Жұп дәрежелі саннан түбір алу үшін, түбір астындағы өрнекті қандай да бір өрнектің квадраты түрінде жазу керек, содан кейін қарастырылған теңдікті қолдануға болады
Жұп дәрежелі саннан түбір алу үшін, түбір астындағы өрнекті қандай да бір өрнектің квадраты түрінде жазу керек, содан кейін қарастырылған теңдікті қолдануға болады. Мұғалім қасиеттің дәлелдеуін екі жағын да квадраттау арқылы жүргізуге болатынын ұсынады.
Арифметикалық квадрат түбірдің барлық қасиеттері таныстырылғаннан кейін мұғалім оқушыларға барлығын тағы бір рет қайталап шығуды ұсынады.
«Ширату жаттығулары» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады
(Мұғалім тағы да бір мысал келтіреді: шеңбер бойымен қозғалатын дененің жылдамдығын есептеу үшін формуласын қолданылады, мұндағы а – дененің үдеуі, R – шеңбердің радиусы. а=121 м/ , R=144 м болғанда жылдамдықтың мәнін есептеңіз.
Оқушылар мынадай мәселеге тап болады: калькуляторсыз немесе Брадис кестесіз мұндай түбірдің мәнін есептеу мүмкін емес. Ендеше, көбейтіндіден түбір алудың басқа әдісін қарастыру керек.
Жеке жұмыс. Мұғалім оқушыларға тесттік тапсырмаларды орындауды ұсынады. Тапсырмаларды дұрыс орындағаннан кейін, оқушылар оң бағанға дұрыс жауаптарға сәйкес әріптерді жазады. Нәтижесінде дұрыс кілт сөз алыну керек – қазақ қоғам қайраткері, бірінші қазақ профессор-математигінің тегі.
Бағалау критерийі: