардан тұрады 80х7мм, фасонка дәл осындай болаттан жасалған, қалыңдығы t=12 мм (сурет 1.3, б), пісіру жарты автоматты, көмірқышқылды газда, пісіру сымы Св-08Г2С. Сырықтағы күш N = 700кН.
Шешуі:
• кесте 51, 55*, 56 [8.3.3] бойынша Cв-08Г2С сымы бойынша тігіс металының есептік кедергісі Rωt=21,5кН/см2;
• кесте 51 [8.3.3] бойынша 7мм қалыңдықты бұрыш үшін С345 маркалы болатқа Run=490 Н/мм2=49 кН/м2 және (1.4 [2]) формула бойынша Rωz = 0.45⋅49 = 22.05 кН/см2;
• бір бұрышқа келетін күшті анықтаймыз:
N1 = 0.5⋅N = 350кН;
• бүйір және алдыңғы жағындағы тігісте N1 күшін таратамыз
0,7⋅N1 = 0.7⋅350 = 245 кН және 0,3⋅N1 = 0,3⋅350 кН;
• қиманың қайсысы қауіпті екенін анықтаймыз (қосылыстың есептік қимасы):
а) балқу шекарасы бойынша Rωz⋅βz = 22,05⋅1,05 = 22,21 кН/см2, 1,2см қалыңдықты фасонка үшін - Run=37 кН/см2;
б) тігістің металы бойынша βf⋅Rωt = 0,9⋅21,5 = 19,35 кН/м2;
βf және βz коэффициенттері 34* [3] кестесі бойынша алынады, онда βz⋅Rωz =
= 22,21 > βf ⋅Rωf = 19.35, яғни есептік қима тігіс металы бойынша болады;
• фасонканың қалыңдығы 12мм болғанда 38* [3] бойынша тігістің минималды катеті kf,min= 6 мм, ал бұрыштың қалыңдығы 7мм болғанда катеттің максималды мөлшері kf,max= 0,9⋅7 = 6,3мм. Бүйір мен алдыңғы жерінде тігіс катетінің мөлшерін тең етіп аламыз - kf = 6мм;
• ([2] 1.1) формула бойынша тігістердің керекті ұзындығын анықтаймыз:
Бүйір жағында lω1 = 0.7⋅N1/(βf⋅kf⋅Rωf) = 245/(0.9⋅0.6⋅21.5) = 21.1см;
Алдыңғы жағында lω2 = 0,3⋅N1/(βf ⋅kf Rωf) = 105/(0.9⋅0.6⋅21.5) = 9.04см;
• тігістің шекті есептік ұзындығын анықтаймыз
85⋅βf ⋅kf = 85⋅0,9⋅0,6 = 45,9 см = 459мм > 211мм;
Тігістің ұзындық бойымен біркелкі жұмыс істеуін қабылдаймыз;
• пісірудің шеткі аймақта толық болмауын ескеріп тігістің соңғы ұзындығын қабылдаймыз:
Бүйірінде lω1 = 21,1+1=22.1 см, қабылдаймыз lω1 = 23 см;
Алдында lω2 = 9,04+1 = 10.04 см, қабылдаймыз lω2 = 11 см.
Сурет 1.3.
К расчету сварных соединений
№ Варианта
|
Сталь
|
Уголок
|
Толщ. фасонки
|
Усилие в стержне
|
1
|
С235
|
50
|
8
|
620
|
2
|
С245
|
56
|
9
|
640
|
3
|
С255
|
63
|
10
|
700
|
4
|
С285
|
70
|
12
|
750
|
5
|
С345
|
75
|
12
|
800
|
6
|
С375
|
80
|
13
|
690
|
7
|
С235
|
90
|
13
|
900
|
8
|
С255
|
100
|
14
|
1000
|
9
|
С285
|
70
|
10
|
600
|
10
|
С245
|
56
|
9
|
550
|
|
|
|
|
|
Тәжірибелік сабақ 7. Болтты қосылысты есептеу
Жұмыс мақсаты: болттарды таңдай білу, және беріктікке есептеу.
Мысал: С245 болатынан жасалған қимасы 500х12мм екі беттің қосылуын жобалау (сурет 1.4). Болттардың дәлдік класы В. Қосылыста созу күші N=1000 кН әсер етеді.
Шешуі:
• болат С245 үшін:
Есептік кедергі Ry=24 кН/см2 (кесте 51* [3]);
Жұлуға уақытша кедергі Run=37 кН/см2 (кесте 51* [3]);
Жаншылуға есептік кедергі Rbp=46 кН/см2 (кесте 51* [3]);
• қосылысты симметриялық етіп екі 8мм бетті салу арқылы жобалаймыз.
• беріктік классы 5.8 болтты таңдаймыз (кесте 58* [3]):
Кесілуге есептік кедергі
Rbs=0.40⋅ Rbun=0.40⋅50=20 кН/см2;
• болт диаметрін қабылдаймыз db=20 мм;
• γb=0.9 көп болтты қосылыс үшін (кесте 35*[3]), γc=1.0;
• (1.8 [2]) формула бойынша бір болттың кесілуге қабылдайтын күшін анықтаймыз
Nb'= (20⋅0.9⋅3.14⋅22⋅2⋅1)/4=113.04 кН;
• жаншылуға (1.9 [2]) формула бойынша Rbp=1.35⋅Run=1.35⋅37=50 кН/см2
Болғанда Nb''=50⋅0.9⋅2⋅1.2⋅1=108 кН;
• Σt=12 мм (беттер қалыңдығы 2⋅8=16 мм, яғни қосылатын беттерден қалың);
• сондықтан болттардың керекті санын жаншылу шартынан анықтаймыз,
Өйткені Nb,min=Nb''b'. Жарты бетте керекті болттар саны:
n=N/Nb,min=1000/108=9.26,
• үлкен жаққа дөңгелектеп 10 етіп аламыз, яғни екі қатарда 5-те болады.
• беттің тесіктермен әлсізденуінен көтергіш қабілетін тексереміз.
Қабылдаймыз γc=1,1, тесіктер диаметрі d=23мм (В класы үшін);
Онда келесі шарт орындалуы қажет
N= Ry⋅An⋅γc немесе 1,2 ⋅ (50 - 5 ⋅ 2,3) ⋅ 24 ⋅ 1,1 = 1220 > 1000 кН,
Беріктік қанағаттандырарлық болып шықты.
Беттердің қимасын тексеру қажет емес, өйткені екі беттің Аn-ы қосылатын элементтердің ауданынан үлкен.
Сурет 1,4.
Достарыңызбен бөлісу: |