Бағыты: Тіл және өлкетану Ғылыми жетекшісі


Сын есімге тән диалектизмдер (



бет5/12
Дата26.09.2023
өлшемі62,31 Kb.
#182524
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Какен Назерке 11”С”

Сын есімге тән диалектизмдер (Сындық-сапалық мәндес)

1

Әумесер жел-бұл мініп келе жатқан сары күймені де жер бетінен жұлып ап,төбесінде бедірейіп жатып алған сұп-сұр кеңістіктің әлдебір тұңғиығына жітіріп жібергісі келгендей, екілене жұлқылайды. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 12бет)

ӘУМӘСІР. (Сем, Шұб.) әумесер, есерсоқ. (Диалектологиялық сөздік. 130 бет)

2

Өйтсең болды, күйеуінің көзіне шөп салмай жүре алмайтын жады қатынның қойынынан өрген бөтен еркектей мына опасыз дүниенің тағы бір пұшпағынан өзіңнен гөрі мықтырақ басқа біреудің сыпаң етіп шыға келуі оп-оңай. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 16 бет)

ЖАДЫ

  1. (Шығ.Қаз, Марқ.) қан ауры.

  2. (Жамб, Тал, Жам, Сар, Шымк.) Жазы қом. Түйеге жүк арту үшін екі жақ етегі дөңгелене келген, ішіне қамыс қоға не сол сияқты шөп-шалам салып, өркеш тұстарын ішкі жағынан ашық қалдыра киізден не алашадан тігілген арнай әбзел.

  3. (ҚХР) Қанағатсыз, тойымсыз. (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 223 бет)

3

Сылдыр-сылдыр ағып жатқан мөлдір бұлаққа да, жасыл-желек арасында мігірсіз шықылықтаған сансыз құстар да, су үстінен шыр айналып шықпай қойған көк қанат инелікке де оның ешқандай әмірі жүрмейді. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 21 бет)

МІГІРСІЗ. (Гур, Маңғ, Орал, Орда) дамылсыз, тынымсыз. (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 516 бет)



4

Көп ұзамай қатқыл жолығатын сыңай танылды. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 18 бет)

ҚАТҚЫЛ. (Орал, Орда) халсіз, ауыр. (Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі 433 бет)

5

Ертеңгі пісетін шырын жемістердің дәмін сездіретіндей біртүрлі күмілжі тәтті иіс кісіні еліктіріп, басқа шабатындай. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 25 бет)

КҮМІЛЖУ. (Орал, Жән.) айқын емес, күңгірт (Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі 379 бет)



6

Мен өзім ол найсаптарды оның өз қолымен бауыздауға әзірмін. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 26 бет)

НАЙСАП. (Қарақ, Тақт.) жексұрын, оңбаған. (Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі 520 бет)

7

Іншалла, бүгін олар да орылған қаудай жайпалып қалады екен. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 28 бет)



ҚАУ.

  1. (Шымк, Қызылқ.) үйілген шөптің я бау-бақшаның айналасына салынған қоршау.

  2. (Шымк, Мақт.) қақпа

  3. (Жамб, Қорд.) сел, су тасқыны орып кеткен жер.

  4. (Қост, Фед, Семиоз.) өткен жылғы шабылмай, орылмай қалған шөп.

  5. (Ақт, Шалқ.) көп, қалың. (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 403 бет)

8

Екі көзі бірдей соқыр еңгезердей едірең мұрт мосқал біреу мойынына қос қолдап жабысып қалған сығыр көз сыптығыр қараны шекеден де, тұмсықтан де беріп жүр. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 31 бет)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет