Өлеңді оқыту тәртібін шамамен былайша беруге болады:
- Өлең оқылмас бұрын оның мазмұнына қарай әңгіме өткізіледі.
- Онда өлең жолдарында кездесетін оқушы түсінігіне қиын сөздердің мағынасы түсіндіріледі.
- Егер өлең көлемі өте ұзақ болмаса, онда мұғалім үлгі ретінде мәнерлеп оқып шығады. Осы кезде оқушылар өз кітаптарынан іштей бірге оқып отырады.
- Оқушылар дауыстап, мәнерлеп, дұрыс оқиды.
- Өлең мазмұны талданады.
- Көлемді өлең бөлімдерге бөлініп талданса, ал қысқа өлеңдер тұтас талданады.
- Өлең мазмұны бойынша сұрақ-жауап әдіс қолданылады.
- Өлеңді екінші рет, қорытындылау мақсатында оқуға дайындық жұмысы жүргізіледі (оқу техникасы, мәнерлеп оқу, дауыс сазы, хормен оқу, жеке оқушыға оқыту, т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |