Тақырып бойынша конспект: Шағын жинақты мектептің бірнеше өзіне тән тиімді жақтары да бар:
- балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның қызығушылығын арттыруына, отбасын тез, жақсы тануына көп мүмкіндік бар;
- дәптер тексеруге, жеке-дара өздік жұмысқа арналған жаттығулар іріктеуге аз уақыт жұмсалады;
- оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады;
- оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделеді;
- бір оқу бөлмесінде күнделікті бірге болғандықтан, жоғары сынып (3-4) оқушылары кіші сынып оқушыларына көмек береді;
- әрбір баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім, білік, дағдыларының деңгейлерін көтеруге мүмкіндік мол;
- аталмыш мектеп мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, кеңінен қолдануға тырысады;
- оқушылар әртүрлі сыныпта оқығанымен, олардың назарын бір пәннің мазмұнындағы ұқсас тақырыптарға аударуға мүмкіндік жасалады;
- оқушылардың бірін-бірі тексеруін, өзін-өзі тексеруін және бағалауын жүзеге асырылады;
- үлкен сынып оқушысы төменгі сыныптың жұмысын тексеріп бағалау арқылы өз білімін іс жүзінде қолдануына мүмкіндік туады.
Төменгі сыныптарда (1-2 сыныптар): 1) Мәнерлеп оқу.
Төменгі сыныптарға кіргізілген өлеңдердің көбі балаларға арналған өлең болып, бұл өлеңдер қарапайым және түсінікті, есте сақтауға қолайлы, жаттауға оңай болғандықтан, мәнерлеп оқуға өте лайық келеді. Сонымен бірге өлең мазмұны арқылы мүлтіксіз идеялық тәрбие беруге де болады.
2) Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру.
Өлеңде бейнелеу амалдары көп болғандықтан, онда ауыспалы мағыналы және теңеулік көркем сөздер көп болады. Сондықтан оны мұқият түсіндіру, сол арқылы оқушылардың өлең мазмұнын түсінуіне негіз қалау керек.
3) Өлең тармақтарының мағынасын түсіндіру негізінде шумақтардың мағынасын түсіндіру керек.
Жоғарырақ сыныптарда (3-4 сыныптар): 1) Өлеңнің тақырыбы мен жазылу ерекшелігі жөнінде қысқаша ескерту сипатты түсінік беру керек. Өлеңдердің тақырыбы өте ықшам және бейнелі болатындық-тан, оқушыларға алдын-ала қысқаша түсінік берілсе, олар тақырып арқылы өлеңнің негізгі мазмұн беталысын аңғарып алуына болады.
2) Оқушылардың өлеңді сезіммен дауыстап, ырғағына келтіре оқуына, мәнерлеп оқуына жетекшілік етуі керек. Алдымен оқытушы өзі өлеңді оқу қағидасы бойынша сезіммен оқып, үлгі көрсетіп, онан соң оқушыларды ашық әуенмен сезіммен, мәнерлеп оқуға машықтандыру керек. Егер тамаша жазылған бір өлеңнің оқылуы нашар болса, онда сол өлеңнің әсер күші әлсіреп, тәрбиелік рөлі төмендейді. Өлеңдердің буын саны ұқсас болмағандықтан, әрбір өлеңді өз ырғағы бойынша буын санына лайық әуенмен мәнерлеп оқуға тура келеді. Сол үшін оқытушы әр түрлі өлеңнің оқылу әуені жөнінде оқу қағидасын тұрақтандырып және жаттығып, онан соң өзі үлгі көрсете отырып, сезіммен дауыстап оқуға ұйымдастыру керек.