Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын бекіту туралы


-параграф. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер



бет9/31
Дата25.01.2017
өлшемі7,17 Mb.
#7696
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31

12-параграф. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер



мектептері музыка бөлімдерінің «Саксофон» пәні бойынша білім


беру бағдарламасы

      495. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерімузыка бөлімдерінің «Саксофон» пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) оқу пәнінің мазұнын, білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды, тақырыптық жоспарды, күтілетін нәтижелерді, сыныптар бойынша болжамды бағдарламалық талаптарды, бақылау нысандары мен бағалау өлшемдерін, болжамды сынақ-емтихан талаптарын анықтайды.

      496. Бағдарламаның мақсаты: саксофон аспабын сауатты меңгеру арқылы шығармашық өзін өзі танытуға қабілетті бала тұлғасын дамыту.



      497. Бағдарламаның міндеттері:



      1) білім берушілік: дарынды білім алушыларды ерте кәсіптік бағдар бойынша білімін дамытудағы баланың жеке тұлғалық дамуын қалыптастыру, музыкалық шығармашылықтағы танымдық қызығушылығын дамыту, саксофонда ойнау дағдыларын игеру, баланың музыка саласындағы қабылетін ерте жастан анықтау, білім алушыға білім беру дағдыларын, аспапта ойнаудың және жұмысты орындайтын тәсілдерің, дұрыс жазба мәтінді оқып білудің, музыкалық орындаудың, білім алушымен тәжірибелік машықтарға қажетті жалпы музыкалық және кәсіптік кешенмен жабдықталуын қалыптастыру.



      2) дамытушылық: музыкалық-шығармашылық қасиеттерін қалыптастыру, білім алушылардың музыкаға деген қызығушылықтарын тәрбиелеу, бейнелі ойлау және музыканы эмоциялы түрде қабылдайды қалыптастыру, музыкалық дүниетанымын кеңейту.



      3) тәрбиелік: сауатты тыңдаушыларды тәрбиелеу, сондай-ақ жас музыканттың бойында жауапкершілік, ұқыптылық сияқты қасиеттерді қалыптастыру, әр түрлі концерттер, байқаулар мен фестивальдарға белсенді турде қатыстыру.



      498. Бағдарлама педагогке әр балаға жеке тәсіл қолдануға, дамыту перспективаларын нақты анықтауға және білім алушылардың музыкалық қабілеттерін ескере отырып оқу процессін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескереді.



      499. Оқыту жеке, шағын топтық және топтық формада жүзеге асырылады.



      Даярлық сыныбындағы білім алушылардың сандық құрамы - 8-10 адам.



      Ұжымдық музыка ойнау пәні бойынша топтардың сандық құрамы: оркестрде және ұжымдық музыка ойнаудың басқа формаларында - 6 адам, ұжымдық музыка ойнаудың шағын топтық формаларында - 2 адамнан бастап 4 адамға дейін.



      500. Бағдарлама білім алушылардың жеке ерекшеліктерін, жас ерекшеліктерін, музыкалық қабілеттерін, дайындық деңгейлерін ескере отырып, жеке тұрғыдан қарауды негізге алып түрлі прогрессивті, инновациялық оқыту әдістерін пайдалануға мүмкіндік береді.



      501. «Мамандық. Саксофон» бойынша оқу пәні балалардың саксофон ойнаудағы музыкалық сауатты, нотаны парақтан оқуды, ансамбльде ойнау дағдыларын, сүйемелдеудің негіздерін меңгеруді және өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған.



      502. Балалар музыка мектебінде оқи жүріп, балалар шығармашылық қызмет тәжірибесін алады, әлемдік музыка мәдениетінің жетістіктерімен танысады. Оқу барысында бала бойынан дарындылықты байқау – кәсіби білімін жалғастыруға қажетті жеке қасиеттерін мақсатты түрде дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бағдарлама алдарына кәсіби музыкант болуды мақсат етпейтін балаларға да ескеріліп жазылған.



      503. Білім беру үдерісінің тиімділігі оның мақсатының мазмұны мен тәрбиелеу міндеттеріне, балалардың жас және жеке ерекшеліктеріне, педагог пен білім алушының кәсіби құзіретті педагогикалық өзара байланыстарына байланысты.



      504. Музыка мектептерінінде музыкалық қабілеттері жақсы балалармен қатар музыкалық-орындаушылық мүмкіндіктері шектеулі балалар оқиды. Сабақта педагог олармен жұмыс істегенде музыка ойнаудың түрлі нысандары мен шығармашылық дағдыларын дамытуға екпін жасай отырып, дамытуға бағытталған оқыту әдістеріне сүйенеді. Репертуарды таңдау барысында жеке жоспардың түрлі нұсқада болуына жол беріледі: 1 және 2-сынып талаптарының (оның ішінде гаммалардың да) деңгейлерін төмендетеді.



      505. Әр жартыжылдықтың басында жеке жоспарлар әзірленеді және білім беру ұйымының басшысымен бекітіледі. Әр жартыжылдықтың соңында педагог алдында бекітілген тізімдердегі тапсырмалардың орындауы мен өзгерістерінің сапасын белгілейді, ал жылдың соңында білім алушыныңмузыкалық және техникалық жағынан дамуының, үлгерімі мен еңбекке қабілеттілігіне сипаттама береді.



      506. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында,жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріліп, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.



      507. Педагог өз бетінше репертуарлық тізімді қалыптастырады, шығармаларды жүйелендіреді, білім алушылардың жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.



      Білім алушының жылдық оқу жоспарының негізігі құрамдас бөлігі: ірі нысандағы туындылар, полифония, пъесалар, этюдтер, гаммалар және музыкалық шеберліктерін дамытатын жаттығулар, ансамбльдер, сүйемелдеулер, өзі оқып-үйренуі, қағаз бетінен оқуы және тасымалдауы, үйде музыкада ойнау үшін пъесалар.



      508. Білім алушылардың жеке жоспарлары қазақ ұлттық және кәсіби музыкасы, классикалық музыка, қазіргі заман музыкасы 20-21 ғасырдың сазгерлік музыка элементтерін пайдалана отырып кірістірудің арқасында кең репертуарлық үрдістерді, репертуардың жаңаруы және байытылуын қамтып көрсетеді.



      509. Жеке жоспарда білім алушының жылдың аяғында оның жеке даму жақтарын көрсететін мінездемесі ұсынылады:



      1) музыкалық мағлұматтар деңгейі (есту, ырғақ, жады), білім алушының орындау аппаратының берілген аспапқа сәйкестігі, аспапқа икемделгішітік дәрежесі;



      2) жалпы даму, эмоциялық, сезінушілік, реакция жылдамдығы; музыкаға, музыкалық сабақтарға қатынасы;



      3) еңбекке қабілеттілік, жинақылық;



      4) өз бетінше оқып-үйрену икемділігі, мәтінді талғаудағы сауаттылық дәрежесі, музыкалық туындыларды меңгеру шапшаңдығы;



      5) жылдың аяғындағы табыстары;



      6) білім алушының дамуындағы кемшіліктер және оларды игеру бойынша міндеттер.



      510. Бірдей сыныпта бағдарламаны оқытудың жеке жоспарлары, концерттік және емтихандық бағдарламалар күрделілігінің деңгейі бойынша өзгеше болуы мүмкін.



      511. Репертуармен жұмыста педагог шығармалардың бір бөлігі көпшілік алдында немесе концертте (емтиханда) орындауға, ал қалған бөлігі – сынып жұмысына немесе танысуға арналатындығын ескереді. Педагог педагогикалық репертуармен жұмыстың аяқталу дәрежесін білім алушының жеке жоспарында оқу сатыларын белгілеу арқылы анықтайды.



      512. Педагогтің әрбір білім алушының жеке ыңғайын ескеріп, жаңа репертуар есебінен репертуарлық тізімдерді толықтыра отырып, бағдарламаның көлемі мен күрделілігін саралайды.



      513. Бағдарлама бастаушы музыканттың музыкалық есту, есту елесін, эстетикалық талғамын қалыптастыруға, орныдашылық дағдыларын жетілдіруге мұмкіндік береді.



      514. Бағдарлама білім берудің барлық кезеңдеріндегі түрлі нысандарда қазақ фольклорын оқыту түріндегі ұлттық компонентті қамтиды.



      515. Білім алушылардың даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптар. Орындалатын материалдар мен білім алушылардың дамуының жеке ерекшеліктерінің тиімді қатынасы.



      516. Жалпы музыкалық білім мен орындаушылық дағдылары: түрлі нақыштық бағыттағы шығармалармен танысу, көркемдік талғамның қалыптасуы, орындалатын шығарманың стилін, нысаны мен мазмұнын түсіну, естуды бақылау қабілетін, білім алушылардың орындаушылық жауапкершілін тәрбиелеу, оқытудажақсы нәтижелерге қол жеткізуге негіз болатын үйлесімділік және әуендік есту қабілетін дамыту, орындаушылықтың түрлі дағдыларын меңгеру және дамыту, орындаудың тұрақтылығы, узыкаға және орындалатын шығармалардың мазмұнына деген шығармашылық, эмоциялық көзқарас.



      517. Қажетті техникалық құралдар: саксофон, саксофонға арналған жіңішке таяқтар,аспаптарға қоюға арналған сүйемел, метроном, тюнер, аяққа арналған пюпитр, музыкалық орталық, фортепиано.



      518. Осы бағдарлама білім алушылардың 7-8 жастан бастап оқуына арналған, алғашқы 2 жылдық сынып блокфлейтада ойнауды үйренуге, 5-жылдық негізгі сынып саксофонды үйренуге және қосымша 2жылдық оқу бойынша кәсіби қабілеті бар, бірақ әлі де орта кәсіптік оқу орнына түсуге мүмкіндігі жоқ білім алушыларға бағытталып жасалған.



      519. Саксофонда ойнауға үйретудің негізгі оқу мерзімі - 5 жыл. «Саксофон» пәні бойынша жылдық оқу жүктемесі, оқудың барлық кезеңінде аптасына 2 сағаттан жалпы 68 сағатты құрайды. Сабақтар оқу жоспарында көрсетілген сағаттар бойынша білім алушылармен жеке өткізіледі.



      520. Оқу пәнінің мазмұны. Тақырыптық жоспар.



      1-бөлім. Аспапта орындау мәдениетінің қалыптасуы.



      Тақырып 1.1. Музыкалық сауат негіздері.



      Тақырып 1.2. Орындау аппаратының тиімді ұйымдасуын қалыптастыру.



      Тақырып 1.3. Тыныс алу техникасы.



      Тақырып 1.4. Амбушюр қалыптастыру.



      2-бөлім Орындаушылық дағдылардың қалыптасуы



      Тақырып 2.1. Дыбыстың атакасы.



      Тақырып 2.2. Негізгі штрихтар және олардың орындалу ерекшеліктері.



      Тақырып 2.3. Саусақтар аппликатурасы.



      Тақырып 2.4. Интонация.



      Тақырып 2.5. Вибрато.



      3-бөлім Музыкалық терминология негіздері.



      Тақырып 3.1. Динамикалық бояулар.



      Тақырып 3.2.Қарқын (темп), агогика.



      Тақырып 3.3. Мелизмдер.



      4 - бөлім Үрлемелі аспаптарда ойнау қабілеттерінің кешенді тәрбиесі.



      Тақырып 4.1. Есту қабілетін бақылауды дамыту.



      Тақырып 4.2. Тыныс алуға арналған жұмыс құралдараның кешені.



      Тақырып 4.3. Қисынды (логикалық) ойлау қабілеттерін дамыту.



      Тақырып 4.4. Шығарма бойынша өзіндік жұмыс қағидаттары.



      Тақырып 4.5. Сахна мәдениетін тәрбиелеу.



      5-бөлім Шығармашылық дағдыларды жетілдіру



      Тақырып 5.1. Парақтан оқу дағдыларының негіздері.



      Тақырып 5.2. Интонациялық дағдыларды жетілдіру техникасы.



      Тақырып 5.3. Транспонирлеу машықтарын дамыту.



      Тақырып 5.4. Шағын көлемді шығармалар.



      Тақырып 5.5. Ірі көлемді шығармалар.



      Тақырып 5.6. Эстрадалық жанрдағы шығармалар.



      6-бөлім Кәсіби сапаларды қалыптастыру



      Тақырып 6.1. Музыкалық шығармалардың негізгі нысандарын құру зандылықтары.



      Тақырып 6.2. Шығарманы орындау жоспары бойынша біліктіліктің пайда болуы.



      Тақырып 6.3. Қазақ музыкасына тән дыбысталу дәстүрлері.



      Тақырып 6.4. Орындалатын шығарманың сюжеттік-психологиялық астарын құрастырудағы біліктілікті қалыптастыру.



      Тақырып 6.5. Вибрато өнері.



      Тақырып 6.6. Интонация өнері.



      Тақырып 6.7. Суырыпсалушылық (импровизация) өнер.



      Тақырып 6.8. Техникалық және көркемдік жабдықтарды арттыру.



      521. Оқу-тықырыптық жоспар.



      1-сынып(даярлық).



      1) Гаммалар – 12 сағат.



      2) Этюдтер және жаттығулар – 18 сағат.



      3) Ірі көлемді шығарма – 15 сағат.



      4) Пьесалар – 19 сағат.



      5) Ансамбльдер – 4 сағат.



      Барлығы: 68 сағат.



      2-сынып (даярлық).



      1) Гаммалар – 12 сағат.



      2) Этюдтер және жаттығулар – 18 сағат.



      3) Ірі көлемді шығарма – 15 сағат.



      4) Пьесалар – 19 сағат.



      5) Ансамбльдер – 4 сағат.



      Барлығы: 68 сағат.



      1-сынып.



      1) Гаммалар – 12 сағат.



      2) Этюдтер және жаттығулар – 18 сағат.



      3) Ірі көлемді шығарма – 15 сағат.



      4) Пьесалар – 19 сағат.



      5) Ансамбльдер – 4 сағат.



      Барлығы: 68 сағат.



      2-сынып.



      1) Гаммалар – 12 сағат.



      2) Этюдтер және жаттығулар – 18 сағат.



      3) Ірі көлемді шығарма – 15 сағат.



      4) Пьесалар – 19 сағат.



      5) Ансамбльдер – 4 сағат.



      Барлығы: 68 сағат.



      3-сынып.



      1) Гаммалар – 12 сағат.



      2) Этюдтер және жаттығулар – 18 сағат.



      3) Ірі көлемді шығарма – 15 сағат.



      4) Пьесалар – 19 сағат.



      5) Ансамбльдер – 4 сағат.



      Барлығы: 68 сағат.



      4-сынып.



      1) Гаммалар – 12 сағат.



      2) Этюдтер және жаттығулар – 18 сағат.



      3) Ірі көлемді шығарма – 15 сағат.



      4) Пьесалар – 19 сағат.



      5) Ансамбльдер – 4 сағат.



      Барлығы: 68 сағат.



      5-сынып.



      1) Гаммалар – 12 сағат.



      2) Этюдтер және жаттығулар – 18 сағат.



      3) Ірі көлемді шығарма – 15 сағат.



      4) Пьесалар – 19 сағат.



      5) Ансамбльдер – 4 сағат.



      Барлығы: 68 сағат.



      6-7-сыныптар:



      1) Гаммалар – 12 сағат.



      2) Этюдтер және жаттығулар – 18 сағат.



      3) Ірі көлемді шығарма – 15 сағат.



      4) Пьесалар – 19 сағат.



      5) Ансамбльдер – 4 сағат.



      Барлығы: 68 сағат.



      522. Бағдарламаны меңгеруден күтілетін нәтижелер:



      1) білім алушылардың музыка өнеріне деген, өз бетінше музыкалық орындаушылыққа деген қызығушылықтарының болуы;



      2) авторлық мәтінді дәлелді түрде интерпретация жасау, өз бетінше түрлі заман, нақыш, бағыт, жанр мен нысандағы музыкалық шығармалардың репертуарын толықтыру сияқты скрипканың түрлі мүмкіндіктерін пайдалануға болатын орындаушылық білім,білік пен дағдылардың қалыптасқан кешені;



      3) бағдарлама талаптарына сәйкес түрлі нақыштар мен жанрдағы шығармалардан тұратын скрипкаға арналған репертуарларды білу;



      4) скрипканың көркемдік-орындаушылық мүмкіндіктерін білу;



      5) кәсіби терминологияны білу;



      6) есту қабілетін бақылауды тәрбиелеу бойынша дағдылардың болуы, музыкалық шығарманы орындау үрдісін басқара білу;



      7) музыкалық-орындаушылықтағы мәнерлілік құралын пайдалану, орындалып отырған шығармаларды талдай білу, түрлі орындаушылық техника түрлерін игеру, нақтыланған көркемдік техникалық тәсілдерді пайдалану дағдылары;



      8) шығармашылық ынтаның, музыкалық шығарманы жаттау әдістері туралы қалыптасқан көріністің және орындаушылық қиындықтармен жұмыс тәсілдерінің болуы;



      9) музыкалық есте сақтау жадының, дамыған есте сақтау қабілетінің болуы;



      10) солист ретінде дайындықтық-концерттік жұмыс дағдыларының болуы.



      523. Балалар музыка мектебін аяқтаған білім алушы келесі білімдер мен дағдылардың кешенін меңгеріп шығады:



      1) балалар музыка мектептерінің репертуарындағы негізгі жанрдағы және стилистикалық бағыттағы музыкалық шығармаларын өз бетінше жаттау және оларды сауатты, таза, техникалық жағынан еркін орындай алады;



      2) ансамбльде ойнау дағдыларының, парақтан оқу және есту арқылы аспапта тере біледі;



      3) білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес музыка өнері саласындағы музыкалық дүниетанымыны болады;



      4) орындалатын музыкалық шығармаларды талдай біледі;



      5) музыкалық нысандар туралы түсініктері болады;



      6) орындаушылық практикасында алған теориялық білімдерін қолдана біледі;



      7) атақты композиторлар мен музыканттардың есімдерін біледі;



      8) өзінің музыкалық аспабының тарихын біледі.



      524. Оқу жылы соңында 1-2-сыныптың (блокфлейта) білім алушыларының бойында келесі негізгі құзіреттіліктер қалыптасады:



      1) үрлемелі аспап бөліктерінің атауларын, ноталық сауатты біледі;



      2) орындаудағы тыныс алуды ұйымдастыру дағдыларына ие;



      3) дыбысты шығара білу дағдыларын, аппликатураны, non-legato, detache тәсілдер арқылы дыбысты шығара білу дағдыларына ие;



      4) дыбыс шығару, дыбыс тазалығы (интонация), ырғақ сапаларын бастапқы бақылай білу дағдыларына ие;



      5) музыкалық-есту елестерінің алғашқы дағдыларын меңгерген;



      6) дыбыс сапасын бақылаудың алғашқы дағдылары, интонацияны, ырғақты игерген;



      7) музыканы есту түсінігінің бастапқы дағдыларын игерген;



      8) жеңіл үндестіліктерде гаммаларды орындау, халық әндерін, жеңіл пьесаларды орындай алады.



      525. 1-сыныптың (саксофон) аяғында білім алушыларда келесі негізгі құзыреттіліктер қалыптасады:



      1) саксофонның құрылысы мен бөліктерінің атауларын білу;



      2) қарапайым штрихтар мен динамикалық белгілерді, аппликатураны білу, узыканы есту түсініктерінің, көркем-музыкалық ой-өрістің бастапқы дағдыларын, орынды ойнау қимылдарын ұйымдастыру машықтарын, дыбыс шығару, дыбыс тазалығы (интонация), ырғақ сапаларын бақылау дағдыларын игеру;



      3) ойнау аппаратын тиімді ұйымдастыру дағдыларын иелену: жалпы қойылым, орындаушылық тыныстың қойылуы, амбушюр қойылымы, артикуляциялық қойылым, аппликатураның қойылуы;



      4) Non-legato, legato штрихында гаммалар мен үшдыбыстықтарды жеңіл-желпі үндестіліктерде (тональность), халық әуендері мен жеңіл пьесаларды орындай білу.



      5) нотаны парақтан оқудың алғашқы дағдыларын меңгеру;



      6) Оқу жылы бойына: 2-3 мажорлы (минорлық) гаммаларды және бір немесе екі октавалы арпеджио (тоникалық үшдыбыстықтар), 3-4 этюд, 4-5 пьесаны үйрену керек.



      526. 2-сыныптың аяғында білім алушыларда келесі негізгіқұзыреттіліктер қалыптасады:



      1) non-legato, legato, stacatto штрихтарын және олардың алмасуын білу.



      2) мarcatto штрихы тәсілінің бастапқы дағдыларын, дыбыстау динамикасын білу.



      3) екі-екі жарым октавалы мажорлы мен минорлы гаммаларды және үшдыбыстықтардай орындалуын білу.



      4) музыканы есту түсініктерінің, көркем-музыкалық ой-өрістің дағдыларын, орындаушылық аппаратты ұйымдастыру машықтарын, дыбыс тазалығы (интонация), дыбыс шығару және ырғақ бойынша жұмыс істеу машықтарын игеру.



      5) 2 октавалы 2-3 гамманы (мажорлы және минорлы), үшдыбыстықтардың арпеджиосы (айналымдарымен), 3-4 этюд, 3-4 пьеса, 1 ірі көлемді шығарманы есте сақтауы бойынша орындау.



      527. 3-сыныптың аяғында білім алушыларда келесі негізгі құзыреттіліктер қалыптасады:



      1) non-legato, legato, staccato, marcatto, martele штрихтарын және олардың алмасуын біледі;



      2) трель мен мелизмдердің қарапайым түрлерін орындай білу машықтарын, дыбыстау динамикасын біледі;



      3) көркем-музыкалық ой-өрістің дағдыларын ие;



      4) дыбыс тазалығы (интонация), дыбыс шығару және ырғақ бойынша жұмыс істей біледі;



      5) жеңіл-желпі шығармаларды өз беттерінше талдайды және нотаны парақтан оқу дағдыларын игереді.



      6) 2-3 гамманы (мажорлы және минорлы), арпеджио (айналымдарымен), техникасы түрлі болып келетін 3-4 этюд, түрлі сипаттағы 3-4 пьеса, 1 ірі көлемді шығарма, 1-2 эстрадалық шығарманы үйренеді.



      528. 4-сыныптың аяғында білім алушыларда келесі негізгі құзыреттіліктер қалыптасады:



      1) non-legato, legato, staccato, marcatto, martele штрихтарын және олардың алмасуын біледі;



      2) трель мен мелизмдерді орындай білу машықтарын, vibrato тәсілін игереді;



      3) екі еселенген staccato және күрделі ырғақтық суреті бар техникамен жаттығулар және этюдтерді орындаудың бастапқы дағдыларын игереді;



      4) көркем-музыкалық ойлау дағдыларын игеру; дыбыс тазалығы (интонация), дыбыстау динамикасы және ырғақ бойынша жұмыс істей алады;



      5) 2-3 гамманы (мажорлы және минорлы), арпеджио (айналымдарымен), техникасы түрлі болып келетін 3-4 этюд, түрлі сипаттағы 3-4 пьеса, 2 ірі көлемді шығарма, күрделі ырғақтық суреті бар 2 эстрадалық шығарманы үйренеді.



      529. 5-сыныптың аяғында білім алушыларда келесі негізгі құзыреттіліктер қалыптасады:



      1) үрлемелі аспаптарда ойнаудың негізгі штрихтарын және олардың алмасуын біледі;



      2) трель және мелизмдерді орындау даңғдыларын, vibrato тәсілін игерген;



      3) екі еселенген staccato, frulato техникасымен жаттығулар және этюдтерді орындаудың бастапқы дағдыларын игерген;



      4) күрделі суреті бар жаттығулар мен этюдтерді өз беттерінше талдай алады;



      5) дыбыс тазалығы (интонация), дыбысталу динамикасы, ырғақ, парақтан оқу дағдыларын, музыкалық-көркем ойлау дағдыларына ие;



      6) музыкалық көркем ойлаудың жалғасып жатқан дағдыларын, суырып салушылық өнердің негіздерін біледі;



      7) 2-3 гамманы (мажорлы және минорлы), арпеджионы (айналымдарымен) I, II, III позицияларда және ауыстыра отырып, техникасы түрлі болып келетін 3-4 этюд, түрлі сипаттағы 3-4 пьеса, 2 ірі көлемді шығарма, күрделі ырғақтық суреті және қарапайым суырып салмалық өнері (импровизация) бар 2-3 эстрадалық шығарманы үйренеді.



      530. 6-7-сыныптың (саксофон) аяғында білім алушыларда келесі негізгі құзыреттіліктер қалыптасады:



      1) гаммалар мен үшдыбыстақтарды (жылдам қарқынмен), хроматикалық гаммаларды, түрлі штрих нұсқаларындағы гаммаларды орындау дағдыларының жоғарғы деңгейін игереді;



      2) мелодияны тасымалдай (транспонирование) біледі;



      3) Сахна мәдениетін меңгереді;



      4) 5-6 гамманы (мажорлы және минорлы), үшдыбыстықтар (айналымдарымен), хроматикалық гаммалар, 5-7 этюд, 6-8 пьеса, 2-3 ірі көлемді шығарма, суырып салу (импровизация) орындалатын бөлімі бар 2-3 эстрадалық шығарманы үйренеді.



      531. Келешегі бар білім алушыларды музыкалық колледждерге түсуге мақсатты түрде дайындау үшін, олардың бойында кәсіби біліктілікті қалыптастыру: гаммаларды, аса күрделі этюдтер мен жаттығуларды орындау техникасын жетілдіру; түрлі жанр мен нақыштағы шығармаларды үйренеді; музыкалық-орындаушылық деңгейінің кешенді құралдарын меңгереді.



      532. Саксофонда қазақстан композиторларының шығармаларын орындау үшін тасымалдау әдісімен қобыз бен флейтаға арналған ноталық материалдар пайдаланылады.



      533. Білім алушылардың бағдарламаны игеру нәтижелерін бақылау нысандары мен бағалау өлшемдері.



      1) Сыныптық концерт (сыныптың есеп беру концерті) – 1 тоқсан соңында педагог сынбының барлық білім алушылардың күшімен өткізіледі.



      2) Синтез–концерт – оқу жылының І жартыжылдығы соңында түрлі музыкалық аспапта ойнауды үйреніп жүрген бірнеше сынып білім алушыларының күшімен өткізу ұсынылады; білім алушылардың дайындығына байланысты жылжымалы кесте бойынша жиерек өткізіледі.



      3) Академиялық концерт – кезекті оқу жылының соңында: педагог сыныбы бойынша, мамандықтары бойынша, барлық мамандықтың оқу сыныптары бойынша, Тағы сол сияқты түрлі нұсқаларда өткізіледі.



      4) Техникалық сынақ – жартыжылдықта бір рет жүйелі түрде өткізіледі.



      5) Бақылау сабағы – әр тоқсанда екі рет қажеттілігіне қарай өткізіледі.



      6) Коллоквиум – 4 сыныптан бастап оқудың барлық деңгейіндегі білім алушылармен 3 тоқсан басында өткізіледі.



      7) Тестілеу – сараланған тесттер бойынша оқу жылында бір рет әр сынып білім алушыларымен ыңғайлы уақытта өткізіледі.



      8) Шығармашылық тәжірибе (эксперимент) – (шығармашылық тапсырмаларды орындау, мысалы, естуі бойынша әуенді аспапта ойнау, транспонирлеу, әуенді көркемдеу, өлшемін аңықтау, әуеннің соңын ойлап шығару және аяқтау, тағы сол сияқты) - барлық деңгей білім алушылармен жылжымалы кесте бойынша жарты жылда бір рет өткізіледі.



      9) Мектеп бітіру емтиханы – 5-сынып аяқталғанда сараланған талаптар бойынша өткізіледі.



      10) Кәсіби экспресс–тест –7-сыныптыбітіргенде - кәсіптік колледждердің болашақ абитуриенттерінің дайындығын кешенді түрде тексеру үшін өткізіледі.



      534. Бағдарлама талаптары мен бақылау нысандарын бағалау өлшемдері әдістемелік кеңесте дербес дайындалады және Педагогикалық кеңесінде бекітіледі.



      535. Бағдарламаны жүзеге асыру сапасын бағалау білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттауды қамтиды.



      Аспапта ойнаудағы білім алушының үлгірімі емтиханда, академиялық концерттерде, техникалық сынақтарда, бақылау сабақтарында, сонымен қатар ашық концерттерде, байқауларда, оған арналған тыңдалымдарда тағы басқа есепке алынады.



      536. Соңғы сынып түлектері оқу жылы ішінде мектеп бітіруге арналған бағдарлама шығармаларын орындайды, тыңдалымдарда өнер көрсетеді.



      537. Оқу жылы ішінде педагог білім алушымен емтихандарда ойнап көрсетуі үшін 1-2 түрлі жанр мен үлгідегі немесе ірі көлемді шығарманы дайындайды; техникалық сынақтарға - гамма мен 2 этюдті, музыкалық терминдерді дайындайды. Техниканы жетілдіру білім алушы үйренетін барлық шығармамен жұмыс барысында жүзеге асырылады. Гамма, арпеджио, этюд және жаттығулармен жасалатын жұмыстар техниканың (саусақтар жылдамдығы, айқындылық және тағы басқа) жетілуіне мүмкіндік береді.



      538. Емтихандарды (техникалық сынақты) жартыжылдықта 1 рет жүйелі түрде өткізіледі. Сөйтіп, педагогтың білім алушы репертуарды дайындау деңгейіне қарай көрсетуге мүмкіндігі болады. Іріктеу тыңдалымдарына, концерт, байқауларға тағы басқаларға қатысу академиялық концертте (емтиханда) өнер көрсетумен тепе-тен. Білім алушылардың техникалық дайындығын тексеру жұмысы 1-сыныптан бастап өткізіледі.



      539. Жартыжылдықта 1 рет ансамбль бойынша сынақ өткізіледі. «Ұжымдық саз өнері» пәніне қатысушы білім алушылар ансамбль (оркестр) партиясын тапсырады, ал оған қатыспайтын білім алушылар дует және трио құрамында түрлі сипаттағы 1-2 пьесаны орындайды.



      540. Мектеп бітірушілермен жылына 3 рет бақылау тыңдалымдары өткізіледі, бұл жұмыс мектеп бітіретін білім алушылардың қорытынды аттестацияға дайындық дәрежесін тексеруге бағытталған. Тыңдалымдар міндетті түрде әдістемелік кеңес беретін комиссия қатысумен өткізіледі. Мектеп бітіру емтиханына жанры мен нысаны жағынан әр түрлі 4 шығарма ұсынылады.



      541. Мектеп бітіру бағдарламаларының нұсқалары:



      1) Классикалық немесе классикаға дейінгі нақыштағы шығармалар.



      2) Қазақстан композиторларының пьесасы.



      3) Эстрадалық жанрдағы немесе асқан шеберлікпен (виртуозды) орындалатын пьеса.



      4) Ірі көлемді шығарма (Концерт 1-2 бөлімнемесе соната 1-2 бөлім)



      542. Білім алушылар репертуары стилі, мазмұны, көлемі (нысаны), жанры, фактурасы жағынан түрлі-түрлі болуы керек. Әр білім алушының жеке жоспарында қазақ музыкасы шығармалары (сыныптарға сәйкес) болуы керек. Музыканың ұлттық ерекшелігі әуендік-дыбыстық құрылымда, мақамында (лад), метроритмінде, тембрінде айқын байқалады. Осы ерекшеліктерді ажырата білуге және көрсете білуге музыкалық білімнің алғашқы қадамынан бастап тәрбиелеу керек. Педагогтың басты міндеті осы. Оны сыныпта үйрену барысында білім алушыны шығарманың нақыштық ерекшелігімен, оның мазмұнымен және орындау мәнерімен, сонымен қатар техникалық міндеттермен алдын-ала танысады.



      543. Сынақ және емтихан бағдарламаларын құрастыру барысында, білім алушы дамуының сол кезеңінде көрсетілуіне тиісті музыкалық және техникалық қиындықтардың барлық аспектін сақтау өте маңызды. Бұл дәстүрлерді игеру - музыкалық педагогикада шеберлікке бастайтын негізгі жол.



      544. Болжамды сынақ-емтихандық талаптар.



      1) Блокфлейта бойынша 1-2 даярлық сыныптар және саксофон бойынша 1-сынып.



      1 тоқсан – бақылау сабағы: өткен материалды бақылау



      2 тоқсан – бақылау сабағы: 2 пьеса



      3 тоқсан – академиялық концерт: 2 этюд, пьеса



      4 тоқсан – сыныптан сыныпқа көшіру емтиханы: түрлі сипаттағы 3 пьеса немесе кеңейтілген түрдегі пьеса (вариациялар).



      2) 2-4-сыныптар.



      1 тоқсан – техникалық сынақ: гаммалар. Арпеджио. Штрихтар. Түрлі сипаттағы 2 этюд.



      2 тоқсан – академиялық концерт: түрлі сипаттағы 2 пьеса немесе кеңейтілген түрдегі пьеса (вариациялар). Ірі көлемді шығарма (Концерт 1-2 бөлім, немесе Соната 1-2 бөлім)



      3 тоқсан – техникалық сынақ: гаммалар. Арпеджио. Штрихтар. Түрлі сипаттағы 2 этюд. Академиялық концерт: Екі пьеса



      4 тоқсан – сыныптан сыныпқа көшіру емтиханы: пьеса. Ірі көлемді шығарма (Концерт 1-2 бөлім, немесе Соната 1-2 бөлім)



      3) Мектеп бітіруші 5-сынып



      1 тоқсан – техникалық сынақ: гаммалар. Арпеджио. Штрихтар. Түрлі сипаттағы 2 этюд.



      2 тоқсан – мектеп бітіру емтиханы бағдарламасының тыңдалымы: ірі көлемді шығарма (Концерт 1-2 бөлім, немесе Соната 1-2 бөлім).



      Эстрадалық жанрдағы немесе асқан шеберлікпен (виртуозды) орындалатын пьеса.



      3 тоқсан – мектеп бітіру емтиханы бағдарламасының тыңдалымы:



      Ірі көлемді шығарма (Концерт 1-2 бөлім, немесе соната 1-2 бөлім)



      Түрлі сипаттағы 2 пьеса.



      Қазақстан композиторының пьесасы



      4 тоқсан – мектеп бітіру емтиханы.



      1) Кәсіби қабілеті бар білім алушыларға арналған

 

      Жетінші сыныпқа арналған мектеп бітіру бағдарламасының талаптары:



      Асқан шеберлікпен (виртуозды) орындалатын пьеса.



      Кантиленді сипаттағы пьеса



      Қазақстан композиторларының пьесасы. Ірі көлемді шығарма



      Эстрадалық жанрдағы асқан шеберлікпен (виртуозды) орындалатын бөлімі бар пьеса.



      545. Бағдарламаны әдістемелік қамтамасы ету. Білім алушылардың сабақ және қызмет түрлері.



      «Мамандық. Саксофон» сыныбындағы жұмыстар келесі бөлімдер бойынша жүргізіледі:



      1) орындау техникасын (гаммалар, жаттығулар, ерін, тыныс алу, тіл және саусақ техникаларын дамытуға бағытталған этюдтер) жетілдіру;



      2) түрлі жанрдағы, нақыштағы пьесаларды орындау;



      3) ансамбльде музыка ойнау;



      4) нотаны парақтан оқу;



      5) суырып салып орындау (импровизация).



      546. Жас музыкантты тәрбиелеу барысында, педагог техникамен жұмысты өтіліп отырған материалдың түпкі көркем ойын ашуға бағыттай отырып, техникалық және көркемдік дағдылардың біртұтас үйлесімде дамуына қол жеткізеді.



      Білім алушыны бірінші сабақтан бастап авторлық мәтінді ықыласпен зер сала әрі анық етіп оқып, айтып бере білуге, өз орындауын тыңдай білуге, оның сапасына деген талапты арттыруға үйреткені жөн.



      457. Білім алушы музыкалық шығармамен жұмыс істеген кезде, педагог оның механикалық ойнауды болдырмастан, саналы түрде ойнауын үнемі жетілдіріп отырады. Музыкалық шығарманы үйрену кезінде, білім алушыға музыкалық терминдерді, олардың мән-мағынасын түсіндіре отырып таныстырады. Орындаудың айқын болуы, естуді бақылай білу, дыбысталу, дыбыс тазалығы, ырғақ пен динамика бойынша жұмыстар жүйелі түрде барлық оқу жылдары ішінде жүргізіледі, әрі ол үнемі педагог назарында болады.



      548. Гаммалар, арпеджио және жаттығулармен жұмыс жасағанда, интонациялық дәлдікке, бірқалыпты жайлы дыбысталуға, ырғақтың орнықтылығына қол жеткізе отырып, орындаудың сапалық жағына ерекше көңіл аударған жөн. Білім алушыларда белгілі бір техникалық тәсілді игеруге деген саналы көзқарасты, өздері қызмет етіп жүрген көркем мақсат жөнінде айқын түсінік қалыптасады.



      Этюдтермен жұмыс істеу музыкалық орындаушылық тәжірибені жинақтауға әсер етеді, себебі этюдтер білім алушыларды көркемдік шығарманы, түрлі сипаттағы пьесаларды орындауға жақындатады.



      549. Техникамен жұмыс істеу кең мағынада айтқанда білім алушылардың үйренген барлық шығармаларымен жұмыс істеу үдерісінде жүзеге асады, техниканы дамытуды бір жақты айтқанда (саусақ жүйріктігі, анықтығы және басқалары) гаммалармен, арпеджио, этюдтермен және жаттығулармен жұмыс істеуге әсер етеді.



      550. Пьесалармен жұмыс істеу білім алушылардың музыканы есту қабілетін арттырады, эмоциялы көркем ойды, шығармашылық қиялды қалыптастырады. Түрлі композиторлық нақыштар мен бағыттарды түсінуге, сонымен қатар музыкалық ойды айқын әрі анық баяндай білуге тәрбиелейді.



      551. Білім алушылардың репертуарына Қазақстан композиторларының шығармалары, орыс және шетел классикасы, заманауи музыкалық шығармалары енгізілуі керек.



      552. Білім алушылармен жұмыс жасау барысында, педагог бірізділік (жүйелілік), ақырындап іске асырушылық, қолжетімділік, материалды үйренуде көрнекілік қағидаттарын қолданады. Барлық оқу үдерісінде «қарапайымнан күрделіге» құрылып, білім алушы жеке қабілеттері: дене дамуы, музыкалық қабілеттерінің даму деңгейі ескеріледі.



      Оқудың бастапқы кезеңінде педагог ерін аппаратын, орындаудағы тыныс алу, қол саусақтарын дұрыс қою негіздерін береді, себебі кемшілік пен ақаулар білім алушының қушының дамуын тежейді.



      553. Оқу барысында педагог бірқатар технологиялық, көркем-музыкалық және тәрбиелік мақсат-міндеттерді шешеді:



      1) технологиялық: ерін және бет бұлшық еттерін қалыптастыру, тіл қимылын ұйымдастыру, тыныс алу аппаратында дем шығару тірегін сезінуді дамыту, аспаптың бірқалыпты, интонациясы таза, тембрі жағынан толық және анық, дыбыстың күші әр түрлі болуына қол жеткізу керек, негізгі штрихтарды білу керек.



      2) көркем-музыкалық: музыканы есту қабілетін дамыту, ән, би, марш, свинг, блюздердің жанрлық ерекшеліктерін қабылдай білу жіне бере білу, көркем-бейнелі ойлай білу, шығарманы жатқа ойнау кезінде көркемдігіне бейімделе білу;



      ансамбль құрамында фортепиано және басқа да аспаптарда ойнау дағдыларын жетілдіру. Бір мезгілде бірнеше музыкалық бағыттағы шығармаларды тыңдай білу қабілетін дамыту.



      3) тәрбиелік: білім алушының музыкалық шығармаға деген



      қызуғушылық және біртұтас көзқарасын тәрбиелеу, түрлі концерттер мен байқауларда өнер көрсету барысында тәртіп ережелерін білу.



      554. Оқу үдерісін белсендендіру мақсатында білім алушылардың сыныпта өнер көрсетуін, ата-аналарға арнап концерттер ұйымдастыру керек, үрлемелі аспаптар бөлімі мен мектеп концерттеріне қатысу керек. Әйгілі орындаушылардың концерттері жазылған жазбаларды (аудио, CD, RW) білім алушылармен бірге тыңдап, кейіннен ол туралы пікірлесудің, сондай-ақ, концерт залдарында жанды музыканы тыңдаудың пайдасы зор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет