Екінші турға бірінші турға қойылатын ұпайдың кемінде жартысын (25ұпай) жинаған оқушылар қатыса алады. Екінші турға қатысушыларға қазақ тілі мен әдебиеттен 5 сұрақ қойылады



бет1/4
Дата27.12.2022
өлшемі25,96 Kb.
#164635
  1   2   3   4
Байланысты:
ІІ тур 8-11-сынып
Құқық Перизат, Тест Русский язык 1 семестр В1-1

Оқушылардың республикалық олимпиадасына іріктеу (аудандық кезең)
ІІ тур
8 - сынып
(Қазақ тілі мен әдебиеті)


Екінші турға бірінші турға қойылатын ұпайдың кемінде жартысын (25ұпай) жинаған оқушылар қатыса алады. Екінші турға қатысушыларға қазақ тілі мен әдебиеттен 5 сұрақ қойылады.


Екінші турдың сұрақтарына берілген жауаптарды бағалау тәртібі:
Әр сұраққа қойылатын ең жоғарғы баға – 10 ұпай, бағалау мынадай критерийлерге негізделеді:
9-10 ұпай–жауабы ерекше, жауап барысында мектеп бағдарламасынан тыс мәліметтер мен деректерді келтіре отырып, терең білім алғанын байқатады;
7-8 ұпай – сұраққа толық жауап беріледі, кейбір қосымша мәліметтер келтіре білді;
5-6 ұпай – жауап барынша толық болмады, терминдерді түсіндіруде, анықтамалар мен ережелерді айтуда, сөйлем талдауда кейбір қателер кездесті;
3-4 ұпай – жауабы толық емес, дөрекі қателер кетті;
1-2 ұпай - сұраққа жауаптың қатысы жоқ, нақты емес.
Екінші турдан оқушының жинайтын ең жоғары ұпай – 50. Олимпиаданың екі турынан да жоғары ұпай ала білген оқушы 100 ұпай жинауға мүмкіндігі бар.





Пән атауы

Мазмұны

1

Қазақ әдебиеті

Көктемде құстар сайрайды,
Жарасып жердің қаймағы.
Құрт-құмырсқа ойнайды,
Іннен шығып еркінсіп.
Бұл үзінді қай туындыдан алынған? Тағы қандай еңбектерін білесің?

2.

Қазақ әдебиеті

а) Синекдоха. Көркем шығармадан мысал келтіріңіз.
ә) «Күлтегін» жыры мен «Оғыз қаған» жырын салыстырыңдар.

3.

Қазақ тілі

а) Екпін және оның түрлеріне тоқталыңыз. Мысал келтіріңіз.
ә) Үстеудің құрамдық түрлері туралы айтыңыз.

4.

Қазақ тілі

а) Сөз тіркесін білдіретін синтаксистік қатынастар туралы айтыңыз. Мысал келтіріңіз.
ә) Хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшеліктеріне тоқталыңыз. Мысал келтіріңіз.

5.

Тіл мәдениеті

Желтоқсанда үзілген жауқазындар.




  • Тапсырманың орындалу уақыты 90 минут



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет