Г. Д. Рыскелдиева М. Т. Иманбаева С.Қайыпжанқызы



бет8/230
Дата07.02.2022
өлшемі1,83 Mb.
#90146
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   230
Байланысты:
мұғалім кітабы 8 сын әдеб
8 сынып. ктпdocx, 8 сынып. ктпdocx
Сюжеттің басталуы – оның кіріспесі іспетті; мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпес бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі.
Сюжеттік байланыс – адамдар арасындағы әрекеттің басы, тартыстың басталуы іспетті, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі секілді.
Шиеленісуі – оқиғаның, адамдар арасындағы қимыл-әрекеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері.
Шарықтау шегі: шығармадағы тартыстың өрістеп шыққан биігі.
Шығарманың шешімі – суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығынан шығарған «үкімі»; адамдар арасындағы қарама-қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі; түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты нәтиже; оқиғаға қатысушылардың ең ақырғы хал-күйі; күллі құбылыс – көріністердің соңғы сахнасы.
Эпилог көркем шығарманы қорытындылайтын компонент. Эпилог негізгі оқиға желісінен бөлек тұрса да, авторлық идеяны толықтыра түсіп, шығарманың басты кейіпкерлерінің жайынан қысқаша мәлімет береді, олардың кейінгі іс-әрекетінің жалғасын көрсетеді.
11. Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі
Көркем бейне – көркем шығармада жинақталған түрде суреттелетін өмір құбылысының нақтылы көрініс қалпы, кейіпкердің көркем ой елегінен өткізіп, қортындылап жасалған тұлға бейнесі.
Жинақтау жалпылық қаситтерді топшылап, түйіндеу (типтендіру).
Даралау жекелік қасиет-белгілерді нақтылы түрде көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   230




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет