09.11.2023, 09:45
«Біз онсыз да кешіккен отарсыздануды тағы да кейінге қалдырдық» - Аналитический интернет-журнал Власть
https://vlast.kz/vlast-qazaqsha/53583-biz-onsyz-da-kesikken-otarsyzdanudy-tagy-da-kejinge-kaldyrdyk.html
12/15
Бірегейлік деген – процесс. Қазақтарды суретке түсіріп немесе бізді құрайтын белгілерді
өлшеуге болмайды, оны бір мезетте анықтау мүмкін емес. Мен Стюарт Холлмен келісемін.
Бірегейлік немесе кімдік – ғасырлар бойғы немесе мыңжылдық процесс, онда адамдар
біртіндеп қалыптасып, тіршілік ету ортасымен, мінез-құлық императивімен, басқару
әдістерімен және қоғамдық өмір нормаларымен қалыптасады.
Қазақтардың бірінші құрамдас бөлігі – көшпелілік. ХХ ғасырдың үштен бір бөлігіне дейін
көшпелі немесе жартылай көшпелі өмір салтын ұстанған көшпенді болдық. Әңгіме осы
күні қалада тұрып, отырықшы өмір салтын ұстанып жатқанымызда емес (бұл халық
тарихындағы қысқа сәт). Біз ұлт ретінде дәл көшпенді болған кезде қалыптастық. Ал
номадизм бізге елеулі із қалдырды. Екінші құрамдас бөлік – отарлық өткенімізге және
қазақтың жартысын жоғалтуға, қазақ тілінің қолданыс аясын тарылтуға және тағы басқа
нәубетке әкеп соққан қылмыстық жолмен жүргізілген «жетілдіру». Үшіншісіне келсек, оны
қалыптастыруға қазіргі жүйе тырысып жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: