Бағдарламасы Пәндер атауы және олардың негізгі бөлімдері


Материялық нүктенің динамикасы



бет4/53
Дата05.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#20366
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Материялық нүктенің динамикасы
Табиғаттағы әсерлесу күштері. Гравитациялық және электромагниттік әсерлесу. Фундаменталь күштер туралы ұғым. Электр әлсіз және күшті әсерлесулер.
Масса-дененің ілгерілеме қозғалыстағы инерттік қасиетін сипаттайтын шама, массаны тәжірибеде анықтау. Ньютонның динамика заңдары. Импульс және оның әсерлесетін денелер үшін сақталу заңы. Релятивистік бөлшектің массасының жылдамдыққа тәуелділігі, тыныштық масса. Релятивистік бөлшектің импульсі және қозғалыс теңдеуі.
Материялық нүктелер жүйесінің динамикасы
Материялық нүктелер жүйесі, ішкі және сыртқы әсер күштері. Материялық нүктелер жүйесінің импульсі. Материялық нүктелер жүйесінің қозғалыс теңдеуі. Массалық центр, оның қозғалысы. Релятивистік қозғалыс үшін массалық центр ұғымының қолданылмауы. Оқшауланған материялық нүктелер жүйесі. Оқшауланған материялық нүктелер жүйесінің импульсінің сақталу заңы. Импульстің жекеленген проекцияларының сақталуы.
Реактивтік қозғалыс. Мещерский теңдеуі, Циолковский формуласы. Космосқа ұшудың болашақтары. Материялық нүктенің импульс моменті. Күш моменті. Материялық нүкте үшін моменттер теңдеуі. Материялық нүктелер жүйесінің импульс моменті. Материялық нүктелер жүйесі үшін моменттер теңдеуі. Оқшауланған материялық нүктелер жүйесі үшін импульс моментінің сақталу заңы. Сыртқы күш моменттері әсер еткенде импульс моментінің жекеленген проекцияларының сақталуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет