Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын бекіту туралы


-параграф. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер



бет8/31
Дата25.01.2017
өлшемі7,17 Mb.
#7696
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31

11-параграф. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер



мектептері музыка бөлімдерінің «Флейта арнайы сыныбы» пәні


бойынша білім беру бағдарламасы

      439. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептері музыка бөлімдерінің «Флейта арнайы сыныбы» пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) мақсатты, міндеттерді, пәннің мазмұнын, бағдарламалық талаптарды, емтихан талаптарын, күтілетін нәтижелерді анықтайды.

      440. Бағдарлама музыка өнері саласындағы орта кәсіптік білім беру бағдарламаларын ескере отырып, балалар музыка мектептеріне және өнер мектептерінің музыка бөлімдеріне арналық әзірленген.



      441. Флейта сыныбында оқу мерзімі жас ерекшеліктеріне, жалпы зияткерлік дайындығына, баланың физикалық және музыкалық қабілеттеріне байланысты 5-7 жасты құрайды. 5 жас пен 8 жас аралығында мектепке оқыға келген балаларға 7 жылдық оқу мерзімімен білім беру бағдарламасын, ал 8 жастан жоғары балалар үшін 5 жылдық білім беру бағдарламасы ұсынылады.



      Кәсіби музыкалық оқу орындарына түсүді жоспарлайтын білім алушылар үшін, олардың ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың сұранысы бойынша оқу мерзімі бір жылға ұзатылуы мүмкін.



      442. Бағдарламаның мақсаты: флейтада ойнау білімін, біліктері мен дағдыларын қалыптастыру арқылы бала тұлғасын дамыту.



      443. Бағдарламаның міндеттері:



      1) классикалық музыкаға және музыкалық шығармашылыққа деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін дамыту;

 

      2) музыкалық қабілеттерін дамыту: есту қабілеті, есте сақтау, ырғақ, эмоциялық күй, саздылық және әртістік;

 

      3) саксофонда музыкалық оырндаушылық үшін қажетті құрал ретінде музыкалық сауатты меңгеру;  



      4) флейтада ойнау дағдыларын қалыптастыру;



      5) жеке және ансамбльде музыкалық шығармаларды сауатты орындауға мүмкіндік беретін негізгі дағдыларды меңгеру;

 

      6) балалардың шығармашылық қызмет пен көпшіліп алдына шығып өнер көрсетуден тәжірибе алуы, кәсіби оқуды жалғастыруға саналы түрде уәждемелеуді қалыптастыру.



      444. Балалардың физиологиясына қарай педагог білім алушының қандай аспаппен айналысатынын анықтайды 5-7 жастағы балалар үшін блокфлейта және вэйв үлкен флейта жүйесі (Wave-system) және одан жоғары жастағы балалр үшін флейта сопрано.



      445. Оқыту жеке, шағын топтық және топтық формада жүзеге асырылады.



      Даярлық сыныбындағы білім алушылардың сандық құрамы - 8-10 адам.



      Ұжымдық музыка ойнау пәні бойынша топтардың сандық құрамы: оркестрде және ұжымдық музыка ойнаудың басқа формаларында - 6 адам, ұжымдық музыка ойнаудың шағын топтық формаларында - 2 адамнан бастап 4 адамға дейін.



      446. Даярлық және 1-сыныптарда сабақтың шағын түрлері пайдаланылады: сабақ немесе оның бөлігі екі-үш білім алушымен бір уақытта өткізіледі. Жиналған уақыттың қоры нотаны парақтан оқуды, тыңдау бойынша теруді. тасымалдауды, ансамбльді дамытуға және музыкалық дүниетанымды кеңейтуге арналады.



      447. Бағдарламаны игерудің түрлі кезеңдеріне қойылатын міндеттерге байланысты оқыту әдістері анықталған:



      1) сөзбен жеткізу (сөзбен жеткізу әдістері және ақпаратты тыңдау арқылы қабылдау): әңгіме, сөйлесу, түсіндіру, сүхбат, нұсқаулық, өз бетімен жұмыс.



      2) көрнекілік: иллюстрациялар, демонтстрациялар (музыкалық аспапта орындау), өз бетімен бақылау және практикалық әдістер: жаттығулар, практикалық жұмыстар, шығармашылық тапсырмалар;



      3) Оқу-танымдық қызметті бақылау әдістері мен тиімділікті өзі бағалау.



      448. Бағдарламаны әдістемелік қамтамасыз ету. Білім беру үдерісінің тиімділігі оның мақсатының мазмұны мен тәрбиелеу міндеттеріне, балалардың жас және жеке ерекшеліктеріне, педагог пен білім алушының кәсіби құзіретті педагогикалық өзара әрекеттестігіне байланысты.



      449. Музыка мектептерінінде музыкалық қабілеттері жақсы балалармен қатар, музыкалық-орындаушылық мүмкіндіктері шектеулі балалар оқиды. Сабақта педагог олармен жұмыс істегенде музыка ойнаудың түрлі нысандары мен шығармашылық дағдыларын дамытуға екпін жасай отырып, дамытуға бағытталған оқыту әдістеріне сүйенеді. Репертуарды таңдау барысында жеке жоспардың түрлі нұсқада болуына жол беріледі: 1 және 2 сыныптардың талаптарының (оның ішінде гаммалардың да) деңгейлерін төмендету.



      450. Әр жартыжылдықтың басында жеке жоспарлар әзірленеді және білім беру ұйымының басшысымен бекітіледі. Әр жартыжылдықтың соңында педагог алдында бекітілген тізімдердегі тапсырмалардың орындауы мен өзгерістерінің сапасын белгілейді, ал жылдың соңында білім алушыныңмузыкалық және техникалық жағынан дамуының, үлгерімі мен еңбекке қабыілеттілігіне сипаттама береді.



      451. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында,жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріліп, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.



      452. Педагог өз бетінше репертуарлық тізімді қалыптастырады, шығармаларды жүйелендіреді, білім алушылардың жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.



      Білім алушының жылдық оқу жоспарының негізігі құрамдас бөлігі: ірі нысандағы туындылар, полифония, пъесалар, этюдтер, гаммалар және музыкалық шеберліктерін дамытатын жаттығулар, ансамбльдер, сүйемелдеулер, өзі оқып-үйренуі, қағаз бетінен оқуы және тасымалдауы, үйде музыкада ойнау үшін пъесалар.



      453. Білім алушылардың жеке жоспарлары қазақ ұлттық және кәсіби музыкасы, классикалық музыка, қазіргі заман музыкасы 20-21 ғасырдың сазгерлік музыка элементтерін пайдалана отырып кірістірудің арқасында кең репертуарлық үрдістерді, репертуардың жаңаруы және байытылуын қамтып көрсетеді.



      454. Жеке жоспарда білім алушының жылдың аяғында оның жеке даму жақтарын көрсететін мінездемесі ұсынылады:



      1) музыкалық мағлұматтар деңгейі (есту, ырғақ, жады), білім алушының орындау аппаратының берілген аспапқа сәйкестігі, аспапқа икемделгішітік дәрежесі;



      2) жалпы даму, эмоциялық, сезінушілік, реакция жылдамдығы; музыкаға, музыкалық сабақтарға қатынасы;



      3) еңбекке қабілеттілік, жинақылық;



      4) өз бетінше оқып-үйрену икемділігі, мәтінді талғаудағы сауаттылық дәрежесі, музыкалық туындыларды меңгеру шапшаңдығы;



      5) жылдың аяғындағы табыстары;



      6) білім алушының дамуындағы кемшіліктер және оларды игеру бойынша міндеттер.



      455. Бірдей сыныпта бағдарламаны оқытудың жеке жоспарлары, концерттік және емтихандық бағдарламалар күрделілігінің деңгейі бойынша өзгеше болуы мүмкін.



      456. Репертуармен жұмыста педагог шығармалардың бір бөлігі көпшілік алдында немесе концертте (емтиханда) орындауға, ал қалған бөлігі – сынып жұмысына немесе танысуға арналатындығын ескеру керек. Педагог педагогикалық репертуармен жұмыстың аяқталу дәрежесін білім алушының жеке жоспарында оқу сатыларын белгілеу арқылы анықтауы мүмкін.



      457. Педагогтің әрбір білім алушының жеке ыңғайын ескере отырып, жаңа репертуар есебінен репертуарлық тізімдерді толықтырады, бағдарламаның көлемі мен күрделілігін саралайды.



      458. Пәннің оқу-тақырыптық жоспары. Оқыту мерзімі 5-7 жыл.



      1) Гаммалар, арпеджио, штрихтар – 60 сағат.



      2) Этюдтер, жаттығулар – 96 сағат.



      3) Пьесалар. Ірі нысанды шығармалар – 204 сағат.



      4) Ансамбль. Нотаны парақтан оқу – 24 сағат.



      5) Ұжымдық саз өнері (шағын нысандар) – 24 сағат.



      Барлығы: 408 сағат.



      459. Пәннің оқу-тақырыптық жоспары. Даярлық, 1, 2, 3, 4, 5-сыныптар.



      1) Гаммалар, арпеджио, штрихтар – 10 сағат.



      2) Этюдтер, жаттығулар – 16 сағат.



      3) Пьесалар. Ірінысанды шығармалар – 34 сағат.



      4) Ансамбль. Нотаны парақтан оқу – 4 сағат.



      5) Ұжымдық музыка ойнау нысаны (шулы оркестр, шағын нысандар) – 4 сағат.



      Барлығы: 68 сағат.



      460. Пәннің оқу-тақырыптық жоспары. Даярлық, 1, 2, 3, 4, 5, 6. 7-сыныптар.



      1) Гаммалар, арпеджио, штрихтар – 10 сағат.



      2) Этюдтер, жаттығулар – 16 сағат.



      3) Пьесалар. Ірі нысанды шығармалар – 34 сағат.



      4) Ансамбль. Нотаныпарақтан оқу – 4 сағат.



      5) Ұжымдық музыка ойнау нысаны (шулы оркестр, шағын нысан) – 4 сағат.



      Барлығы: 68 сағат.



      461. Бағдарламалық талаптар. Білім алушылар даярлық сыныбында:



      1) 20-25 жеңіл пьесаны, 8-12 этюдті, 2-4 жеңіл ансамбльдік шығарманы (жұмыс барысында дабылды шулы аспаптарды қолдануға болады) және бірнеше нұсқаулық жаттығуларды үйренеді;



      2) оқу жылы соңында білім алушы флейтада ойнаудың басты амал-тәсілдерін, музыкалық сауатты білуі, қарапайым музыкалық пьесалардың түрін аңықтай білуі, жеңіл пьесалар мен этюдтерді парақтан оқу және орындау дағдыларын меңгеру, ансамбльде ойнау дағдыларын еркін меңгереді.



      462. Бағдарламалық талаптар. 1-сыныпта білім алушылар:



      1) көлемі жағынан түрлі 20-22 музыкалық шығарманы, аз дегенде 10-12 жеңіл пьесаны, 8-12 этюдті, 4-6 ансамбльдік шығарманы және қосымша танысу мақсатында бірнеше жеңіл пьесаны, сонымен қатар орындаушылықты аппаратты дұрыс қою бойынша нұсқаулық жаттығуларды үйренеді;



      2) оқу жылы соңында білім алушы флейтада ойнаудың басты амал-тәсілдерін, музыкалық сауатты білуі, қарапайым музыкалық пьесалардың түрін аңықтай білуі, жеңіл пьесалар мен этюдтерді парақтан оқу және орындау дағдыларын меңгеру, ансамбльде ойнау дағдыларын меңгереді.



      463. Бағдарламалық талаптар. Білім алушылар 2-сыныпта:



      1) көлемі жағынан түрлі болып келетін 18-20 музыкалық шығарманы, аз дегенде 8-10 жеңіл пьесаны, 6-8 этюдті, 4-6 ансамбльдік шығарманы және қосымша танысу мақсатында бірнеше жеңіл пьесаны, сонымен қатар орындаушылықты аппаратты дұрыс қою бойынша нұсқаулық жаттығуларды үйренеді.



      2) флейтада ойнаудың басты амал-тәсілдерін, музыкалық сауатты білуі, қарапайым музыкалық пьесалардың түрін аңықтай білуі, жеңіл пьесалар мен этюдтерді парақтан оқу және орындау дағдыларын меңгеру, ансамбльде ойнау дағдыларын біледі.



      464. Бағдарламалық талаптар. 3-сыныпты білім алушы:



      1) көлемі жағынан түрлі 18-20 музыкалық шығарманы, 1-2 ірі нысанды шығармаларды, 6-8 жеңіл пьесаны, 4-6 этюдті, 4-6 ансамбльдік шығарманы және қосымша танысу мақсатында бірнеше жеңіл пьесаны үйренеді;



      2) флейтада ойнаудың басты амал-тәсілдерін, музыкалық сауатты білуі, музыкалық шығармалардың түрін анықтай білуі, нотаны парақтан оқу дағдыларын, пьесалар мен этюдтерді орындау, ансамбльде ойнай дағдылары мен ансамбльдік партитураларды парақтан оқу дағдыларын біледі.



      465. Бағдарламалық талаптар. 4-сыныпта білім алушы:



      1) көлемі жағынан түрлі 16-18 музыкалық шығарманы, 1-2-ден кем емес ірі нысанды шығармаларды, 6-8 пьесаны, 4-6 этюдті, 4-6 ансамбльдік шығарманы және қосымша танысу мақсатында бірнеше жеңіл пьесаны үйренеді;



      2) флейтада ойнаудың басты амал-тәсілдерін, музыкалық сауатты білуі, музыкалық шығармалардың түрін анықтай білуі, нотаны парақтан оқу дағдыларын және пьесалар мен этюдтерді орындау, ансамбльде ойнай дағдылары мен ансамбльдік партитураларды парақтан оқу дағдыларын, ноталық редакторда жұмыс істеу дағдыларын біледі.



      466. Бағдарламалық талаптар. 5-сыныптың аяғында білім алушылар:



      1) көлемі жағынан түрлі 8 музыкалық шығарманы, 4-6 ансамбльдік шығарманы және қосымша танысу мақсатында бірнеше пьесаны үйренеді;



      2) флейтада ойнаудың басты амал-тәсілдерін, музыкалық сауатты, музыкалық шығармалардың сипаты мен түрін анықтайды, парақтан оқу дағдыларын, пьесалар мен этютарды орындай білу дағдыларын, ансамбльде ойнау дағдылары мен ансамбльдік партитураларды парақтан оқу дағдыларын, шығармалардың аранжировка негіздерін (аспапты күйге келтіру, өңдеу), ноталық редакторда жұмыс істеу дағдыларын біледі;



      3) флейтада ойнаудың дағдыларын, музыка теориясы негіздерін білуі, музыкалық шығармалардың нақыштық ерекшеліктері мен түрлерін түсіну, дыбысты жүргізумен, екпіндік жіне ырқақтық нақтылықпен жұмыс жасауды, сөз тіркестерін жақсы білу, парақтан оқу және ансамбльде ойнау дағдыларын, аранжировка негіздері мен ноталық редакторда жұмыс істеу дағдыларын біледі.



      467. Бағдарламалық талаптар. 6 және 7-сыныптардың білім алушылары:



      1) түрлі 8 музыкалық шығарманы, 4-6 ансамбльдік шығарманы және қосымша танысу мақсатында бірнеше пьесаны үйренеді;



      2) флейтада ойнау дағдыларына ие, музыкалық сауатты, музыкалық шығармалардың үлгілерін және стилистикалық ерекшеліктерін түсінуі, парақтан оқу дағдалырын білу, пьесалар мен этюдтерді орындау, ансамбльде ойнау дағдылары мен ансамбльдік партитураларды парақтан оқу және аранжировка негіздері туралы дағдыларын білу, ноталық редакторда жұмыс істеу дағдыларын біледі;



      3) флейтада ойнау дағдыларын, алғашқы музыкалық теория негіздерін, музыкалық шығармалардың нақыштық ерекшеліктері мен түрлерін түсіну, дыбыстану, дыбыс тазалығы (интонация) және ырғақтың дәлдігі бойынша жұмыс істей білуі, фразаларға бөле білу, парақтан оқу, ансамбльде ойнау, транспонирлеу, аранжировка негіздерін, музыканы өңдеу және муыкалық шығармаларды аспапқа түсіру, ноталық редакторда еркін жұмыс істеу дағдылары.



      468. Күтілетін нәтижелер. Даярлық сыныбы бойынша оқу жылы соңында білім алушы флейтада ойнаудың басты амал-тәсілін, музыкалық сауат негіздерін, қарапайым музыкалық пьесалардың ерекшелігін айқындай біледі, қарапайым пьесаларды орындау дағдыларын игереді, естілуі бойынша қысқа әуендерді аспапта ойнай біледі;



      469. Оқытудың осы кезеңінің пәндік құзіреттіліктері:



      1) аспаптың құрылымын, флейтаны күту ережелерін білу;



      2) музыкалық сауат негіздерін білу;



      3) тыныс алу және ерін аппаратын, қолдар қалпын ұйымдастыру;



      4) флейтада орындаудың алғашқы дағдыларын игеру;



      5) көркем-музыкалы ой-өрісті қалыптастыру;



      6) бір белгідегі үндестіліктегі бір октавадағы 2 гамманы орындай білу;



      7) негізгі штрихтарды (деташе, легато) игеру;



      8) алғашқы өзін бақылау дағдылары мен үй тапсырмаларын өз бетінше орынадау дағдыларын дамыту;



      9) 6-10 жеңіл пьесаны еске сақтауы бойынша ойнау.



      470. 1-сыныптың аяғында білім алушы флейтада ойнаудың негізгі дағдыларын меңгереді, музыкалық сауат негіздерін, негізгі штрихтарды біледі, музыкалық пьесалардың ерекшеліктерін айыра біледі, әуеннің орындалуын талдай біледі, пьесалар мен фразалардың құрылымын анықтай біледі, түрлі нақыштық бағыттағы шығармаларды орындау дағдыларына ие және берілген әуендерді естуі бойынша ойнай біледі.



      471. Осы оқыту кезеңінің пәндік құзіреттіліктері:



      1) аспаптың құрылымын, флейтаны күту ережелерін білу;



      2) музыкалық сауат негіздерін білу;



      3) тыныс және ерін аппаратын, қолдың дұрыс қойылуын ұйымдастыру;



      4) флейтада ойнаудың алғашқы дағдыларын меңгеру;



      5) нотаны парақтан оқудың алғашқы дағдыларын меңгеру;



      6) музыкалық-образдық ойлауды қалыптастыру;



      7) өзін бақылаудың алғашқы дағдыларын қалыптастыру;



      8) негізгі штирхтарды меңгеру (деташе, легато, стаккато);



      9) бір октавалық қарапайым гаммаларды және үшдыбыстықтарды мажорлы және минорлы гаммаларды орындай білу;



      10) қарапайым әуендерді есту арқылы етере білу;



      11) жеңіл 10-12 пьесаны, 5-6 нұсқаулық жаттығуларды, 3-5 этюдты, 2-3 ансамбльдік шығармаларды жаттау.



      472. 2-сыныптың аяғында білім алушы флейтада ойнаудың негізгі дағдыларына ие, музыкалық сауат негіздерін, негізгі штрихтарды біледі, негізгі музыкалық жанрларды біліп, оның стилистикалық ерекшеліктерін түсінеді, орындау кезінде негізгі құрылымдарға: пьесаның, фразаның құрылысын анықтауға көңіл аударуы, түрлі стилистикалық бағыттағы шығармаларды орындау және берілген әуендерді есту бойынша ойнай білу дағдыларына ие, орындау кезінде интонацияны бақылай біледі, фразаларға бөле білуі; парақтан оқи білу және қарапайым әуендерді аспапта ойнау дағдыларына ие болады.



      473. Осы кезеңнің пәндік құзіреттіліктері:



      1) музыкалық сауаттылық негіздерін білу;



      2) бір жарым-екі октава шамасындағы аппликатураларды білу;



      3) орындаушылық аппаратты ұйымдастыру;



      4) музыкалық-образдық ойлауды қалыптастыру;



      5) өзін-өзі бақылаудың және үй жұмысын өзбетінше орындау дағдыларын жетілдіру;



      6) негізгі штирхтарды (деташе, легато, стаккато, қос стаккато) білу;



      7) екі белгіге дейін екі октавалы негізгі үшдыбыстылықта мажорлы және минорлы орындай білу;



      8) күрделілігі жоғары 10-12 пьесаны, бірқатар нұсқаулық жаттығуларды, 5-6 этюдті және 3-5 ансамбльдік шығармаларды жатқа білу;



      9) нотаны парақтан оқу дағдыларын;



      10) фразаларға бөлуді, әуенді таза орындауды үйрену;



      11) жеңіл әуендерді есту арқылы аспапта теру және транспонирлеу.



      474. 3-сыныптың аяғында білім алушы флейтада ойнау дағдыларына ие, музыкалық сауаттылықты біледі, негізгі штрихтарды пайдалана біледі және оларды түрлі комбинацияларда орындай біледі, негізгі музыкалық жанрларды және олардың стилистикалық ерекшеліктерін біледі, орындау кезінде негізгі құрылымдарға: пьесаның, фразаның құрылысын анықтауға көңіл аударады; дыбыстану, дыбыс тазалығы және ырғақтың дәлдігі бойынша жұмыс істей білу; түрлі стилистикалық бағыттағы шығармаларды орындау және берілген әуендерді естуі бойынша аспапта орындай білу дағдыларына ие; орындау барысында интонациялық бақылауды жүзеге асыру, фразаларға бөле біледі; ансамбльде ойнау, парақтан оқу, транспонирлеу дағдыларына ие.



      475. Осы кезеңнің пәндік құзіреттіліктері:



      1) музыкалық сауттылықтың негіздерін білу;



      2) екі-екі жарым октавадағы аппликатураны білу;



      3) орындаушылық аппаратты ұйымдастыру;



      4) музыкалық-бейнелік ойлауды қалыптастыру



      5) өзін-өзі бақылаудың және үй жұмысын өзбетінше орындау дағдыларын жетілдіру;



      6) негізгі штирхтарды (деташе, легато, стаккато, қос стаккато, тенуто, акцент, нон-легато) білу;



      7) екі белгіге дейін екі октавалы негізгі үшдыбыстылықта мажорлы және минорлы гаммаларды, доминантсептаккордты орындай білу;



      8) хроматикалық гаммаларды оқу;



      9) ірі нысанды 1-2 шығарманы, 8аса күрделі және түрлі нақыштық бағыттағы 8-10 пьесаны, бірқатар нұсқаулық жаттығуларды, 5-6 этюдті және 3-5 ансамбльдік шығармаларды жатқа білу;



      10) фразаларға бөлуді, әуенді таза орындауды үйрену;



      11) нотаны парақтан оқу жіне транспонирлеу дағдыларын білу;



      12) жеңіл секвенцияларды орындай білу;



      476. 4-сыныптың аяғында білім алушы флейтада ойнау дағдыларын игереді, музыкалық сауаттылықты біледі, негізгі және көмекші штрихтарды пайдалана біледі және оларды түрлі комбинацияларда орындай біледі, негізгі музыкалық жанрларды және олардың стилистикалық ерекшеліктерін түсінеді, орындау кезінде негізгі құрылымдарға: пьесаның, фразаның құрылысын анықтауға көңіл аударуы; дыбыстану, дыбыс тазалығы және ырғақтың дәлдігі бойынша жұмыс істей алады; түрлі стилистикалық бағыттағы шығармаларды орындау дағдыларын меңгереді, орындау барысында интонациялық бақылауды жүзеге асырады, фразаларға бөле біледі; ансамбльде ойнау, парақтан оқу, транспонирлеу, музыканы сандық өндеудің және ноталық редакторларда жұмыс жасаудың алғашқы дағдыларына ие.



      477. Осы кезеңнің пәндік құзіреттіліктері:



      1) музыкалық сауттылықтың негіздерін білу;



      2) үш октавадағы аппликатураны білу;



      3) орындаушылық аппаратты ұйымдастыру;



      4) флейтада ойнау дағдыларын меңгеру;



      Музыкалық-бейнелік ойлауды қалыптастыру;



      6) аранжировка жасаудың дағдылары мен ноталық редакция жасау жұмыстарын білу;



      7) өзін-өзі бақылаудың және үй жұмысын өзбетінше орындау дағдыларын жетілдіру;



      8) негізгі штирхтарды (деташе, легато, стаккато, қос стаккато, тенуто, акцент, нон-легато) білу;



      9) төрт белгіге дейін екі октавалы негізгі үшдыбыстылықта мажорлы және минорлы гаммаларды және үшдыбысты ладты айналымдарымен орындай білу;



      10) хроматикалық гаммаларды оқу;



      11) ірі нысанды 1-2 шығарманы, 8-10 аса күрделі және түрлі нақыштық бағыттағы 8-10 пьесаны, бірқатар нұсқаулық жаттығуларды, 5-6 этюдті және 3-5 ансамбльдік шығармаларды жатқа білу;



      112 фразаларға бөлуді, әуенді таза орындауды үйрену;



      13) нотаны парақтан оқу жіне транспонирлеу дағдыларын білу;



      14) жеңіл секвенцияларды орындай білу;



      15) ансамбльдік партитуралармен жұмыс істеу дағдыларын білу;



      16) аспаутаудың, аранжировканың алғашқы дағдыларын және ноталық редактормен жұмыс істей білу.



      478. 5-сыныптың аяғында білім алушы флейтада деңгейлер бойынша ойнау дағдыларын ие, музыкалық сауаттылықты біледі, негізгі штрихтарды пайдалана біледі және оларды түрлі комбинацияларда орындай біледі және негізгі және көмекші аппликатураны пайдалана біледі, музыкалық жанрларды біледі және олардың стилистикалық ерекшеліктерін түсінеді, орындау кезінде негізгі құрылымдарға: пьесаның, фразаның құрылысын анықтауға көңіл аударуы; дыбыстану, дыбыс тазалығы және ырғақтың дәлдігі бойынша жұмыс істей білуі; түрлі стилистикалық бағыттағы шығармаларды орындау және берілген әуендерді естуі бойынша аспапта орындай білу дағдыларын меңгеруі; орындау барысында интонациялық бақылауды жүзеге асыру, фразаларға бөле білу; ансамбльде ойнау, парақтан оқу, транспонирлеу, мультимедиа құралдарын қолдана білу дағдыларын (музыканың сандық оңделуі мен аранжировка бағдарламасын, ноталық редакторларды) меңгеруі керек.



      479. Осы кезеңнің пәндік құзіреттіліктері:



      1) музыкалық сауттылықтың негіздерін білу;



      2) үш октавадағы аппликатураны білу;



      3) қосымша аппликатураны пайдалана білу;



      4) орындаушылық аппаратты ұйымдастыру;



      5) флейтада ойнау дағдыларын меңгеру;



      6) сахна мәдениетін білу;



      7) музыкалық-образдық ойлауды қалыптастыру;



      8) музыканы сандық өңдеудің алғашқы дағдылары мен ноталық редакторде жұмыс істеу дағдыларын үйрену;



      9) жобалық қызметке қатысу;



      10) негізгі штирхтарды және олардың комбинацияларын (деташе, легато, стаккато, қос стаккато, тенуто, акцент, нон-легато және басқалары) білу;



      11) төрт белгіге дейін екі-екі жарым октавалы негізгі үшдыбыстылықта мажорлы және минорлы гаммаларды және үшдыбысты ладты айналымдарымен, доминантсептаккордтты айнлымдарымен, септаккоржтарды айналымдаррымен азайту;



      12) хроматикалық гаммаларды оқу;



      13) ірі нысанды 1-2 шығарманы, 8-10 аса күрделі және түрлі нақыштық бағыттағы 8-10 пьесаны, бірқатар нұсқаулық жаттығуларды, 5-6 этюдті және 3-5 ансамбльдік шығармаларды жатқа білу;



      14) фразаларға бөлуді, әуенді таза орындауды үйрену;



      15) нотаны парақтан оқу жіне транспонирлеу дағдыларын білу;



      16) жеңіл секвенцияларды орындай білу;



      17) ансамбльдік партитуралармен жұмыс істеу дағдыларын білу;



      18) аранжировка, өңдеу, аспаптау дағдыларын меңгеру;



      19) аспаутаудың, аранжировканың алғашқы дағдыларын, музыканы өңдеу және ноталық редактормен жұмыс істей білу;



      480. 6 және 7-сыныптардың аяғында білім алушы:



      1) флейтада ойнау дағдыларына ие болады, музыканың қарапайым теориясы негіздерін біледі, негізгі және көмекші штрихтарды пайдалана біледі және оларды түрлі комбинацияларда орындай алады, негізгі және көмекші аппликатураны пайдалана біледі;



      2) флейтада ойнаудың заманауи тәсілдерін біледі, музыкалық жанрларды біледі және олардың стилистикалық ерекшеліктерін түсінеді;



      3) орындау кезінде негізгі құрылымдарға көңіл аударады, музыкалық шығармалар түрлерін талдай біледі, агогиканы меңгереді, дыбыстану, дыбыс тазалығы және ырғақтың дәлдігі бойынша жұмыс істей біледі, түрлі стилистикалық бағыттағы шығармаларды орындай біледі, орындау барысында интонациялық бақылауды жүзеге асырады, фразаларға бөле біледі;



      4) нотаны парақтан оқу, транспонирлеу, мультимедиа құралдарын қолдана білу дағдыларын (музыканың сандық оңделуі мен аранжировка бағдарламасын, ноталық редакторларды) меңгереді.



      481. Осы кезеңнің пәндік құзіреттіліктері:



      1) флейтада ойнау дағдыларын, соның ішіндезаманауи орындау тәсілдерін меңгеру;



      2) музыкалық-орындаушылық құралдарының кешенін біру;



      3) сахна мәдениетін білу;



      4) музыкалық-образдық ойлауды қалыптастыру;



      5) музыканы сандық өңдеудің алғашқы дағдылары мен ноталық редакторде жұмыс істеу дағдыларын үйрену;



      6) өз бетінше жұмыс істеуді жүзеге асыру, үй тапсырмасын орындау барысында өз бетінше жұмыс уақытын жоспарлау;



      7) жобалық қызметке қатысу;



      8) негізгі штирхтарды және олардың комбинацияларын (деташе, легато, стаккато, үш стаккато, тенуто, акцент, нон-легато және басқалары) білу;



      9) төрт белгіге дейін екі-екі жарым октавалы негізгі үшдыбыстылықта мажорлы және минорлы гаммаларды және үшдыбысты ладты айналымдарымен, доминантсептаккордтты айнлымдарымен, септаккордтарды айналымдаррымен азайту;



      10) ірі нысанды 1-2 шығарманы, 8-10 аса күрделі және түрлі нақыштық бағыттағы 8-10 пьесаны, бірқатар нұсқаулық жаттығуларды, 5-6 этюдті және 5-6 ансамбльдік шығармаларды жатқа білу;



      11) фразаларға бөлуді, әуенді таза орындауды үйрену;



      12) нотаны парақтан оқу жіне транспонирлеу дағдыларын білу, секвенцияларды орындай білу;



      13) аспаутаудың, аранжировканың алғашқы дағдыларын, музыканы өңдеу және ноталық редактормен жұмыс істей білу;



      482. Бақылау нысандары.



      1) сыныптық концерт (сыныптың есеп беру концерті) –3 тоқсан соңында педагог сыныбының барлық білім алушылары күшімен өткізіледі;



      2) рейтинг-концерт (Rating-concert - бұдан былай R-C, Академиялық концерт) – оқу жылының бірінші және екінші жартыжылдықтары соңында педагог сыныбы бойынша, мамандықтары бойынша, барлық мамандықтың оқу сыныптары бойынша түрлі нұсқаларда өткізіледі;



      3) синтез–концерт – оқу жылының соңында түрлі музыкалық аспапта ойнауды үйреніп жүрген бірнеше сынып білім алушыларының күшімен өткізіледі;



      4) техникалық сынақ 1 және 3 тоқсанның аяғында 2 – 6-сыныптың білім алушылары үшін өткізіледі;



      483. Мектеп бітіру емтиханы 5-7 жылдық оқу мерзімі аяқталғанда білім алушының жеке оқу жоспарын ескере отырып нұсқаулылық талаптары бойынша тапсырылады.



      484. Аралық аттестаттау бақылау сабақтары, сынақтар және емтихандар түрінде жүргізіледі. Бақылау сабақтары, сынақтары және емтихандары техникалық сынақ, Raiting concert (Академиялық концерт), концерттік бағдарламаларды орындау, жазбаша жұмыс және ауызша сұрақ түрінде жүргізіледі.



      485. Ағымдық аттестацияның мазмұны, оны өткізу шарттары, білім алушылардың үлгерімін аралық аттестаттау және ағымдық бақылауды білім беру ұйымы өзі әзірлейді және оны педегогикалық кеңесте бекітеді.



      486. Қорытынды аттестация "Мамандық", "Сольфеджио" пәндері бойынша бітіру емтиханы түрінде жүргізіледі.



      487. Қорытынды аттестацияның өлшемдері. Бақылау-бағалаудың сипаты.



      1) «5-тік» баға («өте жақсы») – музыкалық шығарманың мазмұнын мәнерлі жеткізу, нысанды, қарқынды сезіне білу, екпіннің тазалығы, ырғағқтық пульсацияның анықтылығы, түрлі серпінділік, өзінің орындауын ести отырып бақылау, орындау техникасын еркін меңгеру, әртістік және беріліп орындау.



      2) «4-тік» баға («жақсы») – шығарманың нысанын сауатты түсіну, музыка тілін түсіну, музыкалық мәнерлілік құралдарын, ноталық мәтінді тұрақты шығару, қарқынның бірыңғайлығы, екпіннің тазалығы, түрлі серпінділік, естуді бақылаудың жетіспеушілігі, сахнада өзін ұстаудың психологиялық тұрақсыздық.



      3) «3-тік» баға («қанағаттанарлық») – музыканы образды жеткізбей, тек автордық нота мәтінін оқып шығу, оз өрындауын бақылаудың төмендігі, қарқынды-ырғақтық ұйымдастырылмағандығы, дыбыстылудың бір сарында болуы, сахнада өзін ұстаудың психологиялық тұрақсыздығы.



      4) «2-лік» баға («қанағаттанарлық емес») – ноталық мәтінді ойнаудағы қателіктері, естуды бақылаудың болмауы, метро-ырғақтық тұрақсыздық, дыбыс шығару мен дыбысты жүрзізудің сапасының төмен болуы, дыбыстың таза болмауы, орындау барысында жиі тоқтап қалу.



      488. Даярлық сыныбына арналған болжамды сынақ-емтихан талаптары.



      1 тоқсан – өткен материал бойынша бақылау сабағы.



      1 тоқсан - R-C академиялық концерт: 3 жеңіл пьеса.



      3 тоқсан – өткен материал бойынша бақылау сабағы.



      4 тоқсан - R-C академиялық концерт:3 түрлі сипаттағы пьесалар.



      489. 1-сыныпқа арналған болжамды сынақ-емтихан талаптары.



      1 тоқсан – Бақылау сабағы (өтілген материал бойынша),



      Техникалық сынақ және білім алушылардың шығармашшылық өз бетінше жүргізген жұмыстары: гаммалар. Этюдтер (нотаны парақтан оқу). Музыкалық терминологияны білу.



      2 тоқсан – R-C академиялық концерт:3 түрлі сипаттағы пьесалар.



      3 тоқсан – техникалық сынақ және білім алушылардың шығармашшылық өз бетінше жүргізген жұмыстары: гаммалар. Этюдтер (нотаны парақтан оқу). Музыкалық терминологияны білу.



      4 тоқсан – көшіру емтиханы: 3 түрлі нақыштық бағыттағы түрлі сипатты пьесалар.



      490. 2-5-сыныптарға арналған болжамды сынақ-емтихан талаптары.



      1 тоқсан – емтихан: 2 түрлі сипаттағы пьесалар.



      Техникалық сынақ және білім алушылардың шығармашылық өз бетінше жүргізген жұмыстары: гаммалар. Этюдтер (нотаны парақтан оқу).



      Музыкалық терминологияны білу.



      2 тоқсан – R-C академиялық концерт:



      1 ірі нысанды шығармалар және пьеса.



      Ірі нысанды шығарманы үлкен пьесамен алмастыруға болады.



      3 тоқсан – Техникалық сынақ және білім алушылардың шығармашшылық өз бетінше жүргізген жұмыстары:гаммалар. Этюдтер (нотаны парақтан оқу). Музыкалық терминологияны білу.



      4 тоқсан - Сыныптық концерт: 2 түрлі сипаттағы ансамбльдік шығармалар. R-C академиялық концерт:3 түрлі нақыштық бағыттағы түрлі сипатты пьесалар немесе 1 ірі нысанды шығарма және 2 пьеса.



      491. Бітіру емтиханы. Оқыту мерзімі 5 жыл.



      Емтихандық бағдарламалардың нұсқалары:



      1 концерттік этюд немесе жеке пьеса, немесе айқын пьеса.



      1 ірі нысанды шығарма.



      1 қазақ композиторының шығармасы.



      1 кантилльді пьеса.



      1 виртуозды пьеса.



      Пьесалардың біреуі жобалық қызмет аясында шығармашылық жобаға кіруі мүмкін. Мысалы: түлек флейта ансамбліне арналған шығармаға аранжировка жасайды, бірінші партияны өзі орындайды және бір уақытта ансамбльге жетекшілік етеді..



      492. 6-7-сыныптарға арналған болжамды сынақ-емтихан талаптары.



      1 тоқсан – емтихан: 2 түрлі сипатты пьесалар немесе фортепианоның сүйемелдеуімен 1 пьесаны және 1 пьесаны жеке орындау.



      Техникалық сынақ және білім алушылардың шығармашшылық өз бетінше жүргізген жұмыстары: гаммалар. Этюдтер (нотаны парақтан оқу). Музыкалық терминологияны білу.



      2 тоқсан – R-C академиялық концерт: 1 ірі нысанды шығарма және 1 сипатты пьеса.



      3 тоқсан – Техникалық сынақ және білім алушылардың шығармашшылық өз бетінше жүргізген жұмыстары:: гаммалар. Этюдтер (нотаны парақтан оқу).



      Музыкалық терминологияны білу.



      4 тоқсан - Сыныптық концерт: 3 түрлі сипатты ансамбльдік шығармалар.



      R-C академиялық концерт: 3 түрлі сипаттағы түрлі нақыштық бағыттағы пьесалар немесе 1 ірі нысанды шығарма және 2 түрлі сипатты пьесалар.



      Ірі нысанды шығармаларды кеңейтілген пьесалармен алмастыруға болады.



      493. Бітіру емтиханы.. оқу мерзімі 7 жыл.



      1 концерттік этюд немесе пьесаны жеке орындау немесе кеңейтілген пьеса;



      1 ірі нысанды шығарма;



      1 қазақ копозиторының шығармасы;



      1 кантиленді сипаттағы пьеса;



      1 виртуозды пьеса.



      494. Пьесалардың біреуі жобалау қызметінің аясында шығармашылық жобаға кіруі мүмкін. Мысалы; түлек флейта ансамбліне арналған шығарманы өңдейді, аранжировкасын істейді, аспапқа түсіреді, алғашқы партиясын өзі орындайды және бір уақытта ансамбльге жетекшілік етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет