Бағыты: Тіл және өлкетану Ғылыми жетекшісі


Киім-кешек атауларына байланысты диалектизмдер



бет9/12
Дата26.09.2023
өлшемі62,31 Kb.
#182524
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Какен Назерке 11”С”

Киім-кешек атауларына байланысты диалектизмдер

1

Көк масаты көйлек киген әлдебір арудың алыстан арып-ашып келе жатқан жарына сағына, қол бұлғап, көкке көтерген білегіндей жұп-жұмыр, сымбатты, мұнара жақындаған сайын жалт-жұлт ойнап жарқырай түсті. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 19 бет)

МАСАТЫ. (ҚХР) жеңіл, жұқалтақ. (Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі 504 бет)

2

Анамнан қалған жалғыз көз-ақық алқа еді. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 32 бет)

АҚЫҚ. (Орал,Орда) көйлекке тағатын ақ түйме . (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 45 бет)

3

Дегене қарынды енді бір қарыс деңмент белбеумен буып салған. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 73 бет)

ДЕҢМЕНТ БЕЛБЕУ. (Рес, Орын, Түрікм, Ашх.) күміс белбеу. (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 195 бет)

4

Оның бұлт-бұлт ойнаған көйлегі мен дәйңм жел ұшырып әкетердей боп желбіреп жүретін желең шарқаты мұның көңіліне көктем еккендей, өн бойына бір жұмсақ сезім жүгіретін. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 106 бет)

ШАРҚАТ.
1. (Маңғ., Шевч, Мақат, Түрікм, Красн., Ашх., Таш.,) шәйі орамал.
2. (Қ.орда, Арал; Ақт., Ырғ, Орын.) тоқыма түбіт шәлі.
3. (Өзб., Бұх.) шәлі, қыжым орамал. (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 738 бет)

5

Өзі көгілдір торқаға орана түскен мұнараны біресе ана жағынан, біресе мына жағынан шығып қарайды да жүреді. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 115 бет)

ТОРҚА.

  1. (Алм., Іле) елек, қылбыр.

  2. (Сырд., Жал.) кенеп. (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 672 бет)








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет