Генетика негіздері



бет10/11
Дата13.11.2023
өлшемі3,77 Mb.
#191186
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
лекция 1 генетика

Молекулалық-генетикалық әдіс. Молекулалық деңгейдегі генетикалық зерттеулердің негізгі объектілері – тұқым қуалайтын ақпаратты сақтауды, беруді және жүзеге асыруды қамтамасыз ететін нуклеин қышқылдарының молекулалары ДНҚ және РНҚ болып табылады. Вирустардың, бактериялардың, саңырауқұлақтардың нуклеин қышқылдарын, ағзадан тыс өсірілетін (in vitro) өсімдіктер мен жануарлар жасушаларын зерттеу; жасуша мен ағзаның тіршілік әрекеті процесінде гендердің әсер ету заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.

  • Молекулалық-генетикалық әдіс. Молекулалық деңгейдегі генетикалық зерттеулердің негізгі объектілері – тұқым қуалайтын ақпаратты сақтауды, беруді және жүзеге асыруды қамтамасыз ететін нуклеин қышқылдарының молекулалары ДНҚ және РНҚ болып табылады. Вирустардың, бактериялардың, саңырауқұлақтардың нуклеин қышқылдарын, ағзадан тыс өсірілетін (in vitro) өсімдіктер мен жануарлар жасушаларын зерттеу; жасуша мен ағзаның тіршілік әрекеті процесінде гендердің әсер ету заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.
  • Онтогенетикалық (феногенетикалық) әдіс гендер мен қоршаған орта жағдайларының онтогенезде зерттелетін қасиеттер мен белгілердің дамуына әсер ету дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Жануарларды ұстау және қоректендіру жағдайларының өзгеруі тұқым қуалайтын белгілер мен қасиеттердің онтогенезінде көріну сипатына әсер етеді.

Популяция әдісі популяциялардағы тұқым қуалау құбылыстарын зерттеуде қолданылады. Бұл әдіс сол белгілі бір белгіні анықтайтын басымды және рецессивті аллельдердің жиілігін, басымды және рецессивті гомозиготалар мен гетерозиготалардың жиілігін, мутация, оқшаулау және іріктеу әсерінен популяциялардың генетикалық құрылымының динамикасын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс қазіргі заманғы жануарларды өсірудің теориялық негізі болып табылады.

  • Популяция әдісі популяциялардағы тұқым қуалау құбылыстарын зерттеуде қолданылады. Бұл әдіс сол белгілі бір белгіні анықтайтын басымды және рецессивті аллельдердің жиілігін, басымды және рецессивті гомозиготалар мен гетерозиготалардың жиілігін, мутация, оқшаулау және іріктеу әсерінен популяциялардың генетикалық құрылымының динамикасын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс қазіргі заманғы жануарларды өсірудің теориялық негізі болып табылады.
  • Жоғарыда аталған әдістердің әрқайсысының құрамдас бөлігі статистикалық талдау – биометриялық әдіс болып табылады. Генетиканың нақты ғылым ретінде пайда болуы биологиялық құбылыстарды талдауда математика әдістерін қолданудың арқасында мүмкін болды. Г. Мендель будандастырудың нәтижелерін зерттеуге және алынған нәтижелерді түсіндіретін гипотезаларды құруға сандық тәсіл қолданды. Содан бері биологиялық статистика әдістері (биометрия) генетикалық талдаудың ажырамас бөлігі болды. Ол алынған мәліметтердің сенімділік дәрежесін анықтауға, жануарлардың тәжірибелік және бақылау топтарының көрсеткіштері арасындағы айырмашылықтардың ықтималдығын анықтауға мүмкіндік беретін бірқатар математикалық әдістерді білдіреді. Биометриялық әдіс сандық белгілердің тұқым қуалаушылығын зерттеуде, сондай-ақ өзгергіштікті, әсіресе тұқым қуалайтын еместі немесе модификациялықты зерттеуде қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет