Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата23.10.2019
өлшемі2,14 Mb.
#50521
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
12 Dlya spec obraz
КЯ-701 Хаттама(1), КЯ-701 Хаттама(1)

Əдебиеттер
Негізгі əдебиеттер: 
1.
 
Маклаков А.Г. Общая психология. – М., 2008 
2.
 
Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. - СП б.: Питер, 2005. 
3.
 
Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в психологию.- М.: Изд-во МГУ, 1996 
 
Қосымша əдебиеттер: 
1.
 
Айсмонтас  Б.Б.  Общая  психология:  Схемы.  -  М.:  Изд-во  ВЛАДОС-
ПРЕСС, 2002. 
2.
 
Ананьев  Б.Г.  Психология  и  проблемы  человекознания  /  Под  ред. 
А.А.Бодалева. М.-Воронеж, 1996. 
3.
 
Гальперин П.Я. Введение в психологию.- М.: Изд-во МГУ, 1999 
4.
 
Столяренко Л.Д. Основы психологии. Ростов-на-Дону: Феникс, 2004. 
5.
 
Годфруа Ж. Что такое психология: в 2-з т.- М.: Мир, 1992 
6.
 
Ждан  А.Н.  История  психологии.  От  античности  до  наших  дней.  -  М.: 
Изд-во МГУ, 1996 
        
 
        Құрастырушылар: 
 
 
Нургалиева Ұ.С. – психол. ғ. к., профессор 
Аманова И.Қ. – психол. ғ. к., доцент 
Абишева Ж.А. – п. ғ. к., доцент 
 
 
 
 
 
 
 

52 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМА 
 
 
 
 
 
 
BM 2204 Білім берудегі менеджмент 
 
 
 
«Білім» тобындағы мамандықтар үшін 
 
 
 
2 кредит  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы,  2016 

53 
 
Алғы сөз 
 
1.  Абай  атындағы  ҚазҰПУ  жанындағы  ҚР  БҒМ  жоғары  жəне  жоғары  оқу 
орнынан  кейінгі  білім  берудің  РОƏК  «Білім»  тобы  мамандықтары  бойынша 
Оқу-əдістемелік бірлестігінде  ДАЙЫНДАЛҒАН  жəне ҰСЫНЫЛҒАН 
 
 
 2.
 
Қазақстан  Республикасы  Білім  жəне  ғылым  министрлігімен
  БЕКІТІЛГЕН 
жəне ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН   
 
 
 
3.  Типтік  оқу  бағдарлама  2016  жылғы  ҚР  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті 
білім беру стандартына сəйкес дайындалған. (Типтік оқу бағдарлама ҚР БҒМ   
30.06.2016 ж.,  № 2 хаттамасымен  бекітілген) 
 
 
4. Пікір берушілер: 
  Хан Н.Н. - - п.ғ.д., профессор Абай атындағы ҚазҰПУ 
  Джусубалиева Д.М. - п.ғ.д., профессор Абылай хан атындағы ҚазХҚжƏТУ  
 
 
5. 
ҚР 
БҒМ 
Републикалық 
Оқу-əдістемелік 
Кеңесі 
мəжілісінде 
ҚАРАСТЫРЫЛҒАН    
30.06.2016 
ж.,  Хаттама  № 
2

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Осы  типтік  бағдарламаны  Абай  атындағы  ҚазҰПУ  жанындағы  ҚР  БҒМ  РОƏК  «Білім» 
тобындағы  мамандықтары  бойынша  ОƏБ  рұқсатынсыз  көбейтуге  жəне  таратуға 
болмайды.
 

54 
 
Түсініктеме 
 
«Білім берудегі менеджмент» пəнінің типтік оқу бағдарламасы 5В010000 
бакалавриаттың «Білім беру» мамандықтар тобына арналған. 
     Курс  мақсаты:  болашақ  мұғалімнің  мектептің  тұтас  педагогикалық 
үдерісін жəне білім беру мекемесіндегі тəжірибелік іс-əрекетін жүзеге асыра 
отырып басқарудағы кəсіптік құзіреттілігін қалыптастыру. 
Курс міндеттері:  
1.
 
Білім  берудегі  менеджменттің  теориялық-əдіснамалық  негіздері  мен  
тұтас  педагогикалық  үдеріс  жəне  мектептің  педагогикалық  ұжымын 
басқарудың  ерекшеліктері  жөніндегі  болашақ  мұғалімдердің  білімін 
қамтамасыздандыру. 
2.
 
Болашақ мұғалімдерді білім берудегі менеджментің мəні жəне негізгі 
міндеттерімен таныстыру. 
3.
 
Айрықша  кəсіптік  қызмет  түріндегі  педагогикалық  менеджмент 
туралы айқын əрі саналы көзқарасты қалыптастыру. 
4.
 
Менеджер  қызметінің  нысаны  ретіндегі  тұтас  педагогикалық  үдеріс 
тұрғысынан білім беру мекемесін басқару қабілет-дағдыларын қалыптастыру. 
 
 
Курсты оқу нəтижесінде студенттер тиісті: 
 - 
білім 
беру 
менеджментінің 
теориялық-əдіснамалық 
негіздерін: 
педагогикалық  менеджменттің  қызметін,  заңдылықтарын,  ұстанымдарын, 
əдістерін, 
педагогикалық 
менеджменттің 
жүйе 
қалыптастырушы 
факторларын,  білім  берудегі  менеджмент  тұжырымдамасының  даму 
тарихын;  жүйелілік,  гумандылық,  құзіреттілік,  технологиялық  ыңғайлар 
негізінде мектепті басқарудың ерекшеліктерін; 
    -мектептегі тұтас педагогикалық үдерісті басқару негіздерін; 
 -мектептің педагогикалық ұжымын тиімді басқарудың талаптарын білуге
 

Біліктіліктерін игеруге:  
-  игерілген  теориялық  білімді  білім  беру  мекемесінде  іс  жүзінде 
қолдануды; 
    -  білім  беру  мекемесінің  біртұтас  жүйесі  аясында  диагностикалық, 
талдамалық жəне жобалау қызметтерін жүзеге асыруды; 
   - түрлі басқару қызметтерін жобалауды жəне жүзеге асыруды; 
   -  білім  беру  мекемесін  бақсаруда  жүйелілік,  гумандылық,  адамгершілік, 
құзіреттілік жəне технологиялық ыңғай дағдыларын пайдалануды; 
    -  ашық  педагогикалық  жүйе  ретіндегі  тұтас  педагогикалық  үдеріс 
тұрғысынан басқару қызметінің сапасын бағалауды; 
     - білім сапасын бағалаудың, білім алушыларды тəрбиелеу мен дамытудың 
заманауи  əдістемелерін  пайдалана  отырып,  білім  беру  мекемесінің 
əдістемелік жұмыстарына араласуды, білім беру үдерісінің тиімділігін талдау 
мен бағалауды, педагогикалық менеджменттің шектеулерін еңсеру бойынша 
əдістерді қолдануға.  

55 
 
Меңгеруге:  
 -  қазіргі  талаптарға  сəйкес  білім  беру  саласындағы  педагогикалық 
менеджменттің теориялық білімін; 
    -  жобалау  мен  мектептегі  тұтас  педагогикалық  үдерісті  басқаруды  талдау 
дағдыларын; 

 
ғылыми-зерттеу жұмысының дағдыларын; 

 
педагогикалық қарым-қатынас дағдыларын; 

 
педагогикалық 
үдерістің 
барлық 
қатысушыларының 
субъект-
суюъектілік əсерлестігін ұйымдастыру дағдыларын; 

 
алынған  білімді  кəсіптік  тəжірибе  барысында,  сондай-ақ  кəсіптік 
міндеттерді  шешуде    пайдалану  дағдыларын;  тұтас  педагогикалық  үдерісті 
басқару  қызметіне  байланысты  түрлі  жағдайларға  икемді  əрі  жан-жақты 
болуды. 
 
Аталмыш типтік оқу бағдарламасында 
 
-жаңа  терминдер  мен  түсініктер  ҚР  «Білім  беру  туралы»  Заңына 
(2007ж.),  оның  2012  жылғы  өзгерістері  мен  толықтыруларына,    2016-2019 
жылдарға  арналған  Қазақстан  Республикасындағы  Білім  беруді  дамытудың 
мемлекеттік  бағдарламасына,    Болон  декларациясы  жəне  білім  беру 
саласындағы өзге де халықаралық құжаттарға сəйкес қолданылады; 
 
-білім  беру  мекемесін  басқару  оның  екі  құрамдас  бөлігі  негізінде 
қарастырылады: 
 
1)  білім  беру  үдерісін  басқару.  Білім  беру  үдерісі  ретінде  ҚР 
мемлекеттік  білім  беру  стандарттына  сəйкес  тұлғаға  білім  беру,  оны 
тəрбиелеу  мен  дамыту  мəселелерін  шешуге  бағытталған  оқу-тəрбие,  оқу-
танымдық жəне өз бетінше білім алу үдерісінің жиынтығы қарастырылады;  
 
2)  білім беру мекемесінің ұжымын (педагогтік жəне балалар) басқару. 
Педагогтік  ұжым  өзіндік  жеке  қасиеттері,  еркі,  құндылығы,  идеалдары  бар 
нысан  ретінде  қарастырылады  жəне  ол  өз  мүдделерінің  мейлінше  толық 
есепке алынуын талап етеді. 
 
3) білім беру үдерісі мен білім беру мекемесінің ұжымы басқарылатын 
жүйе ретінде қарастырылады.    
 
«Білім  берудегі  менеджмент»  пəнін  меңгеру  барысында  алынған 
теориялық білім мен практикалық дағдылар студенттерді өз беттерінше жəне 
жоғары  деңгейде  нақты  басқару  міндеттерін  шешу,  тұтас  педагогтік  үдеріс 
субъектілерінің  (педагогтік  ұжым  жəне  оқушылар)  оқу-тəрбие,  оқу-
танымдық  жəне  өз  бетімен  білім  алу  əрекетіндегі  төмен  нəтиже  көрсету 
себептерін анықтау біліктерімен қамтамасыз етеді. 
Жоғарыда  айтылғандарға  сəйкес,  оқу  пəні  мазмұнының  құрылымында 
мына 
тараулар 
ерекшеленіп 
алынды: 
І–бөлім: 
«Білім 
берудегі 
менеджменттің  теориялық-əдіснамалық  негіздері»;  ІІ  –бөлім:  «Мектептің 
тұтас 
педагогикалық 
үдерісін 
басқару»; 
ІІІ-бөлім: 
«Мектептің 
педагогикалық ұжымын басқару».  

56 
 
Бұл бағдарламаның ерекшелігі мен айырмашылығы – «Мектептің тұтас 
педагогтік  үдерісін  басқару»  тарауы  мектеп  (мұғалім)  басшысы  əрекетінің 
нысаны ретінде, қазақстандық ғалым Н.Д. Хмель əзірлеген, тұтас педагогтік 
үдеріс теориясына негізделген. 
Пререквизиттер:  Курсты  оқытудың  алдында  мына  пəндер  меңгерілуі 
тиіс:  «Педагогика»  «Қазақстан  тарихы»,  «Мəңгілік  Ел»,  «Оқушылар 
дамуының физиологиясы», «Өзін-өзі тану» жəне «Психология». 
Постреквизиттер:  «Білім  берудегі  менеджмент»  пəні  мына  пəндердің 
меңгерілуіне  негіз  болады:  «Тəрбие  жұмысының  теориясы  мен  əдістемесі», 
«Инклюзивті  білім»,  т.б.  таңдау  бойынша  əртүрлі  элективті  педагогикалық 
курстар, сондай-ақ оқу жəне өндірістік пен педагогикалық практика.  
 
Пəнніңтақырыптық жоспары 
 

Тақырып 
1-БӨЛІМ  БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ  
ТЕОРИЯЛЫҚ-ƏДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
1  Менеджмент басқару туралы ғылым  
2  Педагогикалық менеджмент педагогикалық жүйелерді басқару теориясы 
мен технологиялары ретінде 
3  Педагогикалық менеджменттің заңдылықтары 
4  Педагогикалық менеджменттің ұстанымдары 
5  Мектептегі жаңашылдықты басқару 
2-БӨЛІМ. МЕКТЕПТІҢ ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСІН 
БАСҚАРУ 
1  Мектеп басқарудың педагогикалық жүйесі жəне нысаны ретінде  

Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау
 
3  Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін жоспарлау  

Мектептегі əдістемелік қызмет жəне мұғалімдерді аттестациялау  
5  Технологиялық тəсіл негізінде мектепті басқару 
БӨЛІМ 3. МЕКТЕПТІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰЖЫМЫН БАСҚАРУ 
1  Педагогикалық ұжым басқарудың объектісі мен субъектісі ретінде  
2  Педагогикалық қарым-қатынас жəне басқару этикасы  
3  Мектепттің тұтас педагогикалық үдерісінде қақтығыстарды басқару.  
4  Білім беру менеджерінің көшбасшылығы жəне көшбасшылық қасиеті.  
 
Бағдарлама мазмұны  
 1-Бөлім. Білім берудегі менеджменттің теориялық-əдіснамалық 
негіздері 
 
1-тақырып. Менеджмент басқару туралы ғылым 
Менеджмент  кəсіби  қызметтің  ерекше  түрі  ретінде.  Басқару  туралы 
ғылымның  дамуы,  басқару  ой-пікірінің  эволюциясы:  менеджменттің 

57 
 
шетелдік теориялары мен тұжырымдамалары. Ф. Тейлордың ғылыми басқару 
мектебіне, А.Файолдің əкімшілік басқару мектебіне,  Э.Мэйо, А. Маслоудың 
адами  қарым-қатынас  мектебіне,  Ф.Герцбергтің  екіфакторлы  модель 
мектебіне  қысқаша  сипаттама  беру.  Врумның  күту  теориясы.  Портера-
Лоулердің  сандық  тəсілі.  Д.Мак  Клелландтің  теориясы.  Д.Мак-Грегордің 
адами  қарым-қатынас  теориясы.  Қазіргі  менеджменттің  мəні  мен  өзіне  тəн 
сипаты.  Менеджменттің  американдық,  жапондық  жəне  батыс  еуропалық 
типтеріне ортақ жəне өзіндік ерекше белгілері. 
 
Негізгі 
түсініктер: 
басқару, 
менеджмент, 
теориялар 
мен 
тұжырымдамалар, қазіргі менеджмент, менеджмент қызметтері
 
2-тақырып. Педагогикалық менеджмент педагогикалық жүйелерді 
басқарудың теориясы жəне технологиясы ретінде. Білім берудегі басқару 
түсінігі.  Педагогикалық  менеджменттің  басқару  қызметінің  айрықша  түрі 
ретіндегі  мəні  мен  ерекшеліктері.  Педагогикалық  менеджмент  теориясының   
негізгі  түсініктері.  Педагогикалық  менеджмент  мақсаттары  мен  міндеттері. 
Педагогикалық  менеджмент  əдістері.  Педагогикалық  менеджменттің  жүйе 
құраушы  факторлары.  Мектепті  басқарудағы  əдіснамалық  тəсілдер  (жүйелі, 
гуманитарлы, 
құзыретті, 
адамға 
бағытталған 
т.б.). 
Педагогикалық 
менеджмент  сапасының  талаптары.  Білім  сапасы  ғылыми  басқарудың 
мақсаты  мен  нəтижесі  ретінде.  Жүйені  басқарудың  мемлекеттік-қоғамдық 
сипаты.   
 
Негізгі  түсініктер:  білім  беруді  басқару,  педагогикалық  менеджмент, 
білім  берудің  сапасы,  жүйе  құраушы  факторлар,  мемлекеттік-қоғамдық 
басқару. 
 
3-тақырып. 
Педагогикалық 
менеджменттің 
заңдылықтары. 
Мектепішілік  менеджменттің  жетекші  заңдылықтары.  Оқу-тəрбие  жұмысын 
басқару  жүйесі  қызметі  тиімділігінің  басқарудың  субъектісі  мен  объектісі 
арасындағы құрылымдық-қызметтік байланыстар деңгейіне тəуелділігі. Оқу-
тəрбие жұмысын басқару мазмұны мен əдістерінің мектептегі педагогикалық 
үдеріс  мазмұнының  сипаты  мен  оны  ұйымдастыру  əдістеріне  шарттылығы. 
Басқарудың талдау жасау, мақсаттылық, гуманистілік, демократтылығы жəне 
мектеп басшыларының басқару қызметінің əр түрлеріне əзірлігі.     
Негізгі 
түсініктер:заңдылықтар, 
педагогикалық 
менеджмент 
заңдылықтары. 
 
4-тақырып. Педагогикалық менеджменттің ұстанымдары. 
Басқару  ұстанымдары  басқару  заңдылығының  нақты  көрінісі  мен  бейнесі 
ретінде.  Педагогикалық  жүйелерді  басқарудың  демократизациялау  мен 
гуманизациялау  ұстанымы.  Өкілеттіктерді  табыстау.  Мектепті  басқарудағы 
жүйелілік  пен  тұтастық.  Орталықтандыру  мен  жекеленуді  саналы  түрде 
үйлестіру. Жеке басқару мен ұжымды басқарудың бірлігі.  
Негізгі  түсініктер:  ұстаным,  басқару  ұстанымдары,  педагогикалық 
менеджмент ұстанымдары 

58 
 
5- тақырып. Мектептегі жаңашылдықты басқару 
Мектептегі  жаңалық  жəне  жаңашылдық  үдерісі.  Қазіргі  мектептегі  
жаңашылдық  үдеріспен  басқарудың  ерекшеліктері.  Педагогикалық  іс-
əрекеттің 
жаңашылдық 
бағыттары: 
басқарудың 
заңдылықтары 
мен 
қағидалары.  Жаңалық,  жаңашылдық  жəне  жаңалықты  ендіру:  дамудың 
ерекшеліктері  мен  кезеңдері.  Жаңалықты  басқарудағы  тиімді  технологиялар 
(модерация, жобалау жəне т.б.) 
Жаңа  үдерістерді  басқару  барысындағы  оқушылар  мен  педагогтардың 
тұлғалық өзін-өзі анықтауы. Жаңа үдерістерді басқару барысындағы алқалық 
қағидасы. Жаңа үдерістердің нəтижесін болжау жəне бақылау. 
Негізгі 
түсініктер: 
жаңалық, 
мектептегі 
жаңа 
үдерістер, 
жаңашылдықпен  басқару  технологиясы,  мектептің  жаңашыл  іс-əрекеті, 
тұлғалық өзін-өзі анықтау. 
 
2- Бөлім. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін басқару 
 
1-тақырып.  Мектеп  басқарудың  педагогикалық  жүйесі  жəне 
нысаны ретінде    
«Жүйе»  түсінігінің  анықтамасы  жəне  оның  негізгі  қасиеттеріне  сипаттама 
(тұтастық  жəне  бөлінушілік, 
тұрақты  қарым-қатынас  болуы, 
пайда 
(эмерджентность),  синергетикалылық,  мультипликативтік)

Педагогикалық 
жүйенің  құрамдары.  Педагогикалық  іс-əрекеттің  мақсаты  (түлектің  мінсіз 
бейнесі)  жүйеқұраушы    құрылым  ретінде.  Басқару  жүйесі,  оның 
педагогикалық  іс-əрекетке,  байланыс  жəне  қарым-қатынасқа  бағыттылығы. 
Əдістемелік жүйе, оның құрылысы, негізгі құрастырушылардың анықтамасы. 
Əдістемелік  жүйенің  мақсаты.  Педагогикалық  үдеріс.  Педагогикалық 
үдерісті  ұйымдастыруформасы  жəне  құралдары,  əдістері  мен  білім  беру 
мазмұны.  Мəдени-білім  беру  ортасы.  Педагогикалық  үдерісті    ұйымдастыру 
технологиясы. Педагогикалық жүйенің жалпы белгілері. 
 
 Негізгі  түсініктер:   жүйе, педагогикалық жүйе, əдістемелік жүйе.  
  
2-тақырып. 
Мектептің 
тұтас 
педагогикалық 
үдерісін 
диагностикалау 
 "Диагностика"  ұғымының  мəні.  Педагогикалық  диагностика  түсінігі. 
Тұтас педагогикалық үдерістің диагностикасы. 
ТПҰ  -  ның  жұмыс  істеу  əр  түрлі  кезеңдеріндегі  жай-күйі  туралы 
ақпарат - диагностиканың негізі. 
ТПҰ  -  ның  əр  түрлі  кезеңдеріндегі  жай-күйі  туралы  ақпарат  түрлері: 
бастапқы, тактикалық, оперативтік. 
Педагогикалық  үдерістің  негізгі  сипаттамалары  (ауыспалы,  үлгерім 
сапасы,  балалар  ұжымының  қалыптасу  деңгейі,  оқушылардың  əлеуметтік 
белсенділігінің  деңгейі  жəне  т.  б.)  жəне  олардың  көрсеткіштері.  ТПҰ  -  ның 

59 
 
жай-күйі  туралы  ақпаратты  өңдеудің  əдістемесі    жəне  нəтижелерін  мектеп 
қызметін болжау үшін ұсыну. 
Педагогикалық  үдерісті  басқару  жəне  оның  жай-күйін  зерделеу  үшін 
ақпараттарды  іріктеу  критерийлері.  Тұтас  педагогикалық  үдерісті  басқару  
жəне 
 
педагогикалық    талдау.  Педагогикалық  талдаудың  түрлері  мен 
мазмұны. Педагогикалық талдаудың негізгі объектілері. SWOT-талдау. 
Білім 
беру 
үдерісін
 
бақылау 
технологиялары. 
Мектепішілік 
бақылаудың принциптері, түрлері, əдістері, мазмұны. 
Бақылау  нəтижелілігінің  шарттары.
 
Педагогикалық  ұжымдардың
 
қызмет
 
критерийлері  мен  көрсеткіштері.  Мектеп  -  тұтас  педагогикалық  
үдерісті басқару  сапасының мониторингі. 
Негізгі  түсініктер:  мектепішілік  бақылау,  диагностика,  ақпарат, 
педагогикалық үдерістің  негізгі сипаттамалары (ауыспалы). 
 
3-тақырып. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін жоспарлау 
 
Жоспарлау  -  мектепті  басқарудың  функциясы  ретінде.  Педагогикалық 
үдерістің    жағдайы туралы    ақпаратты мектеп жұмысында барлық    түрлерін 
жоспарлау үшін пайдалану. 
Мұғалімнің,  тəрбиешінің,  сынып  жетекшісінің  оқу  жəне  тəрбие    іс-
əрекеретін жоспарлау. Перспективалық жəне жылдық жоспар.  
Мектептің  жұмысын  жоспарлаудың 
 
барлық  түрлерінің  (мектепішілік 
жоспар, педагогикалық жəне əдістемелік кеңестердің, пəндік бірлестіктердің 
(кафедралардың)  жұмыс  жоспарлары,  тақырыптық  жəне  сабақ  жоспарлары, 
сынып  жетекшілерінің  жұмыс  жоспарлары  жəне  т.  б)  орындалуын  бақылау
 
мазмұны мен түрлерінің бірлестігі. 
Мектеп  құжаттары.
 
Мектепті  басқарудағы  мектеп  құжаттарынын  рөлі.
 
Негізгі  құжаттардың  тізімі  жəне  сипаттамасы.  Бұйрық  кітаптары,  сынып 
журналдарын жəне басқа да құжаттарды жүргізуге қойылатын талаптар. 
Негізгі  түсініктер:  мектеп  жұмысын  жоспарлау,  жоспар  түрлері, 
мектеп құжаттары. 
4-тақырып.  Мектептегі  əдістемелік  қызмет  жəне  мұғалімдерді 
аттестациялау  
Мектептегі  əдістемелік  қызмет  мұғалімдердің  кəсіби  құзіреттіліктерін 
қалыптастыруды  басқару  жүйесі  ретінде.  Əдістемелік  қызметтің  мақсаты, 
міндеті жəне іс-əрекеттің негізгі бағыттары. Ғылыми-əдістемелік кеңес, оның 
мақсаты,  міндеті,  қызметі  жəне  өкілеттілігі.  Мұғалімдердің  əдістемелік 
бірлестігінің түрлері мен рөлі.  
 
 Мектептегі  əдістемелік  қызметті  ұйымдастыру  формалары  мен 
қағидалары.  Жас  мұғалімдер  мектебі. 
Тəлімгерлік.  Педагогикалық  шеберлік 
мектебі. 
  Алдыңғы  қатарлы  педагогикалық  тəжірибені  жалпылау. 
Мұғалімдерді  жаңашыл  педагогикалық  іс-əрекетке  тарту.  Мұғалімдердің 
кəсіби  құзіреттіліктерін  қалыптастырудағы  өзіндік  білімнің  рөлі.  Тұтас 
педагогикалық  ұжымның  жəне  əрбір  мұғалімнің  кəсіби  даму  жетістігінің 

60 
 
диагностикасы.  Мұғалімдердің  педагогикалық  портфолиосын  қалыптастыру 
аттестацияға  дайындау  шарты  ретінде.  Аттестацияны  рəсімдеу,  қазіргі 
кездегі талаптар.  
Негізгі    түсініктер:  əдістемелік  қызмет,  ғылыми-əдістемелік  кеңес, 
алдыңғы  қатарлы  педагогикалық  тəжірибені  жалпылау,  мұғалімдердің 
педагогикалық портфолиосы.  
5-тақырып. Технологиялық тəсіл негізінде мектепті басқару  
Мектепішілік  басқару  жүйесі  ұйымдық  құрылымы  мен  қызмет  ретінде. 
Басқару  жүйесін  дамыту  мен  əрекеттестіру  шарты  мен  қағидалары.  Басқару 
жүйесінің мақсаты мен негізгі міндеттері. Мектептегі рухани-психологиялық 
климат.    Басқарудың  негізгі  қағидалары.  Еңбекті  тігінен  жəне  көлденеңінен 
бөлу.  Басқару  жүйесінің  құрылымы.    Жұмыскерлердің  лауазымы  бойынша 
қызметтері.  Басқару  формасы.  Педагогикалық  кеңес,  оның  мақсаты  мен 
міндеттері,  қызметі  жəне  өкілеттілігі.  Басқарудың  əдістері  мен  құралдары. 
Басқару    қызметінің  түрлері  (қызметі)  жəне  оларға  сипаттама.  Жобалау, 
ұйымдастыру,  бақылау,  ақпаратты  жинау  жəне  талдау  жасау,  міндет  қою. 
Мектепті  технологиялық  тəсілмен  басқарудың  түйіні.  Басқару  жүйесін 
құрастыру моделіне қойылатын талаптар.
 
Негізгі  түсініктер: мектепішілік басқару жүйесі, педагогикалық кеңес, 
технологиялық тəсіл негізінде мектепті басқару 
 
        3- Бөлім. Мектептің педагогикалық ұжымын басқару 
 
1-тақырып. Педагогикалық ұжым басқарудың объектісі мен 
субъектісі ретінде 
Педагогикалық  ұжым  –  дамудың  нақты  заңдылығымен  əрекет  ететін 
феномен.  Педагогикалық  ұжым  білім  беру  сапасын  басқарудың  объектісі 
ретінде.  Басқарудың  негізгі  элементтерінің  сипаттамалары:  мақсаты, 
құралдары,  білім  беру  үдерісі.  Адами  ресурстардың  құндылығы.  Ұжымды 
басқару  кезіндегі  өзара  қарым-қатынас  жəне  деңгейін  білу  құрылымы. 
Мектеп  ұжымының  бағдарламалық  іс-əрекетінің  мақсаты  мен  міндеттері: 
алқалық  келісмге  келу,  шынайылық,  дəлел  деңгейін  арттыруға  бағдарлау, 
жеке басын ынталандыру.   
Негізгі  түсініктер:  педагогикалық  ұжым,  ұжымды  басқару,  адами 
ресурстары, басқару элементі, бағдарламалық іс-əрекет.   

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет