Оқушылардың республикалық олимпиадасына іріктеу (аудандық кезең) ІІ тур
9 - сынып
(Қазақ тілі мен әдебиеті)
Екінші турға бірінші турға қойылатын ұпайдың кемінде жартысын (25ұпай) жинаған оқушылар қатыса алады. Екінші турға қатысушыларға қазақ тілі мен әдебиеттен 5 сұрақ қойылады.
Екінші турдың сұрақтарына берілген жауаптарды бағалау тәртібі:
Әр сұраққа қойылатын ең жоғарғы баға – 10 ұпай, бағалау мынадай критерийлерге негізделеді:
9-10 ұпай–жауабы ерекше, жауап барысында мектеп бағдарламасынан тыс мәліметтер мен деректерді келтіре отырып, терең білім алғанын байқатады; 7-8 ұпай – сұраққа толық жауап беріледі, кейбір қосымша мәліметтер келтіре білді; 5-6 ұпай – жауап барынша толық болмады, терминдерді түсіндіруде, анықтамалар мен ережелерді айтуда, сөйлем талдауда кейбір қателер кездесті; 3-4 ұпай – жауабы толық емес, дөрекі қателер кетті; 1-2 ұпай - сұраққа жауаптың қатысы жоқ, нақты емес. Екінші турдан оқушының жинайтын ең жоғары ұпай – 50. Олимпиаданың екі турынан да жоғары ұпай ала білген оқушы 100 ұпай жинауға мүмкіндігі бар.
а) Дұрыс сөйлей, дұрыс жаза білудің шарттары туралы айтыңыз.
ә) Ауызекі сөзге ерекшелік беріп тұратын лексикалық тұлғалар туралы айтыңыз. Мысал келтіріңіз.
4.
Қазақ тілі
а) Сабақтас құрамалас сөйлемнің жасалу жолдарына тоқталыңыз. Мысал келтіріңіз
ә) Сын есімнің түрленуі туралы айтыңыз. Мысал келтіріңіз.