«Біз онсыз да кешіккен отарсыздануды тағы да кейінге қалдырдық» Аналитический интернет-журнал Власть


Ал Қазақстанды неоколония деп атай аламыз ба?



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата11.11.2023
өлшемі5,66 Mb.
#191007
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
«Біз онсыз да кешіккен отарсыздануды тағы да кейінге қалдырдық» - Аналитический интернет-журнал Власть

Ал Қазақстанды неоколония деп атай аламыз ба?
Әрине, таза неоколония деп айтуға болмайды, бірақ Қазақстан ғана емес, көп ел белгілі бір
дәрежеде дамыған елдерге тәуелді екенін атап өткен жөн. Біз әлі де шикізат беруші
ғанамыз. Дамыған елдер бізде шикізат өндірумен айналысады. Бұл шенеуніктеріміздің
отаршыл ойлайтыны туралы мәселеге алып келеді. Шикізатымызды қайта өңдеу, бұл
саланы дамыту шетелдік компаниялардың міндеті емес. Бірақ біздің атымыздан келіссөз
жүргізгендер инвесторларға өндіріспен келу талабын қоюы керек еді. Осы уақытқа дейін
мұнайды Ресейге өңдеуге жібереміз. Көп мәселені қозғай отырып, экономикалық тұрғыдан
тәуелді екенімізді мойындаймыз. Бұл тәуелділікті неоколониялық деп айтуға болады.
Сіз кітапта «кейінге қалдырылған отарсызданудың» қаупін айтасыз. Бұл процестің
салдары қандай болуы мүмкін?
Кейінге қалдырылған отарсызданудың салдары қандай болатынын айтудың керегі де жоқ.
Мұны басымыздан өткіздік. Біз қазір де отарсыздануды кейінге қалдырып отырмыз. Ал
мұның салдары аянышты.
Отарсыздану процесіндегі мемлекеттің рөлі туралы да айтқан едіңіз. Мемлекет
тарапынан отарсыздану үшін қандай әрекеттер жасалып жатыр? Жалпы, бұған
мемлекеттік институттар мүдделі болып отыр ма?


09.11.2023, 09:45
«Біз онсыз да кешіккен отарсыздануды тағы да кейінге қалдырдық» - Аналитический интернет-журнал Власть
https://vlast.kz/vlast-qazaqsha/53583-biz-onsyz-da-kesikken-otarsyzdanudy-tagy-da-kejinge-kaldyrdyk.html
7/15
Отарсыздану кезеңдері туралы айтқанда, отарсызданудың тек біздің түсінігімізбен
өлшенбейтінін түсінуіміз керек. Жете түсіну – бірінші қадам ғана, бірақ одан кейін жаңа
саясат, экономика, білім беру және әлеуметтік сала құрылуы керек. Мұнда мемлекеттік
билік пен мемлекеттік құрылымдар маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік органдар түрлі-
түрлі бағдарламаны жасайды (кейін оны өздері құртады), бірақ біз отарсыздану процесін
саясаттан да, экономикадан да, сыртқы саясаттан да, ақпараттық саясаттан да көріп
отырған жоқпыз. Бізде әлі күнге дейін ішкі және сыртқы саясат негізге алуға тиіс
идеологиялық платформа жоқ. Менің ойымша, көп шенеунік оның не екенін және неге
керегін мүлдем түсінбейді. Шенеуніктерді қайда бара жатқанымыз қызықтырмайтын
сияқты, ең бастысы, осы жолда еңбек етпей тапқан табысы болса жеткілікті.
Біз қайда бара жатқанымызды білмейміз. Оның үстіне, біздің көп шенеунік әлі күнге дейін
Ресейге, орыс идеологиясына, баспасөзіне аузын ашып қарап, әлі де отаршыл ойдың
шырмауында жүр ме деп қорқамын.
Бізде отарсыздану процесі төменнен жүріп жатыр. Қазақ тілін
жаңғырту, қазақ мектептерін көбейту – халықтың қалауы мен
табандылығының нәтижесі.
Халық өзін аман алып қалу үшін түйсігімен таңдау жасады. Тәуелсіздік алғаннан бері бізде
мәдениет министрлігі жанындағы тіл комитеті болды, бірақ қыруар қаржы жұмсаса да,
мемлекет тиісті нәрсені істемеді. Қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап ететін қазақтарға
тағылатын айып пен жазғыру – осының дәлелі. Кеңестік әдет бойынша ұлтшыл деп, теріс
мағынасында айтады. Ал шын мәнінде мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді талап ету
әділетті әрі заңды. Бұл мәселе әлдеқашан шешілуі керек еді. Биліктің, тіл комитетінің
әрекетсіздігі кесірінен халық мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді талап етуге мәжбүр
(әйтпесе, қылмыстық қудалаудың кесірінен елден кетуге мәжбүр).
Билік қазақ тілі үшін күресті сынайтындарды жақтайды. Олардың шешімі қазақ тілінің
қолданыс аясын кеңейтуге ұмтылған қазақтарды қолдамайтынын көрсетеді. Ресей үгіт-
насихатының сүйкей салатын әдетімен «тіл сақшылары» термині енді, бірақ бұл ешқандай
сақшылар да, ұйымдастырылған әрекет те емес еді. Абаев қазақтарды «үңгірдегілер» деп
атағанын ұмытқан жоқпыз, ал Тоқаев бір кезде ресейлік БАҚ-тың айтқанын қайталап, «тіл


09.11.2023, 09:45
«Біз онсыз да кешіккен отарсыздануды тағы да кейінге қалдырдық» - Аналитический интернет-журнал Власть
https://vlast.kz/vlast-qazaqsha/53583-biz-onsyz-da-kesikken-otarsyzdanudy-tagy-da-kejinge-kaldyrdyk.html
8/15
сақшылары» деген тіркесті қолданды. Демек, ол елдегі жағдайға ресейлік БАҚ-тың үгіт-
насихаты тұрғысынан қарайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет