Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тарихи сананы қалыптастырудағы рөлі Сақтаған Гүлсезім Еркінқызы



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі29,45 Kb.
#86761
1   2   3
Байланысты:
мақала Гулсезим
avtoref toktabay, 1240 distemelik Gulzhazira N 1201 rzhaubek 1179 yzy, втор.сырье
Конференцияға қатысу үшін өтініш

Сақтаған Гүлсезім Еркінқызы


М.Қ.Қозыбaев aтындaғы CҚМУ, Тapих, экономикa және құқық фaкультеті, «тapих» мaмaндығының 4 куpc cтуденті
Студент
Петропавл қ., Бостандық к. 1/597
8 7474 367 62 11,
g.saktagan@mail.ru
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тарихи сананы қалыптастырудағы рөлі Сақтаған Гүлсезім Еркінқызы

Тарих, экономика және құқықтың өзекті мәселелері


Күні________________________________________ Қолы__________________________

М.Қ.Қозыбaев aтындaғы CҚМУ, Тapих, экономикa және құқық фaкультеті, «тapих» мaмaндығының 4 куpc cтуденті Сақтаған Гүлсезім Еркінқызы


Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тарихи сананы қалыптастырудағы рөлі aтты мaқaлacынa

ПІКІP
1995 жылы Президенттің тапсырмасымен Президент жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық Кеңестің «Қазақстанда тарихи сананы қалыптастыру» тұжырымдамасы қабылданды. Елабсымыз өз тұжырымдамасында : « Қазіргі заман талабына сай, бойында ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, парасатты ұрпақ тәрбиелеу, отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті»- дей отырып жас ұрпақтың бойында ұлттық сананы қалыптастырудың маңызды екенін атап көрсетті. Қазақстанда тариха сана тақырыбының көтерілуі тәуелсіздіктен кейінгі ұлттық сананың жаппай оянуы, тарихи ақтаңдақтарды қалпына келтіру, тарихи әділеттікті орнату үдерістерімен байланыстырылады. Халқымыздың аңсаған арманының жүзеге асуы барысында ұлттық тіл мен діл, дін жаңғырды. Тек тәуелсіздік тұсында ғана халық өз тарихы мен тағдырына бет бұруға мүмкіндік алды. Қазақстандық қоғамның әлеуметтік-мәдени өмірінде тарихи сананы жаңғыртып қалыптастыру тәрізді маңызды міндетті іске асыруда біздің мемлекетіміз бірқатар маңызды шараларды атқарды. Айта кететін болсақ, 1997 жылдың «Қоғамдық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» жылы болып жариялануы, 1998 жылдың «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп аталуы, ғасырлар тоғысындағы 2000 жылдың «Мәдениетті қолдау жылы» деп жариялануы, 2004 жылдан бастап «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы нәтижесінде тарихи зерде жаңғырып, санамыз оянғандай болды.
Қазіргі таңда ұлттық тарихымыз кеңінен талқыға түсіп, жаңа өзгертулер мен жаңалықтар келуде. Соның ішінде тарихи сананы қалыптастыру мақсатындағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамалары көптеген мәдени, тарихи жетістіктерге жетуімізге жол ашты. Мемлекеттің ұлттық тарихты жаңғырту мен зерделеу мақсатында қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы ұлттық тарихымызды ұлықтауда зор жұмыстар атқарды. Жалпы, Елбасының қай бастамасын алып қарасақ, оның тарихи сананы қалыптастыру мен жаңғыртуда рөлінің ереше екендігін түсінуге болды. Себебі қазіргі таңда жас ұрпақтың бойында тарихи сананы ояту , тарихи құндылықтармызды қадірлеу, тарихи білімділіктерін қалыптастыру ең өзекті мәселелердің бірі деп айтуға болады. Сондықтанда бұл тақырыпты зерттеп, зерделеу қоғамға қажетті, құнды болып табылады. Гүлсезім бұл ғылыми мақаласын жұмысын талапқа сой орындай отырып, өз ойын дәл, нақты жеткізе білген, сонымен қатар мәліметтерді тақырыпқа сай тиімді пайдаланған. Тақырыпты кең көлемде қамти отырып, өз мақсатына жеткен. Тақырыптың маңыздылығын ашып көрсеткен. Студент Гүлсезімнің бұл мақаласы өте жақсы ғылыми тұрғыдан талданып, жан-жақты жазылған деуге болады. Ғылыми мақаланың тақырыбы сәтті таңдалған. Бүгінгі қоғам үшін өте өзекті тақырып. Жүйелі, мазмұны мен материалдарды байланыстыра отырып, жан-жақты ашуға тырысқан.
Ғылыми жетекшісі

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ


ҚТжӘГП кафедрасы, профессор,т.ғ.к., доцент Картова Зәуре Кеңесовна

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет