Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен



бет10/17
Дата13.11.2016
өлшемі2,79 Mb.
#1636
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17


Әдебиеттік оқу
4-сыныпта аптасына - 4 сағат

Жылына барлығы - 136 сағат
Авторлары: З.Мүфтибекова,П.Қ.Жаманқұл

(Алматыкітап 2011)

І. ТҮСІНІК ХАТ

«Әдебиеттік оқу» пәні бастауыш білім берудің маңызды компоненті ретінде «Тіл мен әдебиет» білім беру саласына енгізілген. Әдебиеттік оқу пәнінің негізгі нысаны – балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармалары. Көркемдік циклға жататын бұл пәннің оқушының жеке тұлға ретінде дамуында, саналы оқу мен сауатты жазу дағдыларының қалыптасуында, мәтінмен алғашқы жұмыс істеуде алатын орны ерекше. Әдебиетік оқу адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын дамытуға, адамгершілік-имандылыққа тәрбиелеуге, сөз өнерін түсінуге, тілін, қиялын арттыруға мүмкіндік береді. Жоғарғы сыныптардағы «Әдебиетті» оқудың жүйелі курсына дайындайтын әдебиеттік оқу сабақтарында бірінші кезекте көркем мәтіннің негізі сөздің көркем бейне екендігіне назар аударуға, оқушыны сөз өнері әлеміне баулуға көңіл бөлінеді. Әдебиетті сөз өнері ретінде қабылдау- әдебиеттік оқу курсының әдіснамалық негізі.

Бастауыш білім беру деңгейі оқушысының бойында оқырмандық және тілдік дағдыларды қалыптастыру, олардың адамгершілік және әдеби-эстетикалық құндылықтар жөнінде түсініктерін кеңейту жолдары. Білім мазмұнының тақырыптары оқушының дүниетанымын арттыратын және айнала қоршаған дүние туралы дұрыс көзқарасын қалыптастыратын, оның тұлға ретінде өсіп-дамуын қамтамасыз ететін мәселелерді қозғайды.

Білім мазмұны идеялық-тақырыптық, көркемдік-эстетикалық ұстанымдар негізінде жүзеге асырылады.

Оқырмандық білікті мәтін бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі (оқу, мәтінді талдау, мәтінге жоспар құру, кейіпкерлерді сипаттау т.б.) құрайды. Оқырмандық білік негізінде сөйлеу білігі (сөйлеуде жазушы тілін қолдануға әрекеттену, шығармадан алған әсерін ауызша, жазбаша жеткізе алу, мәтіндегі оқиғаға өз көзқарасын білдіру, халық ауыз әдебиеті үлгілерін шығармашылықпен пайдалана отырып, өзіндік әрекеттерін дәлелдей білуге баулу т.б.) қалыптасады.



«Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты. Оқушылардың әдеби сауатын ашу негізінде рухани байыту, оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу, оқу дағдыларын және оқырмандық біліктілігін қалыптастыру, әдеби-эстетикалық талғамын жетілдіре отырып, ізгілікті-елжанды дара тұлға төрбиелеу.

«Әдебиеттік оқу» пәнінің міндеттері. «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:

  • оқу сапасын (дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп) жетілдіру;

  • ауыз әдебиетінің бай жанрымен, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру;

  • ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармаларының атын, жетекші тақырыбын, басты кейіпкерлерін, негізгі мазмұнын білгізу;

  • талданып отырған мәтіннің тектік, жанрлық сипатын білдіру;

  • әдеби- теориялық білім негіздерін қалыптастыру;

  • адамгершілік және эстетикалық құндылықтар жүйесі негіздерін қалыптастыру;

  • оқылған шығарма сюжеті ізімен немесе еркін тақырыпта әртүрлі әдеби шығармашылық жұмыс түрлерін (өлең,әңгіме құрастыру, мәтінді сахналау, мәтін бойынша сурет салу,мақала жазу, шағын үзіндіге киносценарий жазу, өзіндік ой қорытындысын жазу, т.б.) жүргізе алуға машықтандыру;

  • кітаппен және кітапханалық анықтама, библиографиялық әдебиеттермен жұмыс істей білуге дағдыландыру.

«Әдебиеттік оқу» оқу пәні материалдарын сұрыптауда монографиялық ұстаным басшылыққа алынады. Бұл ұстанымның талабы бойынша Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың, Ш.Құдайбердіұлының, С.Көбеевтің, С.Торайғыровтың, С.Дөнентаевтың, А.Байтұрсынұлының, М.Дулатұлының, М.Жұмабайұлының, Ж.Аймауытұлының, С.Сейфуллиннің, І.Жансүгіровтің, Б.Майлиннің, М.Әуезовтің т.б. классик ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармалары әр сыныпта қайталанып отырады. Оқушылар жас ерекшеліктеріне қарай олардың әр түрлі жанрда, әр түрлі тақырыпта жазған шығармаларын оқуға мүмкіндік алады.

Оқу материалдары 4 сыныпта тақырыптары маусымдық-тақырыптық ұстаным бойынша жүйеленеді. Маусымдық - тақырыптық ұстанымға сәйкес топтастырылған материалдар оқушылардың туған ел табиғаты туралы (аспан – жер, аң – құс, өзен – көл, тау – тас, өсімдіктер дүниесі мен оларға адамдардың қарым -қатынасын байқататын) танымын арттыру, көркем және ғылыми-танымдық шығармаларды оқыту арқылы қоршаған ортаға, табиғатқа сүйіспеншілік сезімін ояту, экологиялық мәдениетін тәрбиелеу көзделеді.

«Әдебиеттік оқу» пәні оқушыны жоғарғы сыныптардағы «Әдебиеттің» жүйелі курсын меңгеруге дайындауға, әдеби сауаттандыруға, сөз өнері құралдары арқылы мәдени дамытуға баса көңіл бөлінеді. Бұл деңгейдің материалдарын оқытуда қазақ балалар әдебиеті тұтас бітімінің қысқа нұсқасы ұсынылады.

Бастауыш білім беру деңгейінде оқытудың қолжетерлігі ұстанымы, оқушылардың қызығушылығын ескеру ұстанымы, көрнекілік ұстанымы т.б. дидактиканың жалпы ұстанымдарының талаптары сақталады.



Пән бойынша оқу жүктемесі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес 4 сыныбында «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

4-сыныпта аптасына - 4 сағат, жылына барлығы - 136 сағат.



Пән

Оқулықтың

авторы

1 тоқсан


2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

Жылдық

Жоспар бойынша


Жоспар бойынша

Жоспар бойынша

Жоспар бойынша

Жоспар бойынша

Әдебиеттік оқу

С.Рахметова,Т.

Әбдікәрімова,

Р.Базарбекова

(Атамұра)



36 сағат


28 сағат


40 сағат



32 сағат


136 сағат



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет