Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында математика сабағында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау


Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі



бет9/9
Дата26.01.2022
өлшемі25,61 Kb.
#129836
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында математика сабағында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау

Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:

«Тұжырым жасай білген адам, алдына мақсат та қоя біледі» деген екен белгілі шығыс ойшылы. Олай болса, бағалауға деген көзқарасымызды өзгертсек, сабақтарымызға критерий арқылы бағалауды енгізіп, оқушыларымыздың тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттасақ, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, нәтижеге жеткізу, ал оқушыларымыз әр сабақта белгілі бір нәтижеге жету барысында еңбектенсе, оқушы да, мұғалім де өз еңбектерінің табысын көре алады деп ойлаймын.

Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ –егеменді елдің берік тірегі. Сондықтан да Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы -2050» «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында білім саласына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы білікті де парасатты жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес.

Қорыта айтқанда: А.Байтұрсынов ағамыз былай деген екен: «Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы…» демек, білім сапасын көтерудің негізгі тетігі — ұстаз. Сол себепті бағалаудың түрлерін тиімді пайдаланып, оқушыларды терең біліммен қаруландырып отырсақ, болашақта мемлекеттік тілдің мәртебесі жоғары деңгейге көтерілетініне, тәуелсіз еліміздің болашағы баянды болатынына сенімім мол.



 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет