Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор.
Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу.
Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор.
Үшіншіден, біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет.
Қазіргі таңда білім беру жүйесінің негізгі міндеті баланың рухани және тәндік мүмкіндігін дамыту, оны оқыту, тәрбиелеу мен өзіндік қабілетінің дамуына жағдай жасау.
Қоғам алдындағы тұрған негізгі мақсаттардың бірі – білім беру жүйесін түбегейлі жаңарту және білім берудің жаңа үлгісін таңдау.
Қазіргі кезеңдегі мектеп әрбір балаға адам ретінде қарап, өзіне тән ой өрісі, еркі, әрекет жасайтын қабілеті бар, батыл пікір айта алатын тұлға екенін ескере отырып
тәрбиелеуге бет бұрды.
Қазіргі ғылым мен техниканың қарқынды дамуы мұғалімдердің шығармашылықпен, ғылыми зерттеу бағыттарында жұмыс жүргізу керектігін көрсетіп отыр. Тәуелсіздік туы желбіреген мемлекетіміздің ертеңі, ел тізгінін ұстар азаматы – бүгінгі білімді шәкірт екендігіне еш күмән жоқ.
Ал, білімді шәкірт – білімді ұстаздың жемісі.
Мұғалімнің шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі – әдістеме саласындағы ғылыми жаңалықтар
мен озық тәжірибені меңгеру, игеру.
Сапалы, тиімді, нәтижелі жүргізілген әрбір
сабақ – ұстаздың еңбегінің айғағы.
Сабақ баланың өмірінің бір кезеңі, оның өмір сүріп жатқан ортасы. Сабақ оның адамгершілік қасиетін, қызығушылығын, танымдылығын қалыптастырады. Мұғалім оқушыны қорқыту арқылы білім бермей, олардың жан дүниесіне кіре отырып сабақ өткізуі тиіс.
Заман талабы сабақта мұғалім мен оқушы арасында, бір - біріне деген сенімділік, сыйластық, достық қарым-қатынас қалыптастыру. Ол үшін оқытудың жаңа технологияларын жете меңгеріп қана қоймай, оқушы білімін бағалауда тиімді әдіс- тәсілдерді пайдаланған жөн.
Мұғалімнің ең басты міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған, жеке дарынды тұлға тәрбиелеу. Білім жоғары деңгейде беріліп, оқу-тәрбие ісі оқушылардың ой сезіміне әсер етуі тиіс. Оқытудың әр түрлі тәсілдерін пайдаланып, оқушылардың тақырыпты терең де жан-жақты түсінуіне жағдай жасап, өзбетімен жұмыс істеу арқылы білімін қалыптастыра білу мұғалім міндеті.
ҰБТ-ға дайындық бойынша мектептің мақсаты
1. Оқушылардың білімділігі мен біліктілігін бәсекеге сай халықаралық стандарт талаптарына қол жеткізу.
ҰБТ-ға дайындық бойынша мектептің міндеті
Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда пәндердің озық тәжірибелі мұғалімдердің тәжірибелерінен пайдалану.
ҰБТ-ға тиімді дайындау мақсатында қосымша сабақтарға білікті ұстаздарды тарту.
Парасат оқу орталығымен қарым-қатынаста болу.
ҰБТ-ға дайындау жұмыстарында ата-ана мектеп қарым-қатынасын нығайту.
№94 жалпы орта мектебінің 2014-2015 оқу жылына арналған дарынды оқушылармен