Ә.Ж. Бүркітбаев атындағы «Өнеркәсіптік инженерия» институты «Полиграфия өндірісінің технологиясы мен машиналары» кафедрасы
Полиграфиялық машина жасау технологиясы
Сабақ жүргізетін оқытушылар:
Лектор/Тьютор: аға оқытушы Ғазизов О.Ғ., өтілі 14 жыл
Ассистент: полиграфия магистрі Булатова А.А.
Мамандық: 5B072200 – «Полиграфия»
Кредит: 4
Семестр: 7
Алматы 2012
Аңдатпа
“Полиграфиялық машинажасау технологиясы” пәнінің мақсаты полиграфия өндірісінде жұмыс істейтін болашақ мамандарға машинажасау технологиялары жайында білім беру.
Пәнді оқыту міндеттері:
“Полиграфиялық машинажасау технологиясы” пәнінде біліктің, айла – бұйымның, кесу құралы мен өңделетін бөлшектің өзара әрекеттесу мәселелері, ең тиімді жолдары, яғни машина бөлшектерін өңдеуінің өнімділігі, тиімді технологиялық процестерді, жабдықтар мен технологиялық жабдықтарды таңдау мәселелері, машинаны жинастырудың тиімді технологиялық процестерін құру әдістері қамтылады.
Тьютордің өзіндік ғылыми бағыты мен жетекші болатын дипломдық жобалар тақырыбы
Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: Жетекші болатын дипломдық жобалардың тақырыбы:Қоймадан басу машиналарына қағаз рулондарын тасымалдауға арналған тасымалдау жүйелерінің негізгі жұмыстық параметрлерін негіздеп таңдау
Жетекші болатын дипломдық жобалар тақырыбы:
1) Моделі SEYPA -167 бір пышақты қағаз кесу машинасындағы қағазды беру механизмін жөндеуінің технологиялық процесін жобалау
2) Парақтық офсеттік басу машинасындағы қысым беру механизмін жөндеуінің технологиялық процесін жасау
3) Екі бояулы парақтық офсеттік ротациялық басу машинасындағы формалық цилиндрді ось бойымен ығыстыру механизмін жөндеудің технологиялық процесін жобалау. т.б.
Осы курс бойынша бұрын оқыған студенттердің орташа үлгерім пайызы – 85%