Істей алулары керек:
-
Бөлімнің негізгі міндеттерін физикалық шамалардың ретін бағалай білу;
-
атом ядролары мен элементар бөлшектердің қасиеттері мен ядролық сәулелердің затпен әсерлесуі, кванттық ұғымдар мен релятивистік түсініктер бойынша сапалы түрде қолдану.
ГЛОССАРИЙ
-
Физика – материаның қарапайым және жалпы формаларының қозғалысы және олардың өзара өзгеруі жайындағы ғылым, ол дәл ғылымдар қатарына жатады және бізді қоршаған ортадағы процестер мен құбылыстардың сандық заңдылықтарын оқытады.
-
Физиканы оқыту әдістемесі – физиканы оқытудың дидактикалық принциптерінің қосымшасы болып табылатын педагогикалық ғылым.
-
Физиканы оқыту пәні – физиканы оқыту процесінде оқушыларды дамыту мен тәрбиелеудегі, физиканы оқытудың теориясы мен практикасы.
-
Физиканы оқыту әдістемесінің міндеттері - үш сұрақтың жауабын іздеу: неге оқытамыз, нені оқытамыз және қалай оқытамыз.
-
Достарыңызбен бөлісу: |