Бұл электронды кітапты алғаш әлеуметтік желіге жүктеген электронды кітапхана



Pdf көрінісі
бет6/17
Дата17.07.2023
өлшемі0,8 Mb.
#179484
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Ұйқы
2, munai, Шплор анатомия, МҰҢАЙМА, срм психология
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Аз ұйықтаған ұлы адамдар 
Гай Юлий Цезарь
(біздің дәуірімізге дейінгі 100–44 жылдар) Римдік саясаткер 
және қолбасшы Гай Юлий Цезарь ұлы Рим империясының негізін қалап
келешек Еуропаның мәдениетін түбегейлі өзгерткен. Ол азаматтық соғыста 
жеңіске жеткен және "Римдік әлемнің" бірауыздан келісілген басшысы 
болған.Өз дәуірлестерінің естеліктері бойынша Цезарь осының барлығына қол 
жеткізу үшін тәулігіне шамамен 3 сағат ұйықтаған екен. Сонымен қатар, өзіне 
ешқандай артықшылықтар жасамаған — Юлий Цезарь әскери жорықтар 
кезінде ашық аспан астында өз әскерлерімен бірге ұйықтаған. 
Леонардо да Винчи
(1452–1519 жылдар) 
Леонардо да Винчидің шығармашылық құпияларының тізімін тағы бір 
бөлікпен толтыру керек шығар. Керемет талантты суретші және өнертапқыш 
күніне әрбір төрт сағат сайын 15-20 минуттан ұйықтаған (барлығын қосқанда 
шамамен 2 сағат). Леонардо қалған 22 сағатта жұмыс істеген. Қазіргі таңда 
мұндай ұйқы жүйесі "көп кезеңдік ұйқы" деп аталады. Мұндай тәртіп сергек 
болу уақытын 20-22 сағатқа дейін арттырады деп есептеледі. Мұндай үлгіні 
қолдаушылар көп, бірақ олардың арасында әлі күнге дейін екінші да Винчи 
жоқ сияқты. 
Бенджамин Франклин
(1706–1790 жылда) 
Бенджамин Франклин — белгілі саясаткер, дипломат және ғалым. Ол АҚШ- 
тың тәуелсіздік Жарлығына, Конституция мен 1783 жылғы Версаль 
бейбітшілік келісімшартына қол қойған, ал портреті жүз долларлық қағазды 
көріктендіріп тұр. Оның ойынша жақсы нәрсе көп болмауы керек. Ал ұйқы — 
әлбетте жақсы. Сонымен қатар, Франклин ұйқыға 4 сағаттан артық уақыт 
бөлінбейтін қатаң күн тәртібін ұстанған. 
Наполеон I Бонапарт
(1769–1821 жылдар) 
Көп адамдар Бонопарттың келесі нақыл сөзін естіген болар: "Наполеон 4 
сағат, қарттар 5 сағат, әскерилер 6 сағат, әйелдер 7 сағат, ер адамдар 8 сағат, 
ал 9 сағат тек науқастар ғана ұйықтайды". Шынында да, Наполеон әдетте 
төсекке шамамен түнгі он екіде жатып, түнгі 2-ге дейін ұйықтаған. Содан 
кейін тұрып, жұмыс істеген және таңғы 5-ке таман тағы бірнеше сағат 
ұйықтауға жатқан. Нәтижесінде ол тәулігіне шамамен 4 сағат ұйықтаған. 
Сонымен қатар, тарихшылар ұлы қолбасшының тұрақты күйзелістер кесірінен 
ұйқысыздықтан зардап шеккендігін айтады. Кей адамдар Бонопарттың 
Ватерлоо кезіндегі стратегиялық жеңілістеріне дәл осы ұйқының шамадан тыс 
жеткіліксіздігі себеп болғандығын айтады.
Томас Джефферсон
(1743–1826 жылдар) 
Томас Джефферсон тәулігіне небәрі 2 сағат қана ұйықтаған. Сондай-ақ, оның 
жазбаларына қарап, саясаткер ешқандай тәртіпті ұстанбаған деген 
қорытындыға келуге болады. Ол әрқашан әртүрлі уақытта ұйықтаған (әдетте - 
тым кеш), ұйықтар алдында міндетті түрде кітап оқыған және күннің алғашқы 


сәулелерімен қатар оянған. 
Томас Эдисон
(1847–1931 жылдар) 
Фонографты, қыздыру шамдары мен "алло" сөзін ойлап тапқан әлемге әйгілі 
өнертапқыш тәулігіне 5 сағат ұйықтайтындығын айтқан. Көптеген талантты 
адамдар сияқты ол да ұйқыны босқа уақыт өткізу және жалқаулық белгісі деп 
есептеген. Сондықтан Эдисон ұйқы мен жатыпішерлікті ашық түрде 
ұнатпаған. Оны шамдарды ойлап табуға итермелеген де осы шығар. Бұрын 
майшамдар қолданыста болған кезде адамдар 10 сағат ұйықтаған, ал Томас 
Эдисонның қыздыру шамдары пайда болған соң ұйқының мөлшері тәулігіне 7 
сағатқа дейін қысқарған. Ғалымның зертханасында кішкентай диванның 
болғаны қызықты жайт және кей адамдардың айтуынша Эдисон күндіз өзіне 
сәл тынығып алуға мүмкіндік жасаған. 
Никола Тесла
(1856–1943 жылдар) 
Айнымалы токты зерттеуге айтарлықтай үлес қосқан әйгілі ғалым, белгілі 
физик және өнертапқыш тәулігіне шамамен 2-3 сағат қана ұйықтаған. 
Замандастарының естеліктері бойынша ол қатты шаршап тұрса да, түнімен 
жұмыс істей алатын болған. "Мен әбден шаршадым, бірақ жұмысты тоқтата 
алмаймын. Тесла "Менің тәжірибелерімнің сондай маңызды, сондай керемет, 
сондай таңғажайып болғаны сонша мен тамақ ішу үшін олардан әзер 
ажыраймын. Ал ұйықтайын десем солар жайлы ойлай беремін. Соңғы деміме 
дейін осылай жалғастырамын деп ойлаймын" — деген. Оның осындай 
шаршаңқы күндерден кейін күшін қалпына келтіру үшін ұйқыға батқандығы 
шындық. 
Уинстон Черчилль
(1874–1965 жылдар)
Тарихтағы әйгілі британдықтардың (британдықтардың өздерінің ойлары 
бойынша) бірі Уинстон Черчилль келесідей күн тәртібін ұстанған: түнгі 3-те 
жатып, таңертең 8-де тұрған. Осылайша, ол тәулігіне 5 сағат 
ұйықтаған.Алайда дана саясаткер түскі астан кейін бір сағат ұйықтап алудан 
ешқашан бас тартпаған. "Сіз түскі және кешкі ас аралықтарында ұйықтауыңыз 
керек, ортаңғы межелік жоқ, ешқашан! Киіміңізді шешіңіз де, төсекке 
жатыңыз.Мен әрқашан осылай істеймін. Күндіз ұйықтағандықтан аз жұмыс 
істеймін деп ойламаңыз. Бұл қиялы жоқ адамдардың ақымақ ойы. Керісінше, 
Сіз көп шаруа тындыра аласыз, себебі бір күнде екі, кем дегенде бір жарым 
күндіаласыз ғой". 
Сальвадор Дали
(1904–1989 жылдар)Испандық суретші Сальвадор Далидің 
ұйқыға дәл қанша уақыт бөлгені белгісіз. Бірақ оның да Леонардо да Винчи 
сияқты "үзілген" ұйқыны қолданғаны жайлы дәлелдер бар.Ол үшін Дали 
төсектің қасына металл поднос қойып, қолына қасықұстайтын. Ол терең ұйқы 
кезеңіне өткен кезде қасық құлайтын және суретші тарсылдаған дыбыстан 
оянатын. Оның айтуы бойынша, ұйқы мен сергектік арасындағы аралық күй 
оған жаңа идеялар береді екен. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет