Бағдарламасы негізінде 2022 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және



бет5/9
Дата08.11.2023
өлшемі84,08 Kb.
#190272
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жоспар 2022-2023жж. Ақбота
6 3тоқ бжб 1, 100 proektov malogo biznesa kaz 020819, жиренше шешен
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде
2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған
іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Білім беру ұйымы №40 «Құлпынай» балабақшасы
Топ «Ақбота» ортаңғы тобы
Балалардың жасы 3-4 жас
Жоспардың құрылу кезеңі 2023 оқу жылы қаңтар айы

Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттіңміндеттері

Қаңтар

Дене шынықтыру

Маман жоспары бойынша

Сөйлеуді дамыту

Тілдің грамматикалық құрылымы:
1.Сөздерді жіктелуіне, септелуіне қарай байланыстыру, зат есімдерді үстінде, астында, артында, жанында тәрізді көмекші сөздермен бірге қолдану,
2.3 Зат есімдерді жекеше, көпше түрде, етістіктерді келер және өткен шақта қолдану.
4.Байланыстырып сөйлеу; мультфилімдер, ертегілер көргеннен кейін баларғы алған әсерлерімен бөлісуге үйрету.

Көркем әдебиет

Кітаптарға қызығушылықты ояту.
1.Жаңа ертегілерді, әңгімелерді, өлеңдерді тыңдай білуге, олардың мазмұнындағы әрекеттердің дамуын бақылауға, шығарманың кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға тәрбиелеу.
2. Балалармен кейіпкерлердің әрекеттері мен олардың әрекеттерінің салдарын талқылау.
3.Балаларға табиғат көріністерін сыйпаттауды,қыс қызықтарын әңгімелеп айта білуге дағдыландыру
4.Тақпақтарды,санамақтарды өлеңдерді мәнерлеп айтуға тәрбиелеу.

Қазақ тілі

1.Тілдік дамытушы орта. Ортақ тақырыпта әңгімелесуге, сұрақтарға жауап беруге баулу.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Қазақ тіліне тән ә, ө дыбыстарын өздігінен дұрыс айтуға баулуды жалғастыру.
2.Сөздік қор. Тұрмыстық заттардың, жануарлардың, төрт түліктің атауларын айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру.
3.Тілдің грамматикалық құрылымы. Бұйрық райлы етістіктерді жекелей қолдануға баулу (бар, кел, айт).Сөздерді байланыстырып, сөз тіркестерін құрастыруға (зат есім және етістік) үйрету.
4.Байланыстырып сөйлеу. Таныс ертегілер мен шағын шығармалардың мазмұны бойынша алдымен сұрақтарға жауап беруге, кейіннен өздігінен қайталап айтуға баулу.

Математика негіздері

1.Кеңістікті бағдарлау. Өзінің дене мүшелерін бағдарлау және осыған байланысты өзіне қатысты кеңістік бағыттарын анықтау: үстінде-астында, алдында-артында, оң-сол.
2.Геометриялық фигуралар.
Балаларды геометриялық фигуралармен: үшбұрыш, шаршы, дөңгелекпен таныстыру,
3.Ұстау және көру тәсілдері арқылы аталған фигураларды зерттеуге мүмкіндік беру.
4.Таныс заттарды көлеміне және санына қарай салыстыра білуді қалыптастыру, (үлкен- кішкентай, бір -көп)

Қоршаған ортамен таныстыру

1.Еңбекке баулу
Қарапайым тапсырмаларды өздігінен орындауға, түрлі балалар әрекетіне қажетті материалдарды, құрал-жабдықтарды әзірлеуге, қолданып болған соң ойыншықтарды, кітаптарды, заттарды орнына жинауға баулу.
2.Өзінің, құрдастарының шығармашылық жұмыстарының нәтижелеріне, суреттеріне, бұйымдарға құрметпен қарауға, оларға ұқыптылықпен қарауға баулу.
3.Тірі және өлі табиғат заттары мен құбылыстарына қызығушылықтарын қалыптастыру.
4.Өсімдіктер әлемі
Туған өлкенің кейбір өсімдіктері туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру. Ағаштардың, дала гүлдерінің, кейбір көкөністер мен жемістердің, бөлме өсімдіктерінің 2-3 түрін тану және атау, өсімдік бөліктерін тану.

Құрастыру

1.Көкөністер мен жемістерді, кейбір заттарды, азық-түлік тағамдарын, қиылған қағаз бөліктерінен өзбетінше құрастыруға мүмкіндік беру
2. Әр түрлі заттарды (ыдыстар, ойыншықтар) қағаздан құрастыра білуге үйрету.
3.Пішіндерді дұрыс орналастыра отырып заттарды табиғи материалдардан құрастыруға үйрету.(аққала, шана,шырша )
Құрастырған құрылыспен сюжетті ойыншықтарды қолданып ойнату.
Ойнап болғаннан кейін бөлшектерді жинауға, қауіпсіздікті сақтауға, ұқыптылыққа баулу.
4. Қыстық киімдер жайлы әңгімелеу; Қиылған суреттерді түсі бойынша тауып ,дұрыс құрастыра білуге дағдыландыру. (мойынорағыш,баскиімді т.б)

Сурет салу

1.Көлденең және тік сызықтарды салу, олардың қиылысуын жүргізе білу;
2.3.Әр түрлі пішіндегі (көкөністер мен жемістер, ыдыс-аяқ, ойыншықтар, жануарлар), дөңгелек пішінді (шарлар, бұлттар, күн) заттарды бейнелеу, 4.Мазмұнды сурет салу: Жаңа жыл мерекесі туралы білімдерін кеңейту; (шырша ойыншықтары т.б)

Мүсіндеу

1.Сазбалшықтан, ермексаздан мүсіндеуге қызығушылыққа баулу. Сазбалшық, ермексаз кесектерінен бөліп алу, домалату, ширату, созу, жаю тәсілдерін пайдалана отырып, көкөністер мен жемістерді, кейбір заттарды, азық-түлік тағамдарын мүсіндеуге үйрету.
2.Кесектерді алақандарының арасында домалату, есу, жаю тәсілдері арқылы заттарды мүсіндеу (ыдыстар, ойыншықтар).
3.Пішіндерді дұрыс орналастыра отырып заттарды мүсіндеуге үйрету. (аққала, шана,шырша т.б)
4. Қыстық киімдер туралы түсініктерін кеңейту; Ермексаздан мойынорағыш,баскиімді жасауды үйрету.

Жапсыру

1.Балаларды ересектер дайындағанкөлденең және тік сызықтардан жасалған (қоршау,саты, жаяу жүргіншілер жолдары)қағаз бетіне жапсыруға баулу.
2.3Әр түрлі пішіндегі (көкөністер мен жемістер, ыдыс-аяқ, ойыншықтар, жануарлар), дөңгелек пішінді (шарлар, бұлттар, күн) заттарды қағаз бетіне дұрыс орналастыра отырып жапсыруға дағдыландыру.
4. Жаңа жыл мерекесі туралы айта отырып (шырша ойыншықтары т.б) мерекедегі кейіпкерлердің бейнелерін қиып жапсыру.

Музыка

Маман жоспары бойынша




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет