Ферменттердің жіктелуі:
Оксиредуктаза - электрондардың тасымалын катализдейді, тотығу-тотықсыздану реакциялары. Мысалы, каталаза ферменті.
Трансфераза - функционалды топтардың және молекулалық қалдықтардың бір қосылыстан екінші қосылысқа тасымалдайды. Мысалы, фосфотрансфераза, аминотрансфераза.
Гидролаза - гидролитикалық ыдырау реакция жылдамдығын жылдамтады. Мысалы, пепсин, мальтаза т.б.
Лиазалар – молекулалар арасындағы химиялық байланыстарды гидролиз реакциясыз катализдейді,бір өнімнің ішінде қос байланысты түзеді. Субстратты ыдыратады және жаңа өнімді синтездейді.
Изомеразалар – бір субстрат молекуласының құрылымдық немесе кеңістіктік өзгерістерді катализдейді, изомерлі формалар түзіледі.
Лигазалар – синтез раекцияларын жылдамдатады, энергияңа бай байланыстарды ыдыратады.Изомеразалар – бір субстрат молекуласының құрылымдық немесе кеңістіктік өзгерістерді катализдейді, изомерлі формалар түзіледі.
Ферменттер құрылыс бойынша: біркомпонентті және екікомпонентті бөліп бөлінеді. Біркомпонентті фермент тек нәруыздан құралады, ал екікомпонентті фермент нәруызды және нәруызды емес бөліктер кіреді. Нәруызды бөлікті апофермент деп атайды, ал нәруызды емес бөлікті кофермент деп атайды. Коферменттердің рөлін: В1,В2,В5,В6 және т.б. витаминдер ойнай алады.
Катализдеу реакциясының түрі бойынша ферменттер 6 топқа жіктеледі : оксидоредуктаза, гидролаза, трансфераза, лиаза, изомераза, лигаза
Оксидоредуктаза – ферменттер реакцияны катализдейді, онда субстрат атомдарды қабылдайды немесе береді, Н және Оатомдарын немесе электрондарды бір заттан екінші затқа тасымалдайды.(дегидрогеназа, оксидаза .) Оксидазалар сутек акцепторы ретінде ауаның молекулалық оттегін пайдаланып белгілі субстрат жағдайында оныц сутегін жоғалтуға қабілетті ферменттер тобын айтады. Оксидазалар екі топқа бөлінеді: 1) тотықсызданған молекулалық оттегін суға дейін катал іздейді, 2) сутек асқын оксидіне дейін катализдейді. Осыларға кіретін ферменттердің барлығы да күрделі белоктарға жатады, ал олардың простетикалық топтарында ауыр металдар (Fe, Cu және т.б.) кездеседі. Простетикалық топтардын металдары тотыққанда және тотықсызданғанда валенттігін өзгертіп электрондарын молекулалык оттегіне бере отырып, сондай-ак тотығатын заттан оларды қайта қабылдап та ала алады. Оксидазалар жануарлармен өсімдіктер ұлпаларында көп кездеседі. Мысалы, полифенолоксидаза ферменті картоптар мен саңырауқүлақтардан бөлініп алынған. Пирогаллол, гваяк шайыры, полифенолдар және т.б. осы ферменттер аркылы тотығады. Бұл ферменттер тобында неғұрлым жаксы зерттелгендеріне мыналар жатады: Катехолоксидаза (тирозиназа), цитохромоксидаза, ксантиноксидаза, аскорбатоксидаза және т.б.
Гидролаза –Гидролиз реакцияларына қатысады ,реакция нәтижесінде бір субстраттан екі өнім пайда болады .Мысалы :липаза, пептидаза, амилаза.Гидролитикалық ферменттер суға қосады.
Трансфераза – … топты алмастыратын фермент .белгілі бір атомның топтарын тасымалдайды: фосфат тобы, амин тобы,метил топтарын. Мысалы мына ферменттер : трансаминаза, киназа .
Лиаза - субстраттан атом топтарын тартып алу немесе қосып алу. Мысалы: декарбоксилаза,фумараза,альдола
Изомераза - Молекула ішінде өзгерістер жасайды.Олар :изомераза, мутаза.
Лигаза – Екі молекуланың бірігіуін катализдейтін фермент .Екі молекуланы қосып алады, нәтижесінде жаңа байланыс пайда болады .Мысалы : фосфатаза.
Достарыңызбен бөлісу: |