Жоспары Жер қабығы. Литосфера Жер қыртысының үстіңгі бетін өзгертетін ішкі процестер Жер бетін өзгертетін сыртқы күштер Жер бетінің бедері Минералдар. Пайдалы қазбалар Литосфера



бет1/5
Дата18.05.2023
өлшемі29,76 Kb.
#177058
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Жоспары Жер абы ы. Литосфера Жер ыртысыны сті гі бетін згер
6-ЛАБ Тилепов Жигер

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Пән атауы:


Жаратылыстану негіздері


Тақырып: Жердің ішкі құрылысы. Литосфера. Минералдар және тау жыныстары


Орындаған: Сағиданова А БОПжӘ-202

Оқытушы: Айтмаганбетова Ш.К.

Жоспары
1.Жер қабығы. Литосфера
2.Жер қыртысының үстіңгі бетін өзгертетін ішкі процестер
3.Жер бетін өзгертетін сыртқы күштер
4.Жер бетінің бедері
5.Минералдар. Пайдалы қазбалар

Литосфера
Литосфера - деп Жердің қатты қабатына жататын Жер қыртысы мен мантияның сыртқы қабатын айтады. Құрлықтағы литосфераның қабаты орташа есеппен 35-40 шақырымнан (далалы аймақтарда) 70 шақырымға дейін (таулы аймақтарда) барады. Мұхит астындағы Жер қыртысы да литосфераға жатады. Бұл жерде оның қалыңдығы небәрі 7-10 шақырым айналасында болады. Ал Тынық мұхитының кейбір шұңғымаларында 5 шақырымнан аспайды. Жер қыртысының қалыңдығын сейсмикалық толқындардың жылдамдығы арқылы анықтауға болады. Сонымен қатар, аталған толқын мантияның құрылымы туралы да ақпарат алуға мүмкіндік береді.Литосфераның көп бөлігін магманың қатаюынан пайда болған кристалл тастар алып жатыр. Ал магма деп Жер ядросындағы температураның әсерінен еріп кеткен тастардың сыртқа шыққанын айтады. Магманың қатуынан әртүрлі қоспалар пайда болады. Олар Жер қыртысының арасынан шығу барысында құрамында болған минералдар бөлініп шығады. Минералдар тепература мен қысымның арқасында бөлініп, жаңа химиялық заттардың пайда болуына негіз болады.

Жер қыртысының үстіңгі бетін өзгертетін ішкі процестер
Таулардың түзіліс процестері. Жер бетіндегі таулардың көпшілігі жер қыртысының кей жерлерінде қалыңдығы 12—18 км-ге дейін баратын шөгінді жыныстар жинақталған қалың қабаттарымен қоса созылып жатқан теңіз ойпаңдарында тау жасалу қозғалыстары нәтижесінде пайда болған. Қөлденең орналасқан қабаттар тау жасалу кезінде қатпарларға ауысад.
Қатпарлы зоналар жер қыртысындағы тербелмелі қозғалыстардың шапшаңдығымен сипатталады. Тік бағытта шапшаң қозғала алатын, қабаттары өте қалың болатын, вулкан әрекеті қызу дамитын белдік формасында созылып жатқан жер қыртысының қозғалғыш бөлігі геосинклиналъ деп аталады. Қатпарлық белдікте геосинклиналь да түзіледі.Нашар созылатын жыныстар орналасқан жерлердегі қатпарлылық әлсіздеу болып білінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет