Қазақ тілін оқытудағы заманауи талаптар



Дата24.04.2017
өлшемі63,67 Kb.
#15025
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ЗАМАНАУИ ТАЛАПТАР

Аленова Алмагүл Абдрашқызы, Рахимова Дәметкен Шоқанқызы



Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Аңдатпа

Бұл мақалада қазақ тілін тілдік дағдыларды қалыптастыру арқылы оқыту ерекшелігі айтылған. Тілдік дағдыларды қалыптастыруда белсенді оқытудың маңызы қарастырылған. Әрқайсысына үлгі ретінде тапсырмалар ұсынылған.

Білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, өз ойын қазақ тілінде еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу-ХХІ ғасыр мұғалімдерінің басты міндеті. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытуда отандық және халықаралық озық үлгілерді тиімді пайдалану, оқушылар бойында тілдік дағдыларды қалыптастыру - бүгінгі күннің басты талабы. Қазақ тілі сабақтарында еркін қарым- қатынас жасауға, сыни тұрғыдан өз көзқарасын білдіруге, өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыландырса, оқушы қазақ тілінде берілген кез- келген ақпараттарды тиімді қолдана отырып, өзіне қажетті мәліметті ала алады. Осы мақсатта Назарбаев Зияткерлік мектептерінде тілді кіріктірілген бағдарлама негізінде оқыту жобасы жүзеге асырылуда. Бағдарламаның негізгі мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым) дағдыларын қалыптастыру. Мектеп бітірген оқушылар ана тілін С 2+ деңгейінде, екінші тілді С2 деңгейінде меңгерулері қажет. Осы деңгейлерге жету үшін қазақ тілі сабақтарында келесі тілдік дағдыларды қалыптастыру қажет.[1, 7-б].



Тыңдалым дағдысы бойынша:

  • негізгі ойды түсіну;

  • ақпаратты анықтау;

  • түсінгенін практикада қолдана білу;

  • ақпаратқа өз көзқарасын білдіру;

  • ой қорыта білу дағдылары.

Айтылым дағдысы бойынша:

  • белгілі бір тақырыпқа қатысты ойын білдіру;

  • өз көзқарасын дәлелдеу;

  • шешім шығару, қорытынды пікір жасау;

  • зерттеушілік (анализ, синтез);

  • ақпаратты өңдеу дағдылары.

Оқылым дағдысы бойынша :

  • мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты ажырата білу;

  • астарлы ойды анықтау;

  • шығарма кейіпкерлерін салыстыра білу;

  • зерттеп оқу;

  • сыни тұрғыдан бағалай білу дағдылары.

Жазылым дағдысы бойынша:

  • тақырыпты аша білуі;

  • өз ойын сыни тұрғыда дәлелдеуі;

  • қорытынды шешім шығаруы;

  • өз көзқарасын дәлелдеуі;

  • цитатамен жұмыс істеу дағдылары бағаланады.

Осы дағдыларды қалыптастыруда мына әдіс-тәсілдерді пайдалануға бола алады: [ 2, 6-б].

  • оқытудағы басты принцип – оқушының жеке, өзіндік мүмкіндіктерін ескеру;

  • барлық оқушының сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту;

  • өзін ойын жеткізу, өзіндік таңдау жасауына мүмкіндік тудыра отырып, оқушының танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту;

  • проблемалық оқыту арқылы оқу материалын өмірмен байланыстыра отырып, оқушыларды білімді өз бетімен меңгеруге талпындыру;

  • сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану;

  • мақсат қою, мәселені зерттеу, жауап іздеу, мәселені талқылау, ой қорытындылау;

  • өз ойларын ашық айта білетін азамат тәрбиелеу;

  • ұжымдық оқыту технологиясысының мақсаты - оқушының қабілетін дамыту, еңбек етуге баулу, ұйымшылдық қабілеттерін ояту, ынтымақтастыққа тәрбиелеу, өзін-өзі басқару.

  • жаңа идеялар ұсынуда және жаңа мүмкіндіктерді көруде, мәселелерді шешуде ұжымдық оқыту технологиясының маңызы зор;

  • Оқушы өзінің көзқарасын қалыптастырып, басқалардың да пікірін ескереді;

Сабақты өткізуде мұғалім ескеруі қажет:

  • сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтиже анық болу керек;

  • тілдік төрт дағдыны (оқылым, тыңдалым,жазылым, айтылым) дамыту;

  • белсенді оқыту түрлерін қолдану арқылы оқушы уәжін арттыру;

  • мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс;

  • оқу жетістігін критериалды жүйе арқылы бағалау.

Нәтижесінде оқушылардың бойынан мынадай өзгерістер байқалды:

  • Ынтымақтастыққа үйренеді;

  • Жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйренеді;

  • Өз ойларын еркін жеткізуге үйренеді;

  • Өзіне өзі баға беруге, сыныптастарын бағалауға үйренеді;

  • Бір-бірін тыңдауға, талдауға, салыстыруға, сабақты қорытындылауға, қорғауға үйренеді.

«Шет тілдерді игерудің жалпыеуропалық құзыреттері: зерттеу, оқыту, баға стандартында бұл «қатысымдық тұлғалар» - тілдік дағдылар деп аталған. Тілдік төрт дағды (айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым) оқушының сөйлеу әрекетін қалыптастырады. Осылардың ішінде басқа дағдыларды қалыптастырудың негізгі алғы шарты – тыңдалым әрекеті болып табылады. Өйткені күнделікті өмірде оқушы көптеген ақпаратты сағат сайын естіп, көріп тыңдайды. Бірақ кез келген ақпаратты тыңдау арқылы түсіну сөйлеу әрекетін қалыптастырады. Егер оқушы өзіне керек мәліметті тыңдау арқылы тауып үйренсе, ол басқа үш дағдыны (айтылым, жазылым, оқылым), яғни айтылып жатқан мәліметті түсінеді; өз пікірін білдіре алады және басқалармен қарым-қатынас жасай алады; тақырыпқа қатысты деректі түсініп оқиды; көтерілген мәселеге қатысты өз көзқарасын жазбаша жеткізе алады.

Қазіргі кездегі барлық білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерінің алдына қоятын басты мақсаты – білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады. Ал оқу мақсаттары белсенді оқыту топтық, жеке, жұптық жұмыс түрлерін қолдану арқылы іске асырылады. Мұғалімнің іс –әрекеті оқушыны бақылауға, бақылау нәтижесін өңдеуге, бағыт-бағдар беруге, күтілетін нәтижені анықтауға арналады. Оқушының іс-әрекеті өз көзқарасын салыстыруға, топтық, жұптық жұмыста бірлесе шешім шығаруға, өз жетістіктерін бағалауға арналады.



Белсенді оқыту тілдік дағдыларды қалыптастыруда – оқытуды дамыту, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіретін тұлға қалыптастыруға негіз болады. Сонымен қатар, білім алушылардың өз бетімен ізденуін арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Сабақ процесі оқушыны белсенді іс-әрекетпен белсенді ойлауға, белсенді оқытуға бағытталады.

Топтық жұмыста айтылым дағдысын қалыптастыруда «Пирамидалық талқылау» белсенді оқытуы өте тиімді. Топ мүшелері өз пікірін жеке жазып, ортада талқылап ортақ пікір қалыптастырады. Топ мүшелерінің саны 4 оқушыдан болуы керек.Әр топ таратылған флипчарт қағазға тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы бір - бірінің жауабымен танысады. Жауаптарымен танысып ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, ойларын қорғайды. [3,17-б]





Топтастыру. Сабақ басында жаңа сабаққа бағыт беру үшін тақтаға жазылған сөздерге болжау жасайды. Оқушы осы сөздерге қосымша сөздер қосады. Содан соң кезекпен сөздердің мағынасын анықтайды. Анықталған сөздің мағынасын дауыстап оқиды, ал басқалары жазып алады. Осы әдіспен оқушылардың жазылым, тыңдалым дағдыларын дамытуға болады. [3,15-б]

Айтылым және жазылым дағдыларын қалыптастыруда «ПОПС» формуласын қолдану өте тиімді. Тақырып бойынша өз пікірін дәлелдеп, көзқарасын білдіріп, шешім шығарады.

  • Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... .. »

  • Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін …»

  • Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын ……»

  • Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ....».


«Жасырын сурет» белсенді оқытуы айтылым дағдысын қалыптастыруға әсер етеді. Топтардан бір оқушыдан шығып 20 секунд уақыт ішінде суретті есте сақтайды. Топ мүшелеріне көрген суреті бойынша сипаттайды, олар түсінгенін суретке салады. Көрген суретін топ жандандыруға тырысады. Суреттер тақырыпқа сай болуы керек. Оқушыда топ үшін жауапкершілік пайда болады және бірлесе жұмыс істеуге дағдыланады. [3,18-б]

Қорыта келе, белсенді оқыту арқылы - білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшіліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады.

Пайдаланған әдебиеттер:



  1. Үш тілде білім беруді іске асыру бойынша мектептерге арналған нұсқаулар

  2. Кіріктірілген оқу бағдарламасы, негізгі мектеп.

  3. CLIL әдісіне негізделген әдістемелік нұсқаулық. Астана 2013ж

Каталог: megssoem -> eokkuugw -> yesyugii
yesyugii -> Махамбет өлеңдері тәрбие құралы ретінде
yesyugii -> Тіл үйрету сабағында оқылымның болжау стратегияларын тиімді ұйымдастырудың жолдары
yesyugii -> Талдықорған қаласындағы нзм-нің 12-сынып оқушысының қазақ әдебиеті пәнінен сыни талдау жұмысы Ермекбаева Зере 12е-сынып Оралхан Бөкей өзінің «Апамның астауы» және «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімелерінен қандай әсер тудырды?
yesyugii -> Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудағы айтылым дағдысының РӨЛІ
eokkuugw -> Бағдарламасы «Физика» пәні бойынша оқу жоспары 7-сынып Кіріктірілгенбілімберубағдарламасы
eokkuugw -> Орал қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
eokkuugw -> Сабақ тақырыбы : Тогы бар өткізгішке магнит өрісінің әсері


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет