Білім беру бағдарламасы информатика мұҒалімдерінің ПӘндік қҰзыреттерін дамыту


-тапсырмада әзірленген программаны жасыл шеңбер терезе қабырғасынан серпіліс жасау әсерін туғызатындай, оңнан солға және солдан оңға қарай тоқтамай қозғалатындай етіп өзгертіңіз



бет6/8
Дата15.01.2023
өлшемі4,95 Mb.
#165580
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Таныстырылым4 (1)
Ғылыми жоба оқушы, Мәтінмен жұмыс істеу . ҚМЖ, Сенің азаматтық құқығың тәрбие сағаты

4.6-тапсырмада әзірленген программаны жасыл шеңбер терезе қабырғасынан серпіліс жасау әсерін туғызатындай, оңнан солға және солдан оңға қарай тоқтамай қозғалатындай етіп өзгертіңіз.

PyGame-дегі оқиғалар


Оқиға дегеніміз не?
Компьютерлік ойында қандай оқиғалар іске асуы мүмкін?

PyGame-дегі оқиғалар

  • Pygame-де mouse және keyboard модульдері бар. Олар тінтуір мен пернетақта құрылғыларынан ақпарат алуға мүмкіндік береді, бірақ оқиғалармен жұмыс істеу әлдеқайда ыңғайлы.
  • Кез келген ойын да оқиғалар арқылы басқарылады. Бұл қандай оқиғалар?
  • Оқиға – пайдаланушының іс-әрекеті. Мысалы, ойыншы пернетақтадағы пернені басты, тінтуірді орнынан қозғады, терезені жабу батырмасын басты және т.б.
  • Негізгі ойын циклінің әр қадамында ойынды басқаруда қолданылатын оқиғалар программаланады.
  • Цикл өте жылдам жұмыс істейтініне қарамастан, бір итерацияда бірнеше оқиға болуы мүмкін. Сондықтан программада орын алған барлық оқиғаларды өңдейтін (оқиғалар кезегін талдайтын) екінші ішкі цикл пайда болады.

Біз ойын циклінде қандай оқиғаны өңдедік? Біз оны қалай программаладық?

PyGame-дегі оқиғалар. Тінтуір оқиғалары

PyGame-да тінтуір оқиғаларының үш түрі өңделеді:

• батырманы басу (оқиғаның type қасиетінің мәні pygame константасына сәйкес келеді, MOUSEBUTTONDOWN),

• батырманы босату (MOUSEBUTTONUP),

• тінтуірді қозғалту (MOUSEMOTION).


Қандай батырма басылғаны оқиғаның басқа қасиетінде – button-да жазылады. Сол жақ батырма үшін бұл – 1, ортаңғы батырма үшін – 2, оң жаққа – 3, алға айналдыру үшін – 4, артқа айналдыру үшін – 5 саны.
MOUSEMOTION оқиғалары үшін button батырмасының орнына buttons қасиеті қолданылады, оған тінтуірдің үш түрлі қалпы (үш элементтің кортежі) жазылады.

PyGame-дегі оқиғалар. Тінтуір оқиғалары

pos қасиеті – тінтуір көрсеткішінің ағымдағы қалпының координаттарын сақтайды (екі саннан тұратын кортеж).

Егер Сіз тінтуірдің оң жақ батырмасын өлшемі 200x200 болатын терезенің дәл ортасында бассаңыз, Event типті жиектері бар объект құрылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет