Бұл электронды кітапты алғаш әлеуметтік желіге жүктеген электронды кітапхана



Pdf көрінісі
бет8/17
Дата17.07.2023
өлшемі0,8 Mb.
#179484
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
Ұйқы
2, munai, Шплор анатомия, МҰҢАЙМА, срм психология
Ұйқы және циркадты ырғақтар 
Бұрынғы заманда адамдар табиғат заңдары бойынша өмір сүрді — барлығы 
тәуліктегі уақыт ауысымына тәуелді болды. Ол кезде тек екі ғана 
"шам"
болды ғой: 
күндіз - күн, түнде - ай
. Бұл адамның циркадты 
ырғақтарынқалыптастырды. 
Циркадты ырғақтар 
Бұл ағзаның әр түрлі биологиялық үдерістердің (жылуды реттеу, ас қорыту
гормондардың түзілуі және т.с.с.) қарқындылығын анықтайтын ішкісағаттары. 
Ұйқы мен сергектіктің циркадты ауысымы жарыққа тәуелді болды. Көру 
рецепторлары жарық деңгейіне кері жауап қайтарады және бас 
мидыңсупрахиазмальды ядросына сигналдар жібереді. Бұл ұйқы мен 
сергектікке жауап беретін басты екі гормонның: мелатонин және кортизолдың 
түзілуіне негіз болады. 
Мелатонин — ұйқы гормоны.
Қараңғылық орнаған кезде домалақ безде 
түзіледі. Ол қысым мен температураны төмендетеді, ағзанытыныштандырады 
және оған "Ұйықтайтын кез келді!" деген бұйрық береді. Таңға қарай 
мелотониннің синтезі тоқтайды. Жарық көп болған сайын қанға соғұрлым көп 
кортизол келіп түседі. 
Бұл гормон бізді оятады, жаңа күнде жұмыс істеу 
үшін сергектік пен күш береді.
Ол ұйқы мен сергектіктің 24-сағаттық циркадты ырғағын анықтайды:қараңғы 
түседі — мелатонин бізге тынығуға мүмкіндік береді, күн шығады— кортизол 
бізді оятады. Бірақ деніміз сау және белсенді болуымыз үшін қанша уақыт 
ұйықтауымыз керек? Мысалы, жазда түн қысқыға қарағанда қысқарақ келеді 
ғой, ал жасанды жарықтандыру табиғи уақыт кестесін түзетуге мүмкіндік 
береді. 
Қанша уақыт ұйықтау керек? 
Сізге шын мәнінде қанша уақыт ұйқы қажет? Бұл сұраққа жауап беру үшін 
Пенсильвания университеті мен Вашингтон штаты университетіндегі 
ғалымдардың тәжірибесіне жүгінейік. 
Ғалымдар тәулігіне 7-8 сағат ұйықтауға үйренген, дені сау 48 ер және әйел 
адамдарды жинаған. Содан кейін қатысушыларды төрт топқа бөлген. 


Бірінші топтағы адамдар үш күнді ұйқысыз өткізуі, ал екінші топтағылар 
тәулігіне 4 сағат ұйықтауы керек болған. Үшінші топтағы қатысушыларға 
күніне 6 сағат, ал төртінші топтағыларға 8 сағат ұйықтауға рұқсат берілген. 
4, 6 және 8 сағат ұйықтаған үш топ осындай тәртіпті екі апта ұстануы керек 
болған. 
Тәжірибе 
барысында 
ғалымдар 
қатысушылардың 
физикалықденсаулығы мен тәртібін бақылауға алған. 
Нәтижесінде тәжірибе барысында күніне 8 сағат ұйықтаған қатысушылар 
тобында қандай да бір ауытқулар — когнитивтік функциялардың төмендеуі, 
жауап берудің нашарлауы немесе есте сақтаудың бұзылуы байқалмаған. Ал 
тәулігіне 6 және 4 сағат ұйықтаған адамдарда барлық көрсеткіштер біртіндеп 
нашарлай бастаған.4 сағаттық ұйқысы бар топтағы көрсеткіштер 6-
сағаттықпен салыстырғанда айтарлықтай нашар болған. Жалпы алғанда 
тәжірибеден екі маңызды қорытынды алынған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет