Эмоционалды ерекшеліктері. • реалистік мен — тұжырымдамасы • өзгелерге сыйластығы • адамдарға эмпатиялық қарым-қатынасы • өзге адамдар ерекшеліктеріне шыдамдылығы • өзін талдауға бейімділігі • сынға шыдамды көзқарасы • тапсырманы орындаудағы табандылығы • жарысқұмарлығы • ойлаудағы тәуелсіздігі • әзіл сезімі • өз күші мен қабілетіне сенімділігі • ішкі мотивациясы.
Дарындылықтың түрлері
Дарындылықтың түрлері
интеллектуалдық - ерекше шапшаң дамиды (ойлауы, байқағыштығы өте жоғары, білімге, жаңалыққа құмар, оқуы жеңіл, өз ойын жақсы жеткізе алады, алған білімдерін кез келген уақытта еске түсіріп, пайдалана алады және құрдастарынан көп біледі);
академиялық –білім алуға ерекше құмар (оқуды есте ұзақ сақтап, жаңғырта алады, жаңалықтар ашады, құбылыстар зерттейді, берілген тапсырманы зор қызығушылықпен орындайды, қоршаған дүниені танып білуде сұрақтар қояды);
көркемдік -шапшаң ойлайды, тез нәтижеге жетеді, тез ілгерілеуді, сауалды көп қояды, әдеттен тыс қызығушылығы бар, кең көлемді білімді меңгереді, есте сақтау қабілеті жоғары;
Шығармашылық- көздеген мақсатына жете білетін, ізденіс белсенділігі жоғары. Өз бетінше ойлап істеуге қабілетті, зерттеу жұмыстарының нақты нәтижесіне жете біледі;
әлеуметтік - өз талап-тілектерін қатал, әділдік, адамгершілік сезімі жоғары .
Әлем таныған 7 «миракулум» балалар Миракулум- латын тілінен аудармасы «ғажайып»
1. Кристиан Хейнекен – 1721-1725 ж. 10 айлығында библианың 10 кітабын жатқа айтатын. 3 жасында география, математика, биологияны оқыды.