Дәрістер жиынтығын құрастырған терапия пәнінің оқытушылары: Қалиева Гульмира Омарбековна Каримова Гульзара Айтбековна Рецензия: Дәрістер жиынтығы «Емдеу ісі»



бет102/106
Дата24.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#198880
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   106
Байланысты:
лекции по терапии
УМКД 5 курс ОМ 2015-2016., Альфия Кенжебаева справка
Алдын-алу: Дер кезінде жарақат алған бұындарды емдеу. Жүйелік түрде жаттығумен айналысу, дене салмағын азайту. Жұмыс уақытында ұзақ бір қалыпты тұрыстан қашық болу керек.

Ревматоидті артритпен және остеоартрозбен науқастың күтімі.


Пациенттің проблемалары

Науқасты күтуде мейірбикенің ісі

1.Буындарында қимылдағанда ауырсыну.
2.Физикалық белсенділігінің шектелуі.
3.Балдақпен немесе мүгедек коляскасымен қолдану.
4.Үнемі дәрілерді қабылдау қажеттілігі.
5.Кәсіби мамандығын тастау қажеттілігі.
6.Өзін күту қиындығы.

1.Емдеу-сақтану тәртібін бақылау
2.Қунарлы тамақтануын бақылау
3.Тері қабаттарының жағдайын бақылау
4.Дәрігер тағайындауын дер кезінде, бұлжытпай орындау
5.АҚ өлшеу, пульсті санау
6.Бөлменің гигиеналық тәртібін бақылау
7.Әнгімелесу жұргізу:
А) дәрілерін ұзбей қабылдауы туралы;
Б) физикалық белсенділігі төмендеуіне байланысты адаптация қажеттілігі туралы.





Коллагеноздар.

Коллагеноздар - дәнекер ұлпаның және құрамында коллаген бар талшықтардың жүйелі түрде зақымданатын бір топ аутоиммунды аурулар: жүйелі қызыл жегі, склеродермия, дерматомиозит, түйінді периартериит, анкилоздаушы спондилоартрит (Бехтерев ауруы), ревматоидті артрит және ревматизм.
Этиологиясы. Даму себептері нақты анықталмаған. Вирустық инфекциялар, ген өзгерістері, инсоляция, вакцинациялар, кейбір дәрмектер, физиотерапия, ультрадыбыс себепкер болады.

Жүйелі қызыл жегі – дәнекер ұлпамен тамырлардың жүйелі аутоиммунды ауруы.
Бейімдеуші ықпалдар. Болжамдар бойынша эстрогендер жүйелі қызыл жегінің дамуына септігін тигізеді: өйткені 80-90% бала көтеретін шақтағы (20-30 жастағы) әйелдерде және аборттан кейін кездеседі.
Клиникасы. Ауру жиі көктемде, жазда буынның зақымдануынан басталады: аяқ қолдарының барлық буындары, жиірек қол саусақтың буындарында артрит пайда болады. Қалтырау, қызбалар, астеновегетативті синдром, 10 кг оданда артық салмақ жоғалтады.
Науқастарда терісі зақымданып, «көбелектік» эритема бетке, маңдайға, иекке түседі. Бөртпелер барлық денеде болуы мүмкін. Кілегейлі қабықтары зақымданып плеврит, перикардит, перитонит, миокардит, эндокардит дамып, патологиялық процесс барлық мүшелерге (бүйрек, өкпе, асқазан, жұрек, бауырға) тарайды. Ауру ағымы ауырлап,өліммен аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   106




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет