Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зиаткерлік мектебі Бейсеков Ж, Касымбекова Н. Ж



бет10/83
Дата26.04.2023
өлшемі0,79 Mb.
#175493
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   83
Байланысты:
Физика-математика ба ытында ы Назарбаев Зиаткерлік мектебі Бейсе
bzhb kazastan-tarihy 6-kaz, bzhb kazastan-tarihy 6-kaz
C) 12км/сағ және 18 км/сағ; D) 14км/сағ және 21 км/сағ;
E) 16км/сағ және 24 км/сағ.
36. Қаладан ауылға дейінгі жолды автомобиль 2,5 сағатта жүреді. Егер ол жылдамдығын 20км/сағ арттырса, онда ол 2 сағ ішінде қаладан ауылға дейінгі қашықтықтан 15км артық жол жүреді. Осы ара қашықтықты табыңыз.
A) 115км; B) 120км; C) 125км; D) 130км; E) 135км.
37. Порттан бір мезгілде екі катер шығып, бірі оңтүстікке, ал екіншісі солтүстікке қарай кетті. 3 сағаттан кейін олардың ара қашықтығы 96 км болды. Егер бірінші катердің жылдамдығы екіншісіне қарағанда 10км/сағ артық болса, онда бірінші катердің жылдамдығын табыңыз.
A) 18км/сағ; B) 19км/сағ; C) 20км/сағ; D) 21км/сағ; E) 22км/сағ.
38. Моторлы қайық өзен ағысымен жүзгендегі жолға 3сағ, ал ағысқа қарсы жүзгендегі сол жолға 5 сағ уақыт жұмсады. Өзен ағысының жылдамдығы 10 км/сағ болса, қайықтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз.
A) 36км/сағ; B) 38км/сағ; C) 40км/сағ; D) 42км/сағ; E) 44км/сағ.
39. Поезд кесте бойынша екі пункттің арасын 7 сағ-та жүріп өтеді. 6 сағ өткен соң поезд өзінің жылдамдығын 10 км/сағ кемітіп, соңғы пунктке 10 минут кешігіп келді. Поездың алғашқы жылдамдығын табыңыз.
A) 64км/сағ; B) 66км/сағ; C) 68км/сағ; D) 70км/сағ; E) 72км/сағ.
40. Арасы 20 км А мен В қалаларынан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы шыққан екі жаяу адамның біріншісі екіншісіне қарағанда сағатына 1 км артық жүріп отырды, сондықтан ол екінші жаяу адамның А қаласына жеткен уақытына қарағанда, В қаласына 60 минут бұрын келді. Бұлардың әрқайсысы сағатына неше километрден жүріп отырды?
A) 5км/сағ, 4км/сағ; B) 6км/сағ, 5км/сағ; C) 7км/сағ, 6км/сағ;
D) 8км/сағ, 7км/сағ; E) 9км/сағ, 8км/сағ.
41. А қаласынан В қаласына қарай велосипедші мен мотоциклші шықты. Велосипедшінің жылдамдығы мотоциклшіге қарағанда 10 км/сағ кем болғандықтан, ол барлық жолға 6 сағ артық уақыт жіберді. Егер бұл екі қаласының арасы 120 км болса, мотоциклші қандай жылдамдықпен жүрді?
A) 18км/сағ; B) 20км/сағ; C) 22км/сағ; D) 24км/сағ; E) 25км/сағ.
42. Товар поезы жолда 18 минут кідіріп қалды да, мұның есесіне келесі 60 км аралықты кестедегі жылдамдығынан сағатына 10 км артық жүріп отырды. Поездың алғашқы (кестедегі) жылдамдығы қандай еді?
A) 40км/сағ; B) 45км/сағ; C) 50км/сағ; D) 55км/сағ; E) 60км/сағ.
43. Мотоциклші А пунктінен В пунктіне жету үшін 40 км жол жүрді. Кері қайтқанда алғашқысына қарағанда 10 км/сағ кем жүріп отырып, ол жолға 20 минут артық уақыт жіберді. Мотоциклшінің алғашқы жылдамдығын табыңыз.
A) 30км/сағ; B) 35км/сағ; C) 40км/сағ; D) 45км/сағ; E) 50км/сағ.
44. Жаяу адам 12 км жолды белгілі бір уақыт ішінде жүруге тиіс еді, бірақ ол 1 сағ кешігіп шықты да, сондықтан ол тиісті жеріне мерзімінде жету үшін жылдамдығын 1км/сағ-қа арттырды. Жаяу адам қандай жылдамдықпен жүрді?
A) 4км/сағ; B) 5км/сағ; C) 6км/сағ; D) 7км/сағ; E) 8км/сағ.
45. Моторлы қайық өзен ағысымен 10 км және ағысқа қарсы 15 км жол жүрді, барлық жолға 1сағ 10мин уақыт жіберді. Егер өзен ағысының жылдамдығы 2км/сағ болса, қайықтың өзен ағысымен жүргендегі жылдамдығы қандай?
A) 18км/сағ; B) 20км/сағ; C) 22км/сағ; D) 24км/сағ; E) 26км/сағ.
46. Моторлы қайық өзен ағысымен 20 км, ал өзен ағысына қарсы 30 км жүзді де, барлық жолға 6 сағ 40 мин уақыт жіберді. Өзен ағысының жылдамдығы 3км/сағ болса, қайықтың ағынсыз судағы жылдамдығы қандай болған?
A) 6км/сағ; B) 7км/сағ; C) 8км/сағ; D) 9км/сағ; E) 10км/сағ.
47. Екі пристанның ара қашықтығы 24 км-ге тең. Бұл аралықты катер төмен қарай өзен ағысымен жүргенде, кері бағытқа қарағанда 30 мин тез жүріп өтеді. Өзен ағысының жылдамдығы 2км/сағ болса, катердің меншікті (тынық судағы) жылдамдығын табыңыз.
A) 10км/сағ; B) 12км/сағ; C) 14км/сағ; D) 16км/сағ; E) 18км/сағ.
48. Автомобиль жолда кешіккен 0,2сағ уақытын өтеу үшін, 60 км аралықты бұрынғысына қарағанда 15 км/сағ артық жылдамдықпен жүріп өтті. Автомобильдің бастапқы жылдамдығы қандай?
A) 50км/сағ; B) 55км/сағ; C) 60км/сағ; D) 65км/сағ; E) 70км/сағ.
49. Велосипедші қаладан турбазаға дейінгі 10 км жолды белгілі бір жылдамдықпен жүріп өтті. Кері қайтқанда ол жылдамдығын 5км/сағ-қа кемітті. Барлық жолға барып қайтуға ол 1сағ 10мин уақыт жіберді. Велосипедші турбазадан қалаға дейін қандай жылдамдықпен жүрді?
A) 10км/сағ; B) 12км/сағ; C) 14км/сағ; D) 15км/сағ; E) 16км/сағ.
50. Ара қашықтығы 462 км екі қаладан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі машина шықты. Біреуінің жылдамдығы 86 км/сағ, ал екіншісінікі 68 км/сағ болса, онда 2 сағаттан кейін олардың ара қашықтығы қанша болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   83




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет