Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зиаткерлік мектебі Бейсеков Ж, Касымбекова Н. Ж



бет1/83
Дата26.04.2023
өлшемі0,79 Mb.
#175493
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Байланысты:
Физика-математика ба ытында ы Назарбаев Зиаткерлік мектебі Бейсе
bzhb kazastan-tarihy 6-kaz, bzhb kazastan-tarihy 6-kaz


Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зиаткерлік мектебі
Бейсеков Ж, Касымбекова Н.Ж.


Мәтіндік есептерге тест тапсырмалары
Жалпы білім беретін орта мектептің
9 – сыныбына арналған

ШЫМКЕНТ 2013

Бейсеков Ж, Касымбекова Н.Ж.


Мәтіндік есептерге тест тапсырмалары. Жалпы білім беретін орта мектептің
9 – сыныбына арналған. / 1-басылым – Шымкент: 2013 - 107 бет.

Жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбында оқушыларды математикадан тестке даярлауға арналған. Әдістемелік құралда мәтіндік есептердің түрлері толық қамтылған, олар дайындалуға ыңғайлы болу үшін бірнеше тақырыптарға бөлінген. Әрбір тақырыптың алдында есеп шығару үшін қажетті теориялық мәліметтер, яғни мектептегі математика курсының негізгі формулалары анықтамалық материал ретінде берілген. Одан кейін сол тақырыптың есептерін шешудің негізгі тәсілдері мысалдар арқылы шығарылып көрсетілген.


Әдістемелік құрал тестке өз бетінше даярлануды және білімін арттыруды мақсат еткен әрбір оқырмандарға, жоғары сынып оқушылары мен мектеп мұғалімдеріне арналған.


Алғы сөз

Жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбында оқушыларды математикадан тестке даярлауға арналған. Мәтіндік есептер оқушының математикалық ойын ұштайды, шығармашылық ойлауын және интеллектуалдық қабілетін қалыптастырады. Бұл әдістемелік құралда сабақ өту барысында оқушының шығармашылық қасиеттері мен зерттеушілік дағдыларын қалыптастыратын мектеп бағдарламасында берілген кейбір тақырыптар, сонымен бірге мектепте математика курсында қамтылмаған қосымша тақырыптар, стандартты емес есептерді шығару тәсілдері де қарастырылған.


Әдістемелік құралда мәтіндік есептердің түрлері толық қамтылған, олар дайындалуға ыңғайлы болу үшін бірнеше тақырыптарға бөлінген. Әрбір тақырып алдында сол тақырыпқа берілген есептерді шығаруға қажетті теориялық материалдар көрсетіліп, сол арқылы қажетті нақты математикалық білімді меңгеруді, интеллекті дамытуды, математикалық іс-әрекетке тән және қоғамда толыққанды қызмет етуге қажетті ойлау сапасын қалыптастыруға мол мүмкіндіктер береді. Сонымен бірге стандартты емес есептерді шығарудың дайын тәсілдерін үйретумен қатар, өз бетінше ойланып, кез келген мәселені шығармашылық тұрғыдан шешуге ұмтылуы, ғылыми тұрғыдан қалыпты емес ойлауға баулиды. Одан кейін сол тақырыптың есептерін шешудің негізгі тәсілдері мысалдар арқылы шығарылып көрсетілген. Сонымен қатар, осы тақырыптың есептері әр түрлі деңгейде олардың дайындық дәрежесіне қарай үш топқа А,В,С бөлінген.
Әдістемелік құрал тестке өз бетінше даярлануды және білімін арттыруды мақсат еткен әрбір оқырмандарға, жоғары сынып оқушылары мен мектеп мұғалімдеріне арналған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет