Дафния, циклоп, креветка, өзен шаяны, краб шаянының құрылысындағы ерекшеліктері. Орындаған: Турлықожа Нартай Илиясұлы



бет2/7
Дата28.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#193796
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Турлықожа Н.И.
Документ Microsoft Word, соп неотложка, су, Тері және оның туындылары
Ac қорыту жүйесі жақсы жетілген. Ішегі тік немесе аздап иілген түтік түрінде болып, алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектерден тұрады. Аналь тесігі тельсонның құрсақ бөлімінде орналасқан.
Ішектің алдыңғы және артқы бөлімдері сыртқы хитинді кутикула-ның жалғасымен қапталған, яғни эктодермальды. Түлеу кезінде осы кутикулалар да жаңарып ауыз және аналь тесігі арқылы түтік түрінде шығады. Жоғарғы сатыдағы шаянтәрізділердің (Decapoda отряды) алдыңғы ішегі кеңейіп қарынға айналған. Ол кардиальды немесе шайнағыш және пилорикалық бөлімдерге ажыраған. Қарынның кардиальды бөлімінің арқа және бүйір қабырғаларындағы кутикуласы қалындап, ізбест сіңген шеті үшкірленген үш күшті шайнағыш тақталарына айналған. Солар арқылы ас үгітіледі. Ал пилорикалық бөліміндегі жіңішке кутикулярлы өсінділер ұсақталған қоректік зат-тарды нығыздап (престеп) және сүзіп келесі ортаңғы ішекке шы-ғарады.
Шаянтәрізділердің зәр шығару жүйесі екі жүп безді мүшеден тұрады: антеннальды және максиллярлы. Антеннальды бездер жоғарғы сатыдағы (Malacostraca класс тармағы) шаяндарда болады, ал қалғандарында максиллярлы, тек Leptostraca отрядының өкілдерінде зәр шығару бездерінің екеуі де болады. Безді мүшелер түрі өзгерген целомодукталар. Антеннальды және максиллярлы зәр шығару жүйесінің құрылысы ұқсас. Әр мүше қапшықтан және одан басталатын, безді қабырғалары бар, иілген түтікшеден түрады. Түтік бірнеше иірім жасап кеңейген қуысқа - қуыққа ашылады (102-сурет). Қуық қысқа өзегімен антенналарының түбінде (антеннальды без) немесе ІІ-ші максиллаларының (максиллярлы без) түбіңде ашы­ лады.
Тыныс алу жүйесі Polychaeta класындағыдай аяқтарымен тығыз байланыста. Көптеген ұсақ шаянтәрізділерде арнайы тыныс алу мүшелері жоқ. (Ostracoda, Maxillopoda класс тармағы) олар бүкіл денесімен тыныс алады. Басқаларында тыныс алу мүшесі желбезектер. Олар аяқтардың протоподиттерінен басталатын тақталы немесе бұтақталған жүқа қабырғалы өсінділері эпиподиттер. Негізінен олар (Amphipoda отряды) кеуде аяқтарында дамыған. Decapoda отряд өкілдерінің желбезектері алдымен кеуде аяқтарының протоподиттерінде дамып, соңында дененің бүйір қабырғасына ауысып, бас қалқаншасындағы бүйір шеттерінің астында, ерекше желбезек қуысында орналасады. Сонда Decapoda-ның желбезектері ұзына бойы қатарласып орналасады. Бірінші қатардағы желбезектері аяқтардың протоподиттеріндегі алғашқы
тәртібін сақтайды, екінші қатардағы - протоподиттердің денемен байланысқан жерлерінде, ал үшінші қатардағылары дененің бүйір қабырғасында орналасады.
бақалшақты шаяндар - Ostracoda
максиллоподалар Maxillopoda
цефалокаридалар Cephalocarida
желбезекаяқтылар Branchiopoda
жоғарғы сатыдағы шаяндар Malacostraca.
Классификациясы. Шаянтәрізділер класы 5 класс тармағына бөлінеді: желбезекаяқтылар Branchiopoda, цефалокаридалар Cephalocarida, максиллоподалар Maxillopoda, бақалшақты шаяндар - Ostracoda, жоғарғы сатыдағы шаяндар Malacostraca.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет