153 Ш. Есенов атындағы мектеп-лицейі жанындағы «Балауса» шағын тәрбие орталығының 2015-2016 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуы



бет1/2
Дата04.10.2020
өлшемі18,07 Kb.
#63948
  1   2

153 Ш. Есенов атындағы мектеп-лицейі жанындағы « Балауса» шағын тәрбие орталығының 2015-2016 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуы

Шағын орталық ұжымы жоспарлаған істе жақсы нәтижеге жету үшін,ата-аналармен тығыз байланыс орнатуды алға мақсат етіп қойған.Қыркүйек айында ата-аналар жиналысы шақырылып, шағын орталыққа қабылданған балалардың ата-аналарымен келісім шартқа отырып,ата-аналар комитетінің мүшелері сайланды.

«Тәрбие –тал бесіктен басталады» деген дана халқымыз.Демек,баланың қоғамға өзіндік пайдасын тигізер тұлға болып дамып жетілуіне бірден-бір ықпал ететін орын балабақша.Тек қана отбасындағы тәрбие баланың жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптасуына аздық етеді.Сондықтан бала дамуының негізгі баспалдағы деп біз ең алдымен балабақшадағы тәрбиені қалыптастыруымыз қажет.Осы орайда шағын орталықта «Балабақша –тәлім мен тәрбиенің орны» атты тақырыпта ата-аналармен дөңгелек үстел жүргізілді.Тақырыпқа байланысты ата-аналарға сауалдар беріліп,пікірлерімен балабақшадағы берілетін тәрбиеге ұсыныстары тыңдалды. Ата-аналар Ж.Айтуғанова , Г.Ақтаева, А.Жунусова, А.Сарбасова,Г.Доспанбетова,Д.Ибраймова,Ә.Бедерова, Г.Елібаева,А.Сейітовамен байланыс жасап,балаларды балабақшадан қалдырмау талап етілді. Тәрбиешілерге қыс мезгілінде балалармен жұмыс жасау ережелері қайталап таныстырылды.Балалардаң өмірін қорғау нұсқаулығын қайта оқып,қыс мезгіліндегі суықта,тайғақта баланы ықтияттап қабылдап, жылы киімдерін киіндіріп шығарып салуды қатаң қолға алу міндеттелді.Балалардың жеке портфолиоларын толықтыруға тапсырма берілді.

Қыс мерзіміне байланысты балаларды қысқы табиғатқа серуенге шығарып, қардан аққала жасатып, қысқы ойын түрлерін ойнатып, «қыс кереметтерімен» таныстырылды.Балалардың тамақтану тәртібіне бақылау жүргізіліп,тәрбиешімен тәрбиешінің көмекшісіне тамақтану кезіндегі тазалықты және тәртіпті сақтауға (балалардың тамақ ішу тәртібін реттеуді,орындықтарын дұрыс ұстауды, қасықты дұрыс пайдалануды ) ескерту жасалды.

Қатынас саласы бойынша тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен

21.01. «Ғажайып заттар» тақырыбында тәрбиеші М.Жартыбаева ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекет өтті. Бұл ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балалар көне заттармен жаңа заттарды алмастыра отырып,тапсырмалар орындады.

Қатынас саласы бойынша тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен

18.01. «Асханадағы ыдыс-аяқтар» тақырыбында тәрбиеші М.Абдреева ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өтті. Бұл ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балалар асханадағы ыдыстардың атауларымен танысып, ыдыс түрлерін пайдалана білуге дағдыланды.

2016 жылға жаңа ас мәзірін дайындап,бекітуге ұсынылды. Шағын орталық медбикесінің ұйымдастыруымен «Тұмаудың алдын-алу» тақырыбында ата-анамен түсіндірме жұмысы жүргізілді. Ата-анаға «Тұмаудан сақтану жолдарын » түсіндіріп, олардың сауалдарына жауап берді.

Балалардың жатын және ойын бөлмелерінің тазалығымен жылу көрсеткіштерін бақылап,төсеніштерді уақытылы тазалауды және әр баланың төсеніш реттілігін сақтау талап етілді. Жатын бөлменің жылу көрсеткішінің төмендігі жөнінде шаруашылық жөніндегі орынбасарға хабар берілді.

Күнделікті балалардың қатысуын қадағалап,олардың жеке бас гигиеналық тазалығын тексеріп, әр аптаның жұма күні шағын орталықтың ішіне санитарлық ағарту жұмыстары жүргізілді. Балалардың балабақшаға қатысуы қадағаланып, тәрбиешілерге ата-анамен байланыс жасап, баланы түгел қатыстыру ескертілді.Тәрбиеші көмекшілерінің балаларға тамақ тарату тәртібімен және балалардың тамақтану тәртіптеріне бақылаулар жасалынып, тазалықтары қадағаланды. Күнделікті балалардың жеке гигиеналық тазалықтары тексеріліп отырды.

Балабақшада тәрбиелеу мен оқыту процесінің сапасын жоғарылатып, нәтижеге жету үшін тәрбиеші өзінің тәжірибесін жетілдіріп отыру қажет. Осыған орай,әрі мектеппен байланыс ретінде сыныптардың сабақтарына , сыныптан тыс жұмыстарға ену талабының орындалу барысына бақылау жасалынды.Тәрбиешілерге әр айда кемінде сегіз ұйымдастырылған іс-әрекетіне ену керектігі ескертілді. Балалардың «Қыс кереметтері» тақырыбында салған суреттерінен көрме ұйымдастырылып, Рахматулла Көркем, Жарылқасынов Нұршат, Әбубәкір Мейірімжан жеңімпаз атанды. Әр баланың жұмыстары өз портфолиоларына салынды.

Баланы қызықтыру мақсатында «Баламен бетпе бет» ұйымдастырылған шараға барлық бала қамтылып,баланың шығармашылық қабілетін дамытатын сұрақтарға жауаптар алынып, өнерлерін байқап,сыйлықтар берілді.

Медбикенің ұйымдастырумен «Вирусты гипатиттен сақтан » тақырыбындағы санбюллетендер арқылы балаларға

Жатын және ойын бөлмелерінің жылуына бақылау жасалып,балалардың төсек орындарын далаға жайып,бөлмелердің ауасын тазартып, әр жұма күні ішке санитарлық

ағарту жұмыстары жүргізіліп отырды.

М .Абдреева шығармашылық білім саласынан «Келіңдер құстар» тақырыптарында ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өтіп, «біз құстарды қорғаймыз » тақырыбында балаларға құстар туралы әндер үйретті.

Тәрбиеші М.Жартыбаеваның ұйымдастыруымен «Жас ғарышкерлер» ұл балалардың арасында сайыс өтті. Сайыстың кіріспе бөлімінде ғарыш туралы түсінідіріліп, балаларды қазақ ғарышкерлерімен таныстырды. Келесі бөлімі сайыс . Сайыс 7 бөлімнен тұрды. 1.Ғарышкерлер туралы тақпақ айту. 2.Жұмбақ шешу. 3.Зымыранның суретін жапсыру. 4.Ғарышкердің киімін табу. 5.Зымыранның дұрыс жолын табу.6. «Кім ұшқыш ?» (Ұшақ ұшыру). 7. Зымыран құрастыру. Сайысқа 4 бала Нұршат, Дулат, Мейірімжан, Бекнұр қатысты. Сайыстың қорытындысында көп ұпай жинаған Бекнұр мен Нұршат қа сыйлықтар тапсырылды.

Сонымен бірге шағын орталықтың ауласын көгалдандыру жұмысы іске асырылды.Баллондарды орналастырып, ішіне шірік салып, гүл егу мен ауладағы ойын құралдары жөнделді. Бөлме гүлдерінің шіріктерін ауыстырып, сандары көбейтілді.

Медбике А. Балтабаева ата-аналарға «Қырым қанды конго безгегінен» сақтану жолдарына кеңес берді. Балаларға «Тазалық не үшін керек ?» , «Денсаулық күні » тақырыптарында түсіндірме жұмысын жүргізді. Әдіскер Л.Минасипова «Балаңыз мектепке дайын ба?» тақырыбында ата-аналардан сауалнамалар алып, шағын орталықпен қоштасу ертеңгілігі туралы әңгіме жүргізді. Шағын орталық қызметкерлеріне МАД –қа кететін балалардың орнына 4 – 5 жасар бала жинақтау жұмысы тапсырылды.

Жатын және ойын бөлмелерінің жылуына бақылау жасалып, балалардың төсек орындарын далаға жайып, бөлмелердің ауасын тазартып, әр жұма күні ішке санитарлық ағарту жұмыстары жүргізіліп отырды.

Л.Минасипова «Мектепке дейінгі балалардың ертегіге танымдық қызығушылық қабілеттерін арттыру» тақырыбындағы үйірме жұмысына келетін болсақ, халық ауыз әдебиетінің ішіндегі балалардың ең сүйіп тыңдайтыны-ертегілер.Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан-ұрпаққа ауызша да, жазбаша да жеткізіп отырған. Балалар ертегіні әңгімелеп бергеннен кейін сахнада ойнап және қуыршақ,саусақ театрлары арқылы көрсетіп ,сахналауға белсене араласады..Мыс: « Мақта қызбен мысық», « Бауырсақ»,

« Бір қазан сүт» ертегілерін рольге бөліп орындаса,ал, « Жолбарыс пен тышқан», «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегілерін сахналап, «Қожанасырдың тойға баруы» сияқты қойылымдарды қоюға балсене атсалысты.

Ата-анамен балабақша арасындағы тығыз қарым –қатынас,бірлік,ынтымақ жарасым тапқан жағдайда бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ. « Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей балабақша ұжымының осы талаптарды орындау мақсатында іс-тәжірибеде мектепке дейінгі жастағы балалардың отбасымен біріге отырып,жұмыс жүргізу өз нәтижесін беруде.Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар бекітіліп,жүргізілген жұмыстарға, ата-аналар арасындағы сайыстарға,тренингтер мен алынған сауалнамаларға анықтамалар жазылып,өтілген ата-аналар жиналысының хаттамалары толтырылған.Мысалы: «Менің баламның бойындағы қасиеттер», «Балабақша –тәлім мен тәрбиенің орны» атты тренингтер, «Балаңыз мектепке дайын ба ?» атты сауалнамалар, «Отбасы ұлағат ұясы» атты отбасылық сайысы болып өтті.

Тәрбиешілердің жетістігі :


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет