Білім берудің негізі білім ғана емес, олардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби біліктілікке жетелеу, ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұғымды пайдалану



бет8/92
Дата08.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#118893
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   92
Байланысты:
Ғарыш физикасы

Сабақты қорыту:
Үйге тапсырма:


Сабақтың тақырыбы: Ғарышқа ұшу идеясының пайда болуы


Сабақтың мақсаты:
а) Оқушылар ғылыми фантастикалық кезеңнен бастап
ғарышты іс жүзінде игеруді және ғарышқа ұшу идея –
ларынын пайда болуымен танысады.
б)Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, өз
беті мен ізденуін, ойлау қабілеттерін дамыту.


Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, астрономия


Сабақтың түрі: Конференция.


Көрнекілігі: Суреттер.


Сабақтың барысы:


І. Жүргізуші: Адам баласының қоғамдық дамуы үздіксіз өсіп, өрістеп отыратын
күрделі процесс. Қаншама болдым – толдым десе де адам баласы қол жеткен табыс - тарымен шектеліп қала алмайды, ол әрқашан көбірек білуге құштар болады да тұрады. Өйткені, бізді қоршаған әлемде әлі де болса ашылмаған сырлар, шешілмеген жұмбақ -тар, жүрілмеген жолдар баршылық. Адам баласының ұшқыр ойымен ақылы әлем құр -лысының таңғажайып сырларын ашуға бағытталғаны мен ХХ ғасырға дейін планета аралық кеңістікті зерттеудің ғылыми негізін жасауға м үмкіндік болмады. Ракеталық космостық техниканың тұңғыш ғылыми негізі қаланғанына көп уақыт өткен жоқ . Ол туралы ойлар алғаш рет Циолковский еңбектерінде қарас тырылды. Әрине Циолковскийге дейін де ауасыз кеңістікте ұшу заңдылықтарын қарастырған кейбір зерттеулер болғанды- ғын ескерте кеткен жөн.Мысал үшін инженер Кибальчич ұсынған ауада ұшатын аппарат жобасын еске алудың өзі жеткілікті.
1.Сұрақ Космосқа ұшу идеясы қай кезде пайда болды?


Ғалым тарихшы: Басқа аспан денелеріне, планета аралық кеңістікке ұшу туралы ой
адам баласын өте ерте замандардан бастап толғандырған қызықтыда күрделі тәсілдерінің бірі. Бұған дүние жүзі халықтарының ойарманын білдіретін ерте замандардан сақталған аңыздармен ертегілер дәлел бола алады.
Археологиялық қазбалар арқылы ертедегі ассирия патшасының аса бай кітапхана- сы табылды.Балшық қабықшалардан цлиндр түрінде жасалған көптеген кітаптардың бір- інде: осыдан 5 жыл бұрын Этап деген патша жоғары ұшып көтерілген биіктен Жер «кор - зинкаға салынған нан» тәрізді болып көрінеді де, көзден ғайып болады деп жазылған.
Осы тақырыптағы ертегі – аңыздарға бай мұралардың бірі – ертедегі грек – мифо - логиясы. Солардың бірі икар туралы аңыз.Біріне-бірі жапсырыла желімделген құс қауыр- сындарынан қанат жасап алған Икар Крит аралынан тұтқыннан қашып шығады.Теңіз үстімен ұшып бара жатқан Икардың күнге жақын өткендігі сонша, қауырсындарды бекі - тіп тұрған желімі еріп, ол теңізге құлап өлген.
Басқа бір аңызда Ескендір Зұлқарнайн (Александр Македонский) бүркіттер жегіл- ген арбамен аспан әлеміне шабуыл жасауды ойлапты –мыс.Бір қытай ертегісіндегі қытай-лар Жерге Айдан ұшып келген деп баяндалады. Атақты үнді эпосы «Рамоянның» басты кейіпкері аспан әлеміне саяхат жасайды. Ал моңғол ертегісінде моңғолдар аспаннан
ұшып барып, жеті қарақшыны орнатыпты – мыс делінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   92




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет