Мультиферменттік комплексі.
Организмде кейбір жағдайларда метаболизм процестерінің өнімді жүруін қамтамасыз ету үшін, кейбір жеке ферменттер өзара сәйкесіп немесе бірлесіп белгілі бір мультиферменттік комплекс құрайды. Мультиферменттік жүйеде бір ферменттің реакция өнімі басқа бір ферменттің субстраты бола алады немесе бірнеше ферменттер бір субстратқа белгілі бір ретпен әсер етіп, түрлі реакцияларды жүргізеді. Осы екі ережені негізге ала отырып, мультиферменттік жүйені келесі 3 түрге бөлуге болады:
А)Кейбір мультифермент комплексінде жеке ферменттер белгілі бір ретпен бірігіп комплекс түзеді. Сол себепті комплекс бұзылса, фермент активтілігі де жойылады. Бұл түрдегі мультифермент комплексіне 3 ферменттен тұратын кетоқышқылдарының (питуват, кетоглутарат) декарбоксилазалары және 7 ферменттен тұратын май қышқылының синтетазалары жатады.
Б)Кейбір мультиферменттік комплексте жеке ферменттер клетка немесе органеллалар мембранасымен байланысқан күйде болады. Мысалы, тыныс алу тізбегінің ферменттері белгілі бір ретпен митохондрия мембранасымен байланысып, сутегін субстраттан оттегінетасымалдайды,алальдолаза,триозофосфатизомераза, фосфоглицеринальдегидрогеназа т.б. бұлшық ет тканіндегі актин белогымен белгілі ретпен байланысып, глюкозаның анаэробты гидролизін қамтамасыз етеді.
В)Көптеген жағдайларда жеке ферменттер цитозол немесе митохондрия матриксінде еріген бос күйінде болады, белгілі бір комплекс түзбейді. Алайда олардың барлығы бір субстратқа А,В,С ретімен әсер етеді. Олардың метаболиттік аралық өнімдері еркін диффузиялана алады.
Қорытынды
Қорытындылай келе, тірі организмде жүретін барлық процестер ферменттердің қатысуымен атқарылады. Олардың әсерімен қорек құрамындан күрделі заттар қарапайым қосылыстарға ыдырап, соңынан олардан осы организмге тән макромолекулалар түзіледі. Ферменттерге өте зор талғамдылық қасиет тән. Әр фермент тек белгілі бір затқа, белгілі бір байланыс түріне әсер етеді.Қоректік заттардың ыдырау процесі дұрыс жүру үшін фермент беткейіне жинақталған субстраттар молекулаларының белгілі аудандары бірбірімен жанасуы керек, демек олар біріне-бірі бағдарлануы керек. Ферменттердің осындай бағдарлау әрекетінің әсерінен қоректік заттардың ыдырау процесі мыңдаған есеге шапшандайды.
Пайдаланылған әдебиеттер
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A4%D0%B5%D1%80%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D1%82%D1%82%D0%B5%D1%80
Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X
Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы. –Алматы:«Ана тілі», 1993.
Сейтембетова А.Ж., Лиходий С.С. Биологиялық химия. –Алматы:«Білім», 1994.
Сеитов З.С. Биохимия.– Алматы: «Қазақ университеті», 2001.
Достарыңызбен бөлісу: |