Қазіргі заман философиясының негізгі концепциялары



Дата10.12.2016
өлшемі102,98 Kb.
#3555


Қазіргі заман философиясының негізгі концепциялары

Философия – бұл адам болмысының іргелі принциптері мен негіздері туралы, адамның табиғатқа, қоғамға және барлық негізгі көріністерінде алынғандағы рухани өмірге қарым-қатынасының ең жалпы мәнді сипаттары туралы білімдер жүйесін талдайтын дүниені танудың айрықша формасы. Философия - қашанда бүкіл адамзат табысы, баршаға ортақ рухани жеміс, әлемдік өркениеттің рухани мәдениеттің ажырамас бөлігі. Философия – бұл адамзат мәдениетінің өзіндік санасының тарихы. Философия-үнемі дамып, адамзат ақыл-ойының жетістіктерімен толықтырылып отыратын ғылым. Философия тарихының негізгі кезеңдерінің бірі-қазіргі батыс философиясы.

ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасыр дәуірдің өзіндік санасы позитивизмнің, экзистенциализмнің, марксизмнің, герменевтиканың, неотомизмнің және т.б. философиялық ілімдердің пікір таласынан, сұхбаттасуынан құралған. құралған. Қазіргі философияда бір-біріне қарама-қарсы сипаттағы негізгі екі бағытты байқауға болады. Біріншісі -сциентизм (лат scientia–ғылым) болса, екіншісі – ол антисциентизм болып табылады. Ол дегеніміз рационализм мен иррационализм арасындағы қатынас, ғылыми-техникалық прогреске байланысты қарама-қарсы көзқарастар: сциентизм, яғни рационалдық–ең алдымен жаратылыстануда, ал гуманитарлық салада - психология, логика және лингвистика секілді ғылымдардың жемістерін қолдана отырып, ақыл-ойға сенім білдіреді. Сциентизм таным теориясында ақыл-ойға, оның негізіндегі дәлелденген білімге сүйенсе, ал антисциентизм ақыл-ойға және ғылымға сенбейді. Рационализмнің қызметі екі сатыдан тұрады дейді: 1.-ойлау қызметі тәжірбиеге сүйенеді, яғни ойлау дегеніміз–ақылға салу, дәлелдеу;2.-ойдың қызметі тәжірибеден де жоғары.Антисциентизм - иррационалдық (ақыл жетпейтін) құбылыстарды мойындап, логикалық тәсілді жоққа шығарады. Ғылыми адамды шынайы біліммен қамтамасыз ете алмайды, болмыстың бүтіндігі, үзіліссіздігі туралы ұғымды бөлшектеп жібереді, сондықтан логиканың орнына интуициялық әдісті ұсынады, шындықты тікелей тәжірибенің көмегінсіз ашуға болады деп есептейді. Осы философияға мына ерекшеліктер тән:

1. Қазіргі заман философиясы әр түрлі философиялық мектептерге бөлінуімен сипатталады. Олардың ең белгілілеріне мыналар жатады: герменевтика, экзистенциализм, неопозивитизм, неофрейдизм, неотомизм, персонализм, прагматизм, структурализм, феноменология, антропологиялық философия және т.б.

2. Қазіргі заман философиясы рационализмнен бастартып, иррационалдық тұрғыдан шықты және оған танымның негізгі түрлер ретінде интуицияны (зердені), сенімді қарама-қарсы қояды.

3. Қазіргі заман философиялық жүйелерінің көпшілігі антропологиялық сипатта болады.

4. XX-шы жүз жылдықтағы философияда ғылымға деген қарама-қайшы түсініктер байқалды. Сциентизм және антисциентизм.

5. XX ғ. діни философия одан әрі дами түсті. Шындықты діни тұрғыда түсіну әрекеттері ғылыми әдістерден басқа өз ерекшіліктері болады. Алайда діни арнада да адамзат мәдениетіне маңызды әсер берген көрнекті философиялық ілімдер туды.

6. XX ғ. көптеген философиялық мектептер және ағымдар марксизм философиясына қарсы тұрды. Өйткені, тәжірибе жүзінде коммунистік ойларды іске асыруға мүмкін емес екендігін дәлелдеу барысында философиялық ағымдар-дың көпшілігі сынға ұмтылды. Нағыз философиялық мәселелерді шешудің орнына қарсыластар бір-бірінің философиялық концепцияларының кемшіліктері мен осал жерлерін іздеді. Осының негізінде идеология ықпалынан табиғаттылықтан, тіптен ғылымнан дербес философиялық жүйелерді құру әрекеттері күшейді.Енді осы бағыттарға тоқталайық.

Неопозитивизм ( neo - жаңа, positivus - латын сөзi,- оң, дұрыс деген мағына бередi) - Батыс философиясының шеңберiнде қазiргi ғылымның дамуының барысында пайда болған философиялық - танымдық мәселелердi талдап шешуге бағытталған ағым. Оның түп-тамыры позитивизмнiң негiзiн қалаған француз ойшысы Огюст Конт (1789 - 1857ж.ж.).Конт адамзат ой-өрiсi өзiнiң даму тарихында 3 сатыдан өттi деген пiкiрге келедi. Олар: 1. теологиялық (жалғандық) саты - көне заманнан ХIУ ғ дейiн ; 2. метафизикалық саты - ХIУ-ХУIII ғғ; 3.позитивтiк саты - ХIХ ғ бастап пайда болады.Теологиялық сатыда өмiр әлi ғылыми деректерге негiзделген жоқ, өмiрдегi барлық құбылыстар Құдайдың құдiреттi күштерi арқылы түсiндiрiледi. Метафизикалық сатыда адамның зердесiнiң дамуының негiзiнде барлық бұрынғы көзқарастар сыналып терiстеле бастайды, барлығына деген кұмәндану, сенбеушiлiк пайда болады. Өмiрдi тұсiндiру жолында абстрактылық алғашқы негiздердi iздеу басталады (материя, идея форма, рух т.с.с.) үшiншi - позитивтiк сатыда - өндiрiске негiзделген қоғам пайда болып, Әлтруизм (өзiнен гөрi басқаның қамын ойлау) эгоизмдi (өзiмшiлдiк) жеңген уақытта нағыз ғылыми сатыға өрлеу мұмкiндiгi пайда болды,- деп қорытады О.Конт.

ХХ ғ басындағы жаратылыстанудағы ашылған жаңалықтар (радиоактивтi сәулелер, электрон т.с.с.) осы уақытқа дейiнгi беделдi механистiк классикалық физиканың негiзгi қағидаларына үлкен соққы жасады. Электрон бөлшегiнiң тұрақты салмағының жоқтығы ғалымдарды таңғалдырды. Франция елiнiң сол кездегi iрi математик - ғалымы А.Пуанкаре “Олай болса материя жойылды²,- деген пiкiрге келдi. А.Эйнштейннiң салыстырмалы теориясындағы кеңiстiк пен уақыттың бiр-бiрiне өтiп бiртұтастық дәрежеге келуiн қалай тұсiнуге болады? Мұндай сұрақтарды жалғастыруға болар едi. Бұл сұрақтарға жауап беру жолында позитивизмнiң екiншi сатысы дүниеге келедi. Оның аты “эмпириокритицизм² , яғни тәжiрибенi сынға алу деген мағына бередi. Негiзгi өкiлдерi - Эрнст Мах (1838-1916 ж.ж.) , Рихард Авенариус (1843-1896 ж.ж.) т.с.с.

ХХ ғ 20-шi жылдарында пайда болған позитивизмнiң үшiншi сатысы - неопозитивизм. Негiзгi өкiлдерi - Мориц Шлик (1882-1936 ж.ж.), Рудольф Карнап (1891-1970 ж.ж.), Людвиг Витгенштейн (1889-1951 ж.ж.), Бертран Рассел (1872-1970 ж.ж.) т.с.с.Б.Рассел эмпириокритицизмдегi сезiмдiк тәжiрибенi асыра тұсiнудi қолдамай, оны математикалық логика тұрғысынан толықтыру керек деген пiкiр айтты. Олай болса, философия дегенiмiз тәжiрибеден алынған негiзгi қағидаларды логикалық талдаудан өткiзiп қорытатын пәнге айналады. Осы логикалық позитивизмнiң келесi өкiлiн - Р.Карнапты алатын болсақ, ол математикалық логика арқылы бiлiмдегi негiзгi ұғымдардың мазмұнын, мән-мағынасын тексеруге шақырды. Ал оның негiзгi құралы - верификация (verificatio,- латын сөзi,- дәлелдеймiн деген мағына бередi) принципi. Тiкелей верификацияға келер болсақ, ол ғылымдағы белгiлi бiр қағидаларды өмiрдегi тәжiрибеге сәйкестiгiн анықтау болып табылады. Ал дамыған теориялардағы қағидаларға келер болсақ, оларды тек жанама түрде верификациялауға болады.

ХХ ғ 50 жылдарынан бастап позитивизмнiң соңғы сатысы дүниеге келдi - оны постпозитивизм (соңғы позитивизм) деп атайды. Негiзгi өкiлдерi - Карл Раймунд Поппер (1902-1994 ж.ж.) , Томас Самюэль Кун (1922 ж.), Имре Лакатос (1922-1974 ж.ж.), Пауль Фейерабенд (1924 ж.) т.с.с.К.Поппер ғылымның дамуындағы верификация принципiнiң жеткiлiксiз екенiн көрсетедi. Ғылымның дамуындағы пайда болған ешқандай теория “соңғы ақиқат² емес, күндердiң бiр күнiнде ол терiске шығарылуы мүмкiн. Олай болса, ғылымдағы қағидалардың терең табиғаты - олардың болжамдығында, қателiк кету мүмкiндiгiнде. Оны ол фаллибилизм (қателiк) дейдi

ХХ ғ келесi ағым - феноменология. Негiзiн қалаған Эдмунд Гуссерль (1859-1938 ж.ж.) . Ойшыл өзiнiң еңбектерiнде “Заттардың өзiне қарай!² деген ұран тастады, өйткенi, сол кездегi И.Канттың iзбасарлары ғылыми таным жолында шындықты ұғымдар арқылы құруға болады деген көзқараста болды. Екiншi жағынан, ол неопозитивистердiң шындықтың сезiмдiк деректердiң негiзiнде “тiкелей берiлгенi² жөнiндегi қағидасына қарсы бағытталған болатын. Э.Гуссерль тағы да келесi екi ұғымды бiр-бiрiне қарсы қояды. Олар бiлiм мен пiкiр. Еуропалық мәдениеттiң дағдарысы - осы ұғымдардың айырмашылығын елемегенiнде. Пiкiр дегенiмiз бұлдыр, айқын емес бiлiм, ол жеке мүдденiң шеңберiмен шектелген таным. Оған ол қарсы ұғым ретiнде “теория² деген грек сөзiн қояды, ал оның алғашқы мағынасы - бимүдделi аңлау. Ойшылдың өз алдына қойған негiзгi мақсаты - сананы тазарту, оның адамзат тәжiрибесi, тарихи процестен тыс өмiр сұретiн алғашқы құрылымын анықтау болып табылады. Гуссерльдiң феноменi - ол бұрынғы классикалық философиядағы басқа терең жатқанды көрсететiн сезiмдiк тәжiрибе арқылы берiлетiн құбылыс емес, ол - өз-өзiн ашатын, табатын, тiкелей санаға айқын көрiнетiннiң бәрi.

Герменевтика (germeneon,- грек сөзi,- түсiндiремiн) - сонау көне грек заманында жазылған тарихи мұраларды түсiну өнерi ретiнде пайда болды.Бұл ағымның негiзiн қалаған немiс дiни қайраткерi, философы Ф.Шлейермахер болды. Ол Платонның барлық шығармаларын алғашқы рет немiс тiлiне аударған адам. Оның ойынша, герменевтика - басқа тұлғаның қайталанбас жақтарын түсiнудiң өнерi, әңгiме оның ойларының мазмұнынан гөрi оның сөз саптау мәнерiнде, ұлгiсiнде деген пiкiрде болды.Герменевтика ғылымына аса зор үлес қосқан немiс ойшылы Георг Гадамер болды. Ол герменевтика iлiмiн тек қана гуманитарлық пәндерде қолданылатын әдiс ретiнде тұсiнiп қана қоймай, оның онтологиялық (болмыстық) жағын негiздедi. Оның ойынша, тұсiну дегенiмiз - адамның дұниетанымының негiзгi жағы ғана емес, ол оның өмiр сүруiнiң анықтаушы себебi, болмысының тәсiлi.Гадамердiң айтуынша, герменевтиканың iргетасты ақиқаты мынада : бiрде-бiр адам ақиқатты танып-бiлiп, толығынан жеткiзе алмайды. Сондықтан, үне бойы сұхбатты қолдап, басқаша ойлайтын адамға да сөз берiп, оның айтқанын наз қойып тыңдап, түсiнуге тырысу қажет. Мiне, герменевтиканың терең өзегi осында,- деп қорытады ойшыл.Оның еңгiзген тағы бiр жаңалығы - тұлғаның тебiренiсiн зерттеуден гөрi оның ойының мән-мағынасына өту керектiгi. Зерттеушi жазылған мәтiннiң әр жағындағы қалам иесiнiң тұлғасын көруге тырысудан гөрi оның ой-тебiренiсiн тудырған затқа үңiлуi қажет.

“Өмiр философиясының² ХХ ғ ағымдарының бiрi – фрейдизм. Негiзiн қалаушы Зигмунд Фрейд (1856- 1939 ж.ж.) - австриялық дәрiгер, психолог, философ. Сонымен, бисаналықты ашу, оның құрылымын, адамның жеке өмiрiне, қоғамға тигiзетiн әсерiн зерттеу - Фрейдтiң ғылымға еңгiзген жаңалығы болды. Адамның көп ынта-тiлектерi мен iңкәрлерi бисаналықты түрде пайда болады екен. Олар сыртқа адамды гипноздаған кезде, я болмаса ұйқыдағы адамның түсiнде, байқамай айтылып қалған сөзде, кейбiр дене қозғалысында т.с.с. көрiнiп қалады.З.Фрейдтiң ойынша, адамның психикасының үш деңгейi бар: оның ортасында “Ego² (латын сөзi,- “Мен² деген мағына бередi), яғни адамның өзiндiк сана-сезiмi орналасқан. Екiншi құрамдас бөлiгiн “Super ego² (өзiндiк сана-сезiмнен жоғары) деп атайды. Оған неше-тұрлi қоғамның тұлға алдына қоятын талаптары, әлеуметтiк нормалар, әке-шешенiң бала алдына қойған талаптары мен бұйрықтары т.с.с. кiредi, ол тәрбие барысында адамның психикасына енгiзiлiп, соңынан оның барлық жұрiс-тұрысын қоғамның талабына сәйкес ретке келтiрiп отыратын iшкi механизм. Адам психикасының iрге тасы ретiнде ең терең жатқан және өте көне құрамдас бөлiгi - ол “Libido² (латын сөзi,- құштарлық, iңкәр, зауықтану,- деген мағына бередi), я болмаса оны қысқаша “Id² деген екi әрiппен бередi. З.Фрейдтiң ойынша, оған адамның барлық бисаналық түрде өтiп жататын психикалық құбылыстарының бәрi де кiредi. Оларға инстинктер, кұңгiрт сезiмдер мен тұйсiктер, ындын-тiлектер т.с.с. жатады. З.Фрейд бисаналықтың шеңберiнен екi негiзгi инстинктердi бөлiп алады. Олар - “өмiр инстинктi² - эрос, “өлiм инстинктi² - танатос. Егер эрос инстинктi өмiрге деген сұйiспеншiлiктi, достықты, iңкәрдi тудырса, танатос - адамды өлiмге қарай итерiп, оның агрессивтiк, қанiшерлiк, қиратуға деген құмарлығын, адамдарды қорлауға бағытталған iс-әрекетiн тудыруы мүмкiн.

Қазiргi философиядағы ең ықпалды ағымдардың бiрi - экзистенциализм (existentia,- латын сөзi,-өмiр сұру ) философиясы.Экзистенциализм философиясының негiзiн өкілдері- Мартин Хайдеггер(1888-1976 ж.ж.) ,Карл Ясперс(1883- 1969 ж.ж.) (Германия), Жан-Поль Сартр (1905-1980 ж.ж.)лбер Камю(1913-1960ж.ж.) (Франция) т.б.Сонымен, ХХғ Еуропа цивилизациясының дағдарысы, зерде мен адамгершiлiк құндылықтарына деген сенбеушiлiктi тудырып, трагедияға толы адам мәселесiн тiкелей философиялық таразыға салды. Бұл саладағы анықталған ең бiрiншi жаңалық - зерденiң негiзiнде ғылым мен техника дамыған сайын адам болмысының тұрақсыздығы мен нәзiктiгiнiң өсуi. Мұндай күрделену мен қатар қатыгезденiп жатқан дүниеде тұрақтану үшiн адам ең алдымен өзiнiң iшкi өмiрiн талдап, соның негiзiнде өзiнiң мүмкiндiктерi мен қабiлеттерiн ашуы қажет. Мұндай адам өмiрiне қас дүниеде адам өзiнiң рухы арқылы ғана қарсы тұра алады. Олай болса, адамға ең керектi нәрсе - ол зат, материя , я болмаса идея, таным философиясы емес, негiзiнен алғанда,- адам философиясы. Ал адамға келер болсақ, ол, әрине, ешқандай объект, өндiрiстiң, я болмаса , танымның құралы емес - ол субъект - ерiктi, өз-өзiне жеткiлiктi, жауапкершiлiктi болмыс. Экзистенциализм философиясы адамның ерiктiлiгiне ерекше көңiл бөледi. Ерiктiк - “қажеттiктi тану², я болмаса, “табиғи дарынды iске асыру² емес, ол экзистенциямен, яғни, өмiр сүрумен тең. Адам дегенiмiз өзiн өзiнен жасайтын пәнде. Ол өзiнiң өзiндiк жоспар-бағдарламасы. Бұл дүниеде ешнәрсе адамды билей алмайды. Адамның себебi тек өзiнде ғана, ол өзiне “Causa sui². Ал ерiктiк дегенiмiздiң өзi - таңдау. Адам ерiктi пәнде ретiнде ойына не келсе, соны iстей алады. Бiрақ, сонымен қатар, ол өз iстерiне жауапты өзi ғана беруi қажет. Сондықтан, Ж-П. Сартр “ерiктiк дегенiмiз - адамға артылған адамгершiлiктiң ауыр жүгi²,- деген болатын. Адам тек өз iсiне ғана емес, басқаларға да жауапкершiлiктi. Ол өз-өзiн жете түсiнудiң арқасында басқалардың да терең сырын өзiне аша алады.Адам экзистенциясының iргетасты ерекшелiктерiнiң бiрi - трансцендiлеу, яғни өз шегiнен өтiп кету.

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер
1. Р.Е.Жүншеев, Ө.С.Төкенов, А.Ә.Ізтілеуов. Философия - А.,2007.

2. Ә.Әбішев К. А.Философия - А.,1998

3. Кішібеков Д.,Сыдықов Ұ. А. Философия - 2002

4. Тұрғынбаев Ә. А. Философия - 2005

5. Ғабитов Т.Х. Философия - А., 2002

6. Төкенов Ө.С. Мәдениеттану - А., 2006

7. Алтай Ж., Қасабек А., Философия, 1999

8. Қасабек А. Тарихи философиялық таным - А., 2006



9. Философиялық сөздік. А.,1996

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет