Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата23.10.2019
өлшемі2,14 Mb.
#50521
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
12 Dlya spec obraz
КЯ-701 Хаттама(1), КЯ-701 Хаттама(1)


 
2БРР
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМА 
 
 
 
 
БАКАЛАВРИАТ 
 
 
Оқушылардың физиологиялық дамуы 
Педагогика 
Психология 
Білім берудегі менеджмент 
Инклюзивті білім беру 
Тəрбие жұмысының теориясы мен əдістемесі 
 
 
 «Білім» тобындағы мамандықтар үшін 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы, 2016 


 
Р БРР
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМА 
 
 
 
 
       БАКАЛАВРИАТ 
 
 
Оқушылардың физиологиялық дамуы 
Педагогика 
Психология 
Білім берудегі менеджмент 
Инклюзивті білім беру 
Тəрбие жұмысының теориясы мен əдістемесі 
 
 
 «Білім» тобындағы мамандықтар үшін 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы, 2016 


 
БМАААА 
МАЗМҰНЫ 
 
 
1.
 
Оқушылардың физиологиялық дамуы .........................................4 
2.
 
Педагогика ................................................................................ ....16 
3.
 
Психология .................................................................................... 44 
4.
 
Білім берудегі менеджмент ...........................................................52 
5.
 
Инклюзивті білім беру ...................................................................72 
6.
 
Тəрбие жұмысының теориясы мен əдістемесі ............................ 86 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
БРР
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМА 
 
 
 
 
       
OFD 1201 Оқушылардың физиологиялық дамуы 
 
 
 «Білім» тобындағы мамандықтар үшін 
 
 
 
2 кредит 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы, 2016 


 
Алғы сөз 
 
1.  Абай  атындағы  ҚазҰПУ  жанындағы  ҚР  БҒМ  жоғары  жəне  жоғары  оқу 
орнынан  кейінгі  білім  берудің  РОƏК  «Білім»  тобы  мамандықтары  бойынша 
Оқу-əдістемелік бірлестігінде  ДАЙЫНДАЛҒАН  жəне ҰСЫНЫЛҒАН 
 
 
 2.
 
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігімен БЕКІТІЛГЕН 
жəне ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН   
 
 
3.  Типтік  оқу  бағдарлама  2016  жылғы  ҚР  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті 
білім беру стандартына сəйкес дайындалған. (Типтік оқу бағдарлама ҚР БҒМ   
30.06.2016 ж.,  № 2 хаттамасымен  бекітілген) 
 
 
4. Пікір берушілер: 
Дүйсембин  Қ.Д.  –  биология  ғылымдарының  докторы,  профессор,  ҚР 
Ұлттық  Ғылым  Академиясының  академигі,  ҚР  Білім  жəне  ғылым 
министрлігінің Адам жəне жануарлар физиологиясы институты 
 Шалабаев  Қ.И.  –  биология  ғылымдарының  кандидаты,  профессор, 
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
 
 
5. 
ҚР 
БҒМ 
Републикалық 
Оқу-əдістемелік 
Кеңесі 
мəжілісінде 
ҚАРАСТЫРЫЛҒАН    
30.06.2016 
ж.,  Хаттама  № 
2

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Осы  типтік  бағдарламаны  Абай  атындағы  ҚазҰПУ  жанындағы  ҚР  БҒМ  РОƏК  «Білім» 
тобындағы  мамандықтары  бойынша  ОƏБ  рұқсатынсыз  көбейтуге  жəне  таратуға 
болмайды.
 


 
Түсінік хат 
 
«Оқушылардың 
физиологиялық 
дамуы» 
пəнінен 
типтік 
оқу 
бағдарламасы  педагогикалық  мамандықтарға  арналып  дайындалған  жəне 
болашақ  мұғалімдер  мен  тəрбиешілерді  кəсіби  тұрғыдан  дайындауға 
бағытталған.  Бағдарлама  онтогенездің  əр  түрлі  кезеңдерінде  организм 
тіршілігінің, өсу жəне даму барысында ағзалардың жəне ағзалар жүйелерінің 
қызмет етуінің ерекшеліктерінің  заманауи мəселелерін қамтиды.    
«Оқушылардың  физиологиялық  дамуы»  пəнінің  мақсаты    -  мектеп 
жасындағы  балалардың  анатомиялық  жəне  физиологиялық  ерекшеліктері, 
əртүрлі  жастағы  өсу  жəне  даму  заңдылықтары,  өскелең  организмнің 
қоршаған  ортамен  қарым-қатынасы,  мектеп  оқушыларының  денсаулығын 
сақтау  мен  нығайту,  олардың  оқып-білім  алу  барысында  жұмысқа 
қабілеттілігінің  жоғары  деңгейін  қамтамасыз  ету  жолдарының,  баланың 
жасына  лайық  білім  беріп,  ақыл  ойын  дамыту,  дені  сау,  сымбатты  етіп 
өсірудің  ғылыми  негіздері  туралы  педагогикалық  мамандықтар  бойынша 
оқып  жатқан  студенттерге  білім  беру.  Бұл  мəліметтер  ғылыми  негізде  əр 
түрлі  жастағы  балалармен  оқу-тəрбие  жұмысын  ұйымдастыруға,  олардың 
денсаулығын қорғау, дене тəрбиесі мен еңбек етуге үйретуде аса қажет.   
Қазіргі  кезеңде  оқушы  баланың  даму  физиологиясы  заман  талабына 
лайық,  бəсекелестікке  қабілетті  педагогикалық  мамандар  дайындауда  ролі 
мен  маңызы  едəуір  өсіп  отыр.  Бұл  мектеп  оқушыларының  білімінің  сапасы 
мен  көлеміне  қойылатын  талаптың  жоғарылауымен,  оқу  үрдісінде 
компьютерлік  техниканың,  интернеттің  жəне  басқа  техникалық  оқыту 
құралдарының  кеңінен  қолданылуымен,  инновациялық  технологиялардың 
білім  беру  ісінде  жаппай  ендірілуімен  жəне  қазіргі  уақытта  балалардың 
қимыл 
белсенділігінің 
төмендеуімен 
байланысты. 
Осылардың 
бəрі 
оқушылардың 
денсаулығы 
мен 
организмнің 
функционалдық 
мүмкіншіліктеріне теріс əсер етуде. 
Қалыптасып отырған жағдайда тəрбие беру мен оқыту жұмыстарының 
педагогикалық  тиімділігі  балалар  мен  жасөспірімдердің  анатомиялық  жəне 
физиологиялық  ерекшеліктері  мен  организмнің  əр  түрлі  жас  кезеңдерінде 
қызмет ету мүмкіншіліктерін ескерумен тікелей байланысты.        
«Оқушылардың 
физиологиялық 
дамуы» 
пəнін 
оқып 
меңгеру 
нəтежиесінде студенттерде қалыптасатын құзіреттіліктер
-
 
өзінің  тұлғалық  даму  мақсаттарын  қалыптастыруға  жəне  шынайы 
бағалауға  қабілетті,  сондай-ақ,  оқушылардың  зияткерлік  даму 
деңгейін арттыру дағдыларын игерген; 
-
 
мектеп  жасындағы  балалар  мен  жасөспірімдерді  оқыту  жəне 
тəрбиелеу  жұмыстарын  ағзаның  əр  түрлі  жас  кезеңдеріне  сай 
физиологиялық  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  ұйымдастыруға 
қабілетті; 


 
-
 
дене тəрбиесі мен шынықтыру əдістерін пайдалану арқылы балалар 
мен  жасөспірімдер  ағзасының  қоршаған  ортада  бейімделу 
мүмкіншілігін арттырып, денсаулығын қорғау мен жақсартуға үлес 
қосады  жəне  толыққанды  əлеуметтік  кəсіби  қызметті  қамтамасыз 
ету үшін өзінің дене мəдениетін жетілдіруге дайын; 
-
 
оқушыларда  саламатты  өмір  сүру  салтын  қалыптастыруға  жəне 
тазалық сақтау мен денсаулықты нығайту талаптарына сай сыртқы 
ортаның  жағымсыз  ықпалдарынан  қорғану  ережелерін  ұстануға 
қабілетті.  
Студенттер білуі керек: 
-
 
мектеп  жасындағы  балалар  мен  жасөспірімдердің  өсуі  мен 
дамуының жалпы заңдылықтары; 
-
 
жүйке жүйесі дамуының физиологиясы, жоғары жүйке əрекеті жəне 
баланың даму барысындағы қалыптасуы; 
-
 
сенсорлық жүйелердің дамуының физиологиялық ерекшеліктері; 
-
 
эндокриндік  жүйенің  дамуы,  балалар  мен  жасөспірімдердің 
жыныстық жетілуі мен тəрбиелеудің ерекшеліктері; 
-
 
тірек-қимыл жүйесінің дамуы; 
-
 
ас қорыту ағзаларының даму ерекшеліктері; 
-
 
зат пен энергия алмасуының физиологияляқ ерекшеліктері; 
-
 
қанның, жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жүйелерінің дамуы; 
-
 
сыртқа шығару жүйесі мен терінің жастық ерекшеліктері; 
-
 
оқушылардың денсаулығын қорғау, саламатты өмір сүру салтының 
қағидаларын ұстануға баулу негіздері.  
Пəн  пререквизиттері  –  жалпы  биология,  эмбриология,  адам 
анатомиясы  мен  физиологиясы,  химия,  физика,  цитология  жəне  гистология, 
генетика негіздері. 
Пəн  постреквизиттері  –  педагогика,  психология,  адам  мен  жануарлар 
физиологиясы, экология, социология. 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 «Оқушылардың физиологиялық дамуы» пəнінің  
ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ 
 
Тақырып 1. Кіріспе. Онтогенез заңдылықтары. 
Тақырып 2. Тірек-қимыл жүйесінің дамуы.  
Тақырып 3. Жүйке жүйесінің дамуы.  
Тақырып  4.  Жоғары  жүйке  əрекеті  жəне  оның  баланың  осіп-дамуы 
барысында  қалыптасуы.  
Тақырып 5. Сенсорлық жүйелердің дамуы. 
Тақырып 6. Эндокриндік жүйенің дамуы.  
Тақырып  7.  Қанның  жастық  ерекшеліктері  жəне  жүрек-қан  тамырлары 
жүйесінің дамуы. 
Тақырып 8. Тыныс алу жүйесінің дамуы. 
Тақырып  9.  Ас  қорыту  жүйесінің  жасқа  сай  анатомиялық-физиологиялық 
ерекшеліктері.  
Тақырып 10. Зат пен энергия алмасуының жастық ерекшеліктері.  
Тақырып 11. Сыртқа шығару жүйесі мен терінің жастық ерекшеліктері. 
Тақырып  12.  Балалардың  дамуының  əлеуметтік  факторлары.  Мектепке 
бейімделу. 
 
ПƏН МАЗМҰНЫ 
 
КІРІСПЕ 
        Оқушылардың 
физиологиялық 
дамуы 
педагогикалық 
ғылымдар 
жүйесінің  құрамдас  бөлімі  ретінде.  «Оқушылардың  физиологиялық  дамуы» 
пəнін  оқытудың  мақсаты  жəне  міндеттері.  Зерттеу  нысаны  мен  əдістері. 
Оқушылардың  физиологиялық  дамуының  педагогика  жəне  психология 
ғылымдарымен  байланысы,  оның  оқу-тəрбие  жұмысы  мен  еңбек  тəрбиесін 
дұрыс  ұйымдастырудағы,  оқушылар  денсаулығын  сақтап  нығайту,  денелік 
дамуын жетілдіру мен жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін маңызы.  
        Оқушылардың 
физиологиялық 
дамуының 
ғылым 
ретінде 
қалыптасуының  негізгі  кезеңдері.  Оқушылардың  физиологиялық  дамуының 
Қазақстанда дамуы. 
 
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
 
1.  ОНТОГЕНЕЗ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ 
        Организмнің  біртұтастығы.  Организм  жəне  қоршаған  орта.  Организм 
қызметтерінің  нейрогуморальдық  реттелуі.  Организмнің  өсуі  мен  дамуы. 
Өмір сүру жағдайларының мектеп жасындағы балалардың өсуі мен дамуына 
тигізетін  əсері.  Дамудың  үздіксіздігі,  əркелкілігі,  ең  маңызды  жүйелердің 
дамуының  озық  жүруі  жəне  гетерохрония.  Онтогенездің  кезеңдерге  бөлінуі, 
онтогенездің қатерлі кезеңдері. Денелік даму - денсаулық жағдайының жəне 


 
əлеуметтік  бақуаттылықтың  маңызды  көрсеткіші.  Оқушылардың  денелік 
дамуының  жағдайы  мен  оны  анықтайтын  əдістер.  Акселерация,  ретардация, 
реактивтілік пен резистенттік туралы ұғымдар.  
 
2.  ТІРЕК-ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ         
         Адам  қаңқасы.  Буындардың  құрылысы  мен  қызметтері.  Омыртқа 
жотасының  иілімі,  олардың  қалыптасуы  мен  маңызы.  Қаңқа  сүйектерінің 
қалыптасуы. 
        Ет  жүйесі.  Бұлшық  еттің  құрылысы  мен  қызметі.  Ет  салмағы  мен  ет 
күшінің  жас  ерекшеліктері.  Қозғалыс  дағдыларының  дамуы,  жасқа  сай 
қозғалысты үйлестіруді жетілдіру.  
Дене  еңбегінің  шамасына  əр  түрлі  жастағы  организм  реакциясының 
ерекшеліктері. Оқушылардың қозғалыс режимі. Гиподинамияның зияны. 
        Дене  бітімі,  оның  дұрыс  қалыптасуының  маңызы.  Кеуде  қуысы 
қаңқасының  деформациясы.  Жалпақтабандылық.  Тұру,  отыру  жəне  жүру 
кезінде  денені  дұрыс  ұстау.  Мектеп  оқушыларында  дұрыс  дене  бітімін 
сақтауды жəне қалыптастыруды тəрбиелеу. Дене бітімін дұрыс қалыптастыру 
мен  табан  тірегін  нығайтуда  дене  жаттығуларының  маңызы.  Тірек-қимыл 
жүйесінің бұзылыстарының алдын алу. 
 
3. ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ  
        Жүйке  жүйесінің  құрылысы.  Жүйке  жүйесінің  ақпаратты  қабылдау, 
өңдеу,  өткізу  жəне  психикалық  қызметтерін  атқару  үшін  организмнің 
реакцияларын ұйымдастырудағы ролі. Жүйке ұлпасы. Нейронның құрылысы 
мен  қасиеттері.  Жүйке  талшығының  қасиеттері.  Жүйке  талшықтарының 
миелинденуіне  байланысты  жас  ерекшеліктері.  Синапстар,  орталық  жүйке 
жүйесіндегі  (  ОЖЖ  )  қозуды  өткізу  механизмі.  Жүйке  орталықтары  жəне 
олардың қасиеттері. 
        Рефлекс  -  жүйке  əрекетінің  негізі.  Рефлекторлық  доға.  Рецепторлар. 
ОЖЖ-де  қозу  мен  тежелу  жəне  олардың  өзара  əрекеттесуі.  Иррадиация, 
индукция  жəне  доминанта.  Балаларда  иррадиация  мен  индукцияның  өту 
ерекшеліктері, оларды оқу жəне тəрбие үрдісінде ескеру.  
        Орталық  жүйке  жүйесі  бөлімдерінің  құрылысы  мен  функционалдық 
маңызы. Автономиялық жүйке жүйесі. 
 
4.  ЖОҒАРЫ ЖҮЙКЕ ƏРЕКЕТІ ЖƏНЕ ОНЫҢ БАЛАНЫҢ ӨСІП-
ДАМУЫ БАРЫСЫНДА ҚАЛЫПТАСУЫ 
        Ми  қыртысының  құрылымдық  жəне  функционалдық  ұйымдасуы. 
И.М.Сеченов жəне И.П.Павлов - жоғары жүйке əрекеті туралы ілімнің негізін 
қалаушылар.  
        Шартты  рефлекстер  туралы  ілім.  Шартты  жəне  шартсыз  рефлекстердің 
ерекшеліктері.  Шартты  рефлекстердің  пайда  болуының  механизмі.  Шартты 

10 
 
рефлекторлық  əрекеттің  жас  ерекшеліктері.  Жоғары  дəрежелі  шартты 
рефлекстер. 
        Шартты  рефлекстердің  тежелуі.  Шартсыз  тежелу  жəне  олардың  жас 
ерекшеліктері.  Тежелудің  қорғаныстық  сипаты.  Шартты  тежелу.  Шартты 
тежелудің  түрлері  жəне  балалардағы  ерекшеліктері.  Шартты  тежелудің 
дамуы - тəрбиенің физиологиялық негізі. 
        Бірінші жəне екінші сигналдар жүйесі, олардың өзара əрекеттесуінің жас 
ерекшеліктері.  Баланың  даму  барысында  сөздің  сенсорлық  жəне  моторлық 
механизмінің тұрақтануі. Стереотиптердің сөйлеудің дамуы үшін маңызы. 
        Жоғары  жүйке  əрекетінің  типтері,  олардың  пластикалығы.  Балалардың 
жоғары жүйке əрекетінің типологиялық ерекшеліктері. 
        Əртүрлі  жүйке  орталықтарының  əрекеттесуі  нəтижесі  ретінде  мидың 
интеграциялаушы 
қызметі. 
Функциональдық 
жүйе 
туралы 
түсінік. 
Организмнің 
іс-əрекеттік 
реакцияларын 
жүзеге 
асыруды 
кері 
афферентацияның  маңызы.  Жеке  даму  барысында  ОЖЖ  қызметін  жүйелі 
ұйымдастырудың  негізгі  заңдылықтары.  ОЖЖ  үйлестіру  үрдістері  - 
психикалық  қызметтердің  негізі.  А.А.Ухтомскийдің  доминанта  туралы  ілімі 
жəне оның  адамның  танымдық  əрекетін  басқарудағы  маңызы.  Динамикалық 
стереотип - əдет жəне дағды, күн кестесінің физиологиялық негізі. 
        Оқыту  мен  еске  сақтаудың  физиологиялық  негіздері.  Еске  сақтаудың 
компоненттері. Қысқа мерзімді жəне ұзақ мерзімді еске сақтау, онтогенездің 
əртүрлі кезеңдеріндегі ерекшеліктері. 
        Мотивация,  эмоция  жəне  іс-əрекеттік  реакциялары.  Бұлардың  жүзеге 
асуындағы  мидың  əртүрлі  бөлімдерінің  ролі.  Эмоцияның  тəрбиелеу  мен 
оқытудағы ролі. Ұйқы мен сергектіктің нейрофизиологиялық негіздері. Ұйқы 
гигиенасы. 
 
5.  СЕНСОРЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ДАМУЫ  
        Сыртқы  ақпаратты  қабылдауды  ұйымдастырудың  жүйесі.  Организмнің 
сенсорлық жүйелері, олардың топтамасы. Сенсорлық жүйелердің құрылымы 
мен  функциональдық  жетілуі.  Сенсорлық  стимулдардың  қарапайым 
белгілерін  қабылдау  жəне  өмір  сүрудің  алғашқы  жылдарындағы  сыртқы 
стимулдарды қабылдаудың күрделенуі. 
        Көру 
талдағышы. 
Көздің 
құрылысы 
мен 
оптикалық 
қасиеті. 
Аккомодация жəне оның жасқа байланысты өзгерісі. Көру өткірлігі. Алыстан 
көру  жəне  жақыннан  көргіштік.  Кеңістікті  көрудің  жас  ерекшеліктері.  Əр 
түрлі  жаста  жарықты  жəне  түсті  сезгіштік.  Балалар  мен  жасөспірімдердің 
көру қабілетінің бұзылыстарының алдын алу. Көру өткірлігін анықтау. 
        Есту талдағышы. Құлақтың құрылысы мен акустикалық қасиеттері. Есту 
талдағышының  жас  ерекшеліктері.  Балалардағы  естудің  бұзылыстарының 
алдын алу. 

11 
 
       Қозғалыс,  иіс,  дəм,  вестибулярлы  жəне  тері  сенсорлық  жүйелердің 
маңызы  мен  жалпы  құрылыс  жоспары  жəне  оқушылардағы  функциялық 
ерекшеліктері. 
 
6. ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕНІҢ ДАМУЫ  
        Организм  тіршілігін  гуморальдық  реттеу.  Ішкі  секреция  бездері. 
Гормондар.  Гормондардың  қасиеттері.  Гипоталамус-гипофизарлық  жүйе, 
оның  ішкі  секреция  бездерінің  қызметін  реттеудегі  маңызы.  Шеткі 
эндокриндік  бездердің  құрылысы  мен  қызметі.  Стресстік  əсерлерге 
организмнің  бейімделуі.    Мектеп  жасында  ішкі  секреция  бездері  қызметінің 
бұзылыстары.  Балалар  мен  жасөспірімдер  арасында  тараған  йодтапшылығы 
жəне қант диабеті, олардың алдын алу. 
Жыныс бездері мен олардың организмнің дамуы, өсуі жəне жыныстық 
жетілуі  үрдістеріндегі  маңызы.  Жыныстық  жетілуідің  кезеңдері.  Екінші 
реттік  жыныстық  белгілердің  дамуы.  Жыныстық  жетілу:  физиологиялық 
жəне  əлеуметтік.  Жыныстық  тəрбиелеу  -  жастарды  отбасылық  өмірге 
дайындаудың  маңызды  бөлімі.  Медициналық-гигиеналық  жəне  жыныстық 
тəрбиелеудің  қағидалары,  түрлері,  амалдары  мен  əдістері.  Аборт  жасаудың 
зияны.  Жыныстық  тəрбиелеуді  педагогтар,  ата-аналар  мен  медициналық 
қызметкерлердің бірлесе жүргізуі. 
 
7. ҚАННЫҢ ЖАСТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖƏНЕ ЖҮРЕК-ҚАН 
ТАМЫРЛАРЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ 
Организмнің  ішкі  ортасы.  Қанның  құрамы  мен  қызметтері.  Қанның 
ұюы.  Қан  топтары.  Қан  аздылық  жəне  оның  мектеп  жасындағы  балалардың 
арасында таралуының алдын алу. 
Қан  айналу  жүйесі.  Жүректің  құрылысы  мен  жұмысының  жас 
ерекшеліктері.  Жүректегі  электрлік  құбылыстар.  Қанның  тамырлармен 
қозғалысы.  Қан  қысымы  жəне  оның  жас  ерекшеліктері.  Жүрек  пен  қан 
тамырларына  жағымсыз  əсер  ететін  факторлар.    Жүрек-қан  тамырлары 
ауруларының алдын алу. 
 
8. ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ 
Тыныс  алу  үрдісі  мен  механизмі.  Тыныс  алу  ағзаларының  құрылысы 
мен  қызметінің  жас  ерекшеліктері.  Тыныс  алудың  реттелуі  мен  оның  жас 
ерекшеліктері.  Өкпенің  тіршілік  сиымдылығы.  Тыныс  алу  ағзаларының 
қызметтерінің бүзылуы, себептері жəне алдын алу.  
 
9. АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАСҚА САЙ АНАТОМИЯЛЫҚ-
ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
       Ас  қорыту  мүшелерінің  құрылысы  мен  қызметі.  Ауыз  қуысындағы  ас 
қорыту.  Сілекей  бездері.  Ас  қорытудағы  ферменттердің  қызметі.  Тістер. 
Тістің алмасуы. Ауыз қуысы мен тіс ауруларының алдын алу. 

12 
 
        Қарындағы  ас  қорыту.  Ас  қорыту  бездері.  Астың  қорытылуындағы 
бауыр  мен  ұйқы  безінің  маңызы.  Ішектің  сіңіру  жəне  моторлық  қызметтері. 
Қорғаныс  ас  қорыту  рефлекстері.  Бала  жасындағы  асқорыту  ағзаларының 
аурулары мен ішек құрттарымен күресу жəне алдын алу.  
 
10. ЗАТ ПЕН ЭНЕРГИЯ АЛМАСУЫНЫҢ ЖАСТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
          Заттар  пен  энергияның  алмасуы  -  организм  тіршілігінің  негізі.  Негізгі 
алмасу туралы түсінік. Анаболизм мен катаболизм. Заттардың алмасуындағы 
ферменттердің рөлі.  
Балалар  мен  жасөспірімдердегі  ақуыздың,  май  жəне  көмірсулардың 
алмасуының  ерекшеліктері.  Баланың  өсуі  мен  дамуындағы  судың, 
минеральдық тұздардың, микроэлементтердің жəне витаминдердің маңызы. 
         Тағамдық  азық-түлік,  олардың  құрамы  жəне  энергиялық  құндылығы. 
Үйлесімді  тамақтанудың  өсу  мен  дамудағы,  денсаулықты  нығайтудағы 
маңызы. Дұрыс тамақтанбаумен байланысты аурулар - анемия, семіздік жəне 
гиповитаминоз,  олардың  алдын  алу.  Тағамдық  уланулардың  себептері, 
олардың алдын алу.  
 
11. СЫРТҚА ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІ МЕН ТЕРІНІҢ ЖАСТЫҚ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Сыртқа  шығару  үрдістерінің  маңызы.  Сыртқа  шығару  ағзалары. 
Бүйректің  құрылысы  мен  қызметінің  жас  ерекшеліктері.  Зəр  шығару  жүйесі 
ауруларының  алдын  алу.  Кіші  мектеп  жасындағы  балаларда  түнгі  зəр  ұстай 
алмау  дерті,  оның  себептері.  Терінің  құрылысы  мен  қызметтерінің  жас 
ерекшеліктері. Терінің қызметі. Терінің туындылары.     
 
12. БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК ФАКТОРЛАРЫ. 
МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУ 
 
Баланың  əлеуметтік  дамуы.  Балалардың  дамуындағы  əлеуметтік 
факторлардың  ролі.  Баланың  мектепте  оқуға  дайындығын  анықтаушы 
факторлар.  Мектепке  бейімделу  жəне  оның  кезеңдері.  Баланың  мектепке 
бейімделуінің  негізгі  көрсеткіштері.  Мектепке  бейімделуге  əсер  етуші 
факторлар.    
 
СЕМИНАРЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ: 
1.
 
Балалар  мен  жасөспірімдердің  өсуі  мен  дамуына  өмір  сүру 
жағдайларының əсері.  
2.
 
Оқушылардың қимыл белсенділігі жəне гиподинамияның зияны. 
3.
 
Балалардың  орталық  жүйке  жүйесіндегі  қозу  мен  тежелу  үрдістері 
жəне олардың бір бірімен əрекеттесуі. 
4.
 
Орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің функционалдық маңызы. 
5.
 
Балалардың жоғары жүйке қызметінің типологиялық ерекшеліктері. 
6.
 
Оқушыларда көру жəне есту қызметтерінің бұзылуларының алдын алу. 

13 
 
7.
 
Мектеп  жасында  ішкі  секреция  бездері  қызметінің  бұзылыстары  жəне 
алдын алу. 
8.
 
Жыныстық тəрбиелеудің маңызы. 
9.
 
Мектеп жасында жүрек-қантамыр жүйесінің бүзылыстары, алдын алу. 
10.
 
Тыныс алу ағзаларының қызметтерінің бүзылуы, себептері жəне алдын 
алу. 
11.
 
Асқорыту ағзаларының ауруларымен күресу жəне алдын алу. 
12.
 
Мектеп  жасындағы  балалардың  тамақтануын  үйымдастыру.  Балалар 
мен жасөспірімдерде семіздік пен қант диабетінің алдын алу. 
13.
 
Оқушылардың  тері  жамылғылары  құрылысының  жас  ерекшеліктері. 
Терінің қызметі. Терінің туындылары. 
14.
 
Бейімделу механизмдерінің жас ерекшеліктері. 
15.
 
Оқушылар арасындағы жаман əдеттердің алдын алу мен күресу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет