Г. Д. Рыскелдиева М. Т. Иманбаева С.Қайыпжанқызы



бет1/230
Дата07.02.2022
өлшемі1,83 Mb.
#90146
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   230
Байланысты:
мұғалім кітабы 8 сын әдеб
8 сынып. ктпdocx, 8 сынып. ктпdocx


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі




Г.Д.Рыскелдиева
М.Т.Иманбаева
С.Қайыпжанқызы


ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Мұғалім кітабы
Жалпы білім беретін мектептің 8-сынып
мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал

(МАКЕТ)
8



Рыскелдиева Г.Д. ж.б.


Қазақ әдебиеті: мұғалім кітабы. Жалпы білім беретін мектептің 8-сынып мұғалімдеріне арналған
әдістемелік құрал. / Г.Д.Рыскелдиева, М.Д.Иманбаева, С.Қайыпжанқызы. – Астана: «Арман-ПВ» баспасы, 2018. 186 бет.
«Қазақ әдебиеті» оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіретін «Мұғалім кітабына» ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспар, жаңа педогогикалық технологиямен жазылған сабақ жоспарлары (қысқа мерзімді жоспар)
енгізілді.
© Рыскелдиева Г.Д.,
Иманбаева М.Д.,
Қайыпжанқызы С., 2018
© «Арман-ПВ» баспасы, 2018


АЛҒЫ СӨЗ

Құрметті әріптестер! Қолдарыңызға алып отырған «Қазақ әдебиеті» мұғалім кітабы «шиыршық» қағидаты негізінде жасалған жаңартылған бағдарламаны басшылыққа алды. Ол дегеніміз – әр оқу мақсатының жыл сайын қайталанып, тереңдетіліп оқытылуы.


«Қазақ әдебиеті» пәні бағдарламасы үш негізгі дағдыны басшылыққа алады, қалыптастыруды көздейді. Бірінші дағды – түсіну және жауап беру (ТЖ), екінші дағды – анализ және интерпретация (AИ), үшінші дағды – бағалау және салыстырмалы анализ (БС).
Әр сынып бойынша дағдыларды қалыптастырып, дамыту үшін оқу мақсаттарының жүйесі берілген. Сондықтан бағдарлама мен құралда берілген оқу мақсаттарының жүйесін мұғалім әркез қарап, зерделеп жүруі тиіс. Ұзақ мерзімді жоспар күнтізбелік-тақырыптық жоспар жасауға негіз болады. Әр тоқсандағы оқу мақсаттарының комбинациясын пайдалануда мұғалімге ерік беріледі. Осы жоспарлар негізінде орта, қысқа мерзімді жоспарлар жасалады.
Жалпы жаңартылған бағдарлама оқушылардың ақыл-ой қабілеті мен тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына, тілдік-эстетикалық талғамдарының дамуына, коммуникативтік құзыреттіліктерін жетілдірудің іргетасын қалап, өмірлік дағдыларын шыңдауына, өздігінен білім алуларына мүмкіндік туғызуды, оқушыларды креативті ойлауға бағыттауды мақсат етеді.
Мақсаттарды жүзеге асырудағы маңызды фактор оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруін мұғалімнің түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Себебі оқу бағдарламасы бұл үдеріске оқушының өзінің қатысуын талап етеді. Осылайша оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімнің сабақта қолайлы орта туғызуға мән беруі, топтық, жұптық, жеке жұмыстарды үйлестіре білуі маңызды.
8-сыныпта 18 көркем шығарманы толық оқуды және жан-жақты талдауды міндеттеп отыр. Ол оқушылардың әдеби көркем туындыдағы автордың идеясын толық түсінуге, Блумның толық меңгерту теориясына сай әдеби негізде талдай алуға және оқырмандық қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бағдарламаға классикалық шығармалармен бірге заманауи шығармалар да енгізілген. Бұл
90-жылдардан бері қаламдарын шыңдап келе жатқан ақындар мен жазушылардың туындыларымен танысуға мүмкіндік береді.
Құралда берілген күнтізбелік-тақырыптық, орта, қысқа мерзімді жоспарлар үлгі ретінде ғана ұсынылады. Мұғалім сыныптың ерекшелігіне қарай өзгертіп, түрлендіріп, оқу мақсатына сай мазмұнын байытып қолдана беруіне болады. Кейбір оқу мақсаттарына берілген талдаулар мұғалімге көмек ретінде ұсынылады. Іске сәт, әріптестер!



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   230




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет