Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың маңызы


ҚОСЫМША № 1 Сабақтың тақырыбы



бет23/23
Дата21.01.2022
өлшемі467 Kb.
#113043
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Пернеханқызы Балнұр
титул, Қазақша стандарт, Аятул курси суреси, essenzholova (pdf.io), essenzholova (pdf.io), Аятул курси суреси, аллельді емес гендердің әрекеттесуі, ескерту, КЕШЕН, А.Ж. глосарии, А.Ж.сөж, Жырау, СКЖ 111-81 Нурбеков Рауан Жасанды интеллект көмегімен криптографиялық жүйелердің тұрақтылығын талдау, 2
ҚОСЫМША № 1

Сабақтың тақырыбы: Я әрпін таныту, оқыту.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, я әрпін таныстыру, меңгерту, үйрету.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын.

Көрнекілігі: суреттер, кеспе әріп, я әрпі

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқу-құралдарын алғызып, сабаққа көңілдерін аударамын. Өткен тақырыптарды сұрақ-жауап әдісін қолданамын.



  • «В» дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

  • «В» дауыссыз

  • «В» дыбысы қалай айтылады?

  • Қысқа айтылады

  • «Вокзал» текісін оқытып, мазмұнын айтқызамын. Сұрақ – жауап әдісін қолдана отырып, өткен тақырыпты қолданамын.

Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі

Кіп – кішкентай ағаштар,

Үп –үлкен боп өседі

Жаңа сабақ: Жаңа әріпті таныту. Тақтаға қоянның, шаянның, қасқырдың, тақияның, суреттерін іліп қоямын. Оқушылардың өздерінен заттар-аттарын айтқызамын. Осы суреттерді көрсете отырып, ішіндегі таныс емес әріпті тапқызамын.

Қоянның сөзіне дыбыстың талдау жасаймын.

«Қ»-дауыссыз дыбыс

«О»-дауысты дыбыс

«Я»-дауысты дыбыс

«Н»-дауыссыз дыбыс

Я дыбысын айтқанда «Иа» деп айтылады, жазғанда «Я» деп жазылады.


  • Балалар, қоянның қыста, жазда жүнінің түсі қандай болады?

  • Қоянның жүні қыста ақ болады. Жазда сұр болады.

  • Неліктен жүні өзгереді?

  • Қоянның өзінің жауларынан қорғану үшін осылай өзгеріп отырады.

  • Енді, балалар, мына тақпақты жаттап алайық.

Ақ қоян – ау, ақ қоян

Сауысқаннан сақ қоян

Қаша берсең қалыңға,

«Қорқағым» деп ат қоям

Тақтаға орындары ауыстырылып берген таблицаны ілемін. Оқушылардың өздерінен әріптерді тіркестіріп құратамын.



А,н,ш,я (шаян)

Я,қ,т,и,а (тақия)

А,з,я, (аяз)

О,б,у,я, (бояу)

А,т,қ,я (таяқ)

Оқулықтағы сурет бойынша әңгімелеп беремін. Оқушылардың өздеріне бір-екі рет оқытамын.



Сабақты қорыту: Сабақ соңында сұрақ – жауап әдісін қолдана отырып, сабақты қорытамын.

  • Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?

  • Я дыбысымен

  • Я әрпі қандай дыбыс?

  • Я әрпі дауысты дыбыс

Оқушылар (сурет) жұмбақ жасырамын.

Қалқиып бір құлағы,

Ылғи артта тұрады

(Я әрпі)

Ақ түйіншек секеңдейді

Сары түйіншек жетем дейді (Қоян, түлкі)

Бағалау: Сабақты белсенділік көрсеткен оқушыларды мадақтап, жұлдызшалар таратып беремін.

Үйге: Я дыбысын қайталау, буынға бөліп оқу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет